«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

Есім (Әңгіме)

Егізді Құдай әр адамға бере бермейді. Фати­ма апаның жас келіні Марал егіз қыз туды. Ұлу жылғы қазан айының соңында туған нәресте­лерге әжесі Фатима, Зухра деп ат қойды. Көрші кемпірлер Фатиманы Фатма деп атайды. Оның немере қызына өз есімін бергеніне бәрі тосын таңырқасып қалған. Фатима – үш ұл, төрт қыз­дың ардақты анасы, он екі құрсақ көтерген, …

Есім (Әңгіме) Read More »

Сел боп аққан сезім — күйдің нөсері

Оқырманмен сырласу Ақындықтың жолын аса қумадым, Кемеңгер боп, мен ерекше тумадым. Хас сұлудың ұқсастығы тағы жоқ, Таза ниет, ақ жүрегім-тұмарым. Ғажап сезім жайнайтын күн тұрғаннан, Әуезді әнмен әсерлеген тұрған маң. Отбасымыз шырқайтұғын кештерде, Өлең-жырға әуес болдым туғаннан. Ай нұрланса, күн күлімдер аспаннан, Батылдығым мол, күнім аз жасқанған. Тәрбиесін бойымызға сіңірген, Талант, талап ата-анадан басталған. Сағыныш …

Сел боп аққан сезім — күйдің нөсері Read More »

Таңдаулылар қатарында

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университеті төртінші жыл қатарынан Білім және ғылым ми­нистрлігі мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізе­тін білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысуда. Тәуелсіз баға­лау 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Мәселен, түлектердің жұмысқа орна­ласу деңгейі мен орташа жалақысы, оқытушылар құрамының сапасы, ак­кредиттеу және білім беру бағдар­ламаларының өзектілігі сынды ба­ғыт­тарды қамтиды.

Тегін картоп таратты

Ұзын сары жақындаған сайын тұр­мысы төмен кей отбасыларда азық-түлік қоры азайып, жоқшылық қыспа­ғына алатыны рас. Дәл осындай жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзі­лер шағында ауылдағы жомарт аза­мат­тар өзіндегі барын жұртпен бөлі­сіп жататыны қандай жақсы. Қайы­рым­дылықтың үлгісін көрсетіп жүр­гендердің бірі – Мамлют ауданында картоп егумен айналысатын “Тұмар” шаруашылығының басшысы Ален Дусенов. Жақында ол Мамлютка­дағы аз қамтылған, мүгедек, көпба­ла­лы, …

Тегін картоп таратты Read More »

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІН СЫНҒА АЛДЫ

Өңірде жемқорлықты азайту үшін бір көзден сатып алуды азайту жұмыстары жүргізілуде. Былтыр облыс бойынша мұндай келісімдер 15 пайызға азайған. Бірақ, Петропавл қаласы ескі тәсілден әлі арыла алмауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА 12 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жалпы, былтыр басқармаға 630 сұраным түсіп, оның 11-і кері қайтарылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ТАЙЫНШАДАҒЫ 3 КӘСІПОРЫН 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТӨЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге Тайынша ауданындағы «Bio operations» зауытының, шошқа кешенінің және «EMC agro» ет комбинатында болды. Үш кәсіпорын 2021 жылды оң нәтижемен аяқтап, бюджетке 1 миллиард теңгеге жуық салық пен міндетті төлемдерді аударды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көпқабатты үйлер жөнделуде

Петропавлда мемлекеттік тұр­ғын үй коммуналдық шаруашы­лығын дамытуға арналған “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында ат­қарылатын жұмыстар жалғасуда. Оның аясында қазіргі күні 13 көп­қабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 5 үйге 10 жаңа жеделсаты орна­тылмақ.

ДЕНІ САУ БАЛА — ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Қазақ ежелден сәбидің тәрбие­сінен бөлек, оның денсаулығына құр­сақта жатқан кезден бастап үлкен мән берген ғой. Бүгінде жаңа туған сәби­лерге жасалатын қамқорлық қай дең­гейде? Бұл сұраққа бір сөз­бен жауап бере салуға болмас. Өйт­кені нәресте күтімі барлық отба­сында бірдей деуге тағы болмайды.

“Ұлпан – елдің анасы”

Биыл академик жазушы, көр­кем­сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің ту­ғанына 120 жыл толады. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­пірімдер кітапханасы “Ұлпан – елдің анасы” атты эссе байқауын өткізуді көздеп отыр. Байқауға өңір мектептерінің 9-11 сынып оқушыла­ры қатыса алады.

Мектепке барып оқиды

Үстіміздегі жылғы 14 ақпаннан бастап еліміздегі барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысады.

ҚАР УАҚЫТЫНДА ТАЗАЛАНБАҒАН

Республикалық маңызы бар тасжол­дардың сапасын бақылау мақсатында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” облыстық филиалының өкілдері жыл басынан бері 18 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде кейбір тасжолдарды қар­дан тазалау жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.

ЖОҒАЛҒАН КЕЙУАНА

Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Мәскеу облысынан телефон қоңырауы түскен. Ресей Федерациясынан хабарласқан әйел Тайынша қаласында тұратын 67 жастағы анасының жоғалғаны туралы айт­қан. Оның сөзіне қарағанда, есі кіресілі-шығасылы кейуана Петропавлдағы №3 қалалық ауруханадан кетіп қалған. Бұл жөнінде оған дәрігерлер хабарлапты.

Жүргізуші – ауруханада

Дүйсенбі күні түс ауа Сергеевка қал­асының тұрғыны “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөліктің тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп аударылған. Тексеріс оның мас болғанын анықтады. Жүргі­зуші орталық аудандық ауруханаға жат­қызылды. Кө­лік арнайы тұраққа қо­йыл­ды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бо­йынша әкімші­лік хаттама толтырды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәй­кес жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік …

Жүргізуші – ауруханада Read More »

Алтын санаған аштан өледі

Қай заманда өткені белгісіз, Са­нат есімді үрерге иті жоқ, сіңірі шық­қан қу кедей болыпты. Ол бірде аш­тықтан көзі қарайып, басы ауған жақ­қа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы меңдеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетеді. Арқа­сына аяздай батқан жоқшылық ұйық­таса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, …

Алтын санаған аштан өледі Read More »