«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

“ДІН — ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ”

Ата-бабаларымыз іргелі ел болу жолында уақыттың ұлы көшіне ілесіп, ұлт тұтастығын, халық бірлігі мен берекесін көзінің қарашығындай сақтай білген. Ғасырлар тоғысып, заман алмасқан тұста да алауыздыққа жол бермей, қай ұлтқа болсын құшағын айқара ашып, жомарттық таныта білді. Бүгінде еліміздің дамуына, халқымыздың береке мен бірлігінің кемелденуіне ата дініміздің де қосып отырған үлесі зор. “Қызылжар” орталық мешітінің …

“ДІН — ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ” Read More »

БАРЛЫҒЫ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Қиыр Шығыстың Приморье өлкесінде әскери борышымды өтеп келгеннен кейін 1975 жылдың жазында Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың заң факультетіне құжаттарымды тапсырып, өзім тетелес талапкерлермен бірге емтиханға дайындыққа кірісіп кеттім. Тамыз айы жақындағанда заң факультетіне оқуға түсетіндер емтиханды тек орыс тілінде тапсырады деген хабар дүңк ете түсті. Қазақ мектебін бітірген жастардың естері шығып, не істерлерін білмей сасқалақтап, үйлерімен …

БАРЛЫҒЫ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

Тұрғындарға жағдай жасауымыз керек

Жуырда облыс әкімі Құмар Ақса­қаловтың төрағалық етуімен өткен ауыл шаруашылығы басқармасы мен аг­роқұрылым басшылары қатысқан алқа отырысында өңір басшысы жергі­лікті шаруашылықтар тек өз пай­да­сын ойлап қана қоймай, ауылды көр­кейтуге, ауыл тұрғындарының әлеу­меттік жағдайын жақсарту үшін еңбек етуі қажет екенін қадап айтты. Бұл жиынға мен де қатыстым. Бұл үндеу ауыл шаруашылығы сала­сында еңбек етіп жүрген азаматтардың …

Тұрғындарға жағдай жасауымыз керек Read More »

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ВАГОН ӨНДІРІСІ

Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі – өнеркәсіптік әлеуетімізді арттыру, осы саладағы зор мүмкіндіктерді пайдалану. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің экономикалық бағытын айқындап берді. Ондағы басты талаптардың бірі – өндірілетін тауарлардың түрлерін көбейту, экспорт географиясын кеңейту арқылы 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Сондай-ақ …

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ВАГОН ӨНДІРІСІ Read More »

Атына заты сай

2015 жылдан бастап елімізде “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Заң жүзеге асырылып, халықаралық стандарттарға негізделген оң тәжірибелер қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсендірек қолдану қажеттігін атап көрсеткен болатын.

СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ?

Көңіл-күйлерін сең соққан балықтай әрі-сәрі күйге түсірген мына хабарға сенер-сенбесін білмей аңтарылып қалған газет оқырмандары тиісті орындарға тынымсыз қоңырау шалып, ақиқаттың ақ-қарасын біле алмағандықтан редакцияға хабарласып, мән-жайды анықтап беруді өтінді. Мәселенің мәнісін білмек ниетпен Петропавлдағы Кошуков көшесінің бойында орналасқан білім ошағына келдік. Маңдайшада “№32 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі” деген жазу алыстан менмұндалайды. Бұрыннан көзіміз …

СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ? Read More »

“Qyzyljarnews.kz” қос тілде хабар таратады

Қызылжар өңірі бұқаралық ақпарат құралының қатары тағы толықты. Жаңадан ашылған “Qyzyljarnews.kz” ақпараттық порталы қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын болады.

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР

Тайынша ауданындағы “Bio operations” зауыты, шошқа кешені мен ет комбинатына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ауданда жүзеге асырылып жатқан озық жобалардың жұмысымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері танысты.

Азаматтар табысын арттыру — басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалып, биылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Жиынды ашқан Президент былтыр ел экономикасының 4 пайызға өскенін, бірақ қаңтар оқиғасы біздің өмірімізді түбегейлі басқа арнаға бұрып жібергенін айтты.

Өңірде былтыр өкпе обырынан 93 адам қайтыс болса, 210 адам есепке алынды

Солтүстік Қазақстан облысында өкпенің қатерлі ісігі былтыр жаңадан 210 адамда анықталған. Қазіргі уақытта 400-ге жуық адам дәрігерлердің есебінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“ҚАЗАҚ” ГАЗЕТІ — ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ

Қандай да бір ғылым саласын те­рең тану үшін оның тарихына үңілеті­німіз бекер емес. Өйткені тарихты білмей, бүгінгі межемізді бағалау қиын, ал бүгінімізді бағамдай алма­сақ, онда болашағымызды болжау мүлде мүмкін емес. Алаш баспасөзі тарихында “Қазақ” газетінің орны орасан зор. Сондай-ақ бұл – қазақ жур­налистикасы тарихында аймақтарда тұрақты тілшілер ұстаған тұңғыш басылым. Осы ғылыми тұжырым­дамамыздың шынайылығына көз …

“ҚАЗАҚ” ГАЗЕТІ — ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ Read More »

“Кидім камзол”

Қазақтың ән-қоржынына олжа салған небір дүлдүлдердің шығармалары ғұмырбаяндарынан молынан хабар береді. Мысалы, Ақан серінің, Біржан салдың туындыларын оқып отырып, олардың өмірлері, қилы тағдырлары туралы ақпаратқа қаныққандай боламыз. Бүгінгі мақаламызға арқау болғалы отырған қазақтың ардақты қаламгері Сәкен Сейфуллиннің де аңызға айналған құпиясы мол өмірінің сәулелі, ең налалы сәттері өз шығармаларында, өзіне әрқилы жағдайда рухани демеу, жан …

“Кидім камзол” Read More »

Кітапқа құштар мектеп

PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қазақстан оқушы­лары оқу сауаттылығы жағынан эко­номикалық ынтымақтастық және да­му ұйымына мүше елдеріндегі өз қа­тарластарынан едәуір артта қалып отыр. Осы зерттеудегі ресми дерек­терге сүйенсек, мектеп жасындағы білім алушылардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатынын айтқан. Мен де бұған сабақ беру барысында­ғы өз тәжірибем негізінде де талай рет көз жеткіздім. Оқушылардың әр­түрлі …

Кітапқа құштар мектеп Read More »

ШАҒЫН АУЫЛДАРДЫҢ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕСІ әкімдердің есеп беру кездесулерінде неге айтылмайды?

“Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады, орталыққа жалтақтап жұмыс істейді. Бұл, негізінен, әкімдердің халық алдындағы жауаптылық деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты екендігін мойындаған жөн. Олардың қызметіне баға бергенде өңір тұрғындарының пікірі ескеріле бермейді. Осыған орай барлық …

ШАҒЫН АУЫЛДАРДЫҢ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕСІ әкімдердің есеп беру кездесулерінде неге айтылмайды? Read More »

Оңалту орталығы

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту орталығы бір айдан бері жұмыс істеп келеді. Ерекше балалардың ата-аналарының бастамасымен ашылған орталықта осы уақыт ішінде 30-дан астам балақай терапия курсынан өтті.

Алты аудандағы азаматтарды қабылдау

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов алты ауданның полиция бөлімдерінің жұмысымен танысты. Департамент жетекшісі Мамлют, Жамбыл, Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Қызылжар аудандарының орталықтарында болып, әкімдермен және аудан активімен кездесті. Жеке құраммен кездесулер өткізіп, полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы, елімізде қаңтар айында орын алған оқиғалар аясындағы міндеттерді орындауға қатысты қызметкерлердің даярлығын тексерді.