Зерделі жас – жарқын болашақтың иесі
Бұрын әр ауылда жастардың бет-алысына бағыт-бағдар сілтеп, қадамына жіті назар аударып отыратын бетке ұстар қариялар болушы еді. Сондай ақылгөй ақсақалдардың бүгінде саны сиреп кеткен сыңайлы. Бір ауылды бір өзі аузына қарататын даналарымыз қайда? Олар әділдік үшін шырылдаған жанға қара қылды қақ жарып кесім айтатын. Дүйім жұрт сол кісіден именіп, аяғын аңдап басушы еді. Соның арқасында …