«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

ЗЕЙНЕТ АЛДЫНДА ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұлттық жоба бойынша субсидияланған жұмыс орындары құрылады. «Күміс жас» жобасы аға буынға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

36 млн теңге шамасында берешек

Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру бойынша кезекті өңірлік штаб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА САПАСЫЗ ЖЫЛУ МЕН ЖЫЛУ ЖОҒАЛТУ ҮШІН ТӨЛЕГЕН АҚШАСЫН ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті басшылығына тағайындалған Дамир Тоқтамысовқа осындай міндет жүктелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

МЕДАЛЬ СЫҢҒЫРЫ ЕСТІЛЕР ЕМЕС

Қытайда жалауын желбіреткен қысқы Олимпиада ойындары ұлттық құрамамыз үшін сәтсіз басталды. Қазақстандық спортшылардың дені медаль тұрмақ, алғашқы ондыққа да іліге алмай жатыр. Дүбірлі додаға үкілеп қосқан қыз-жігіттеріміз бірінен кейін бірі сүрінуде.

ҚЫРАҒЫ КАПИТАН

Петропавл қалалық полиция бас­қар­масы криминалдық полиция бө­лімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Жасұлан Балдиков жұмыстан кейін үйіне бара жатып, сол маңда жүрген екі жас жігітке көзі түседі. Олар түрі пәтер ұрлығын жа­сағаны үшін іздеуде жүрген адам­дарға ұқсаған. Ақпаратты әріптес­те­ріне жедел хабарлап, өзі күдікті­лер­ді ұстауға кіріскен. Бірақ күдіктілер қарсылық танытып, жасырын­бақшы болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен криминалдық …

ҚЫРАҒЫ КАПИТАН Read More »

ХОР ҰЖЫМЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның залында каме­ралық хордың “Хор…Камера…Мотор..!” атты концерті өтті.

Едені қисық, қабырғада жарықшақ

Осыдан небәрі төрт жыл бұрын ғана пайдалануға берілген әмбебеп тен­нис орталығының қабырғалары мен жабындыларында жарықшақтар пайда болды. Кешен 2018 жылы мем­лекеттік-жекешелік әріптестік аясын­да салынған. Онда жеті корт бар, төр­теуі – жабық. Кенеп төсеніш те тегіс бол­мағандықтан жаттығулар кезінде жарақат алып қалу қаупі де бар.

Сен ерте кеткен өмір бұл!

Ұмытты деймісің?! Әлде ұмытып кетті деп жүр ме екен­сің?! Қайдан ұмытайын! Адам өзінің өткен өмірін ұмыта алар ма екен?! Сол өткен өмірің өзіңнің бала­лық шағың болса ше?! Сен жайында үндемей келгендігімнің сырын өзім ғана, өз жүрегім ғана біледі. Енді айтайын соны. Сен жүрек түпкірінде жат­қан сансыз жарамның бірі едің ғой. Онсыз да жарасы көп сол …

Сен ерте кеткен өмір бұл! Read More »

ТАБЫС КӨЗІ – ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТЕ немесе жол бойындағы ауылдың жайы

Покровка – Мамлютка қаласының іргесінде орналасқан ауыл. Онда байырғы тұрғындармен қа­тар оңтүстік өңірлерден көшіп келген ағайындар тонның ішкі бауындай тату-тәтті тұрып жа­тыр. Петропавл – Қостанай бағытындағы тасжолдың бойындағы елді мекеннің тұрғындары егін егіп, мал бағады. Жеке кәсіппен шұғылданып жатқандар да бар. Облыс орталығы 30 шақырымдай ғана қашықтықта болғандықтан мұндағылардың біразы қалаға қатынап жұмыс істейді.

Мұғалім әдепсіз болса…

Мұғалім – мектептегі басты тұлға саналатындықтан, ісімен, сөзімен, мінез-құлқымен, керек десеңіз, жүріс-тұрысы және киім кию мәнерімен, былайша айтқанда, сыртқы келбетімен де үлгі болуға тиіс. “Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан” демекші, балғындар оларға қарап ой да, бой да түзейді, жақсы өнегеге еліктеп өседі, өздеріне үлгі тұтады. Сондықтан оқушылар бағбаны білім нәрімен сусындатып қана қоймай, жоғары адамгершілік …

Мұғалім әдепсіз болса… Read More »

ӨРГЕ БАСҚАН ӨНДІРІС

Тайынша ауданындағы “Bio operations” зауыты, шошқа кешені мен ет комбинатына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Бұл үш кәсіпорын нарықта сұранысқа ие өнім шығарып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, өткен жылы бюджетке бір миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өндіріс орындарының қуаттылығын әлі арттыру қажет екенін ескертті. Өңіріміздегі озық кәсіпорындарды әкіммен бірге үкіметтік …

ӨРГЕ БАСҚАН ӨНДІРІС Read More »

ТОЗҒАН ҚҰБЫРЛАР – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Айыртау ауданына Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Сәуле Сұрағанова бастаған бір топ депутат барып, көшпелі отырыс өткізді.

Жарна уақтылы төленуі тиіс

Облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

АҒА БУЫН ЕКПЕ АЛУҒА АСЫҒАР ЕМЕС

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанар Мұсақұлова атқарылған істі саралап, 2022 жылы жүзеге асырылатын іс-қимыл жоспарымен бөлісті. Жыл басынан бері 154868 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік сатып алу келісімдері жасалған. Оның 40 миллиарды – Петропавл қаласына, 24 миллиарды – білім беру, 16,8 миллиарды – құрылыс, 9,6 миллиарды …

АҒА БУЫН ЕКПЕ АЛУҒА АСЫҒАР ЕМЕС Read More »

Көктемгі егіске әзірлік

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен көктемгі егіске дайындық жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Жиынға ірі агроқұрылымдардың басшылары мен ауыл шаруашылығы техникаларын, олардың қосалқы бөлшектерін шығарумен және жеткізумен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысып, жауапты науқанға дайындық барысын талқылады.