«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

Жеңістің 77 жылдығына орай облыста қайырымдылық сенбіліктерін өткізу жоспарланып отыр

Жеңістің 77 жылдығын тойлау қарсаңында ұйымдастыру комитеті облыс тұрғындарын ардагерлер мен аға буын өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізілетін қайырымдылық сенбіліктері мен акцияларына ат салысуға шақырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері балаларға сыйлық жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті СҚО бойынша департаментінің мамандары Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино балалар үйінде болып, мектепке қажетті компьютер, жаңа аяқкиімдер, тұрмыстық заттар мен дәмді тағамдар тарту етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ағаш шебері

“Оңтүстіктен – Солтүстікке” бағдарламасымен көшіп келгендердің арасында он саусағынан өнер тамған ісімер де, кәсіптің көзін білетін іскер де баршылық. Солардың бірі – Алматы об­лысының Есік қаласынан былтыр жазда теріскейге келген Төрежан Карбозов. Негізгі мамандығы – дене шынықтару пәнінің мұғалімі. Мамлютка қаласындағы мектептерде мамандығы бойынша жұ­мыс болмағаннан кейін іргедегі Воскресеновка ауылына табан тірепті. Өйткені мұнда мал …

Ағаш шебері Read More »

ЗЕРТТЕУШІ ЕҢБЕГІНЕ БЕРІЛГЕН ЖОҒАРЫ БАҒА

Әрбір ұлттың тарихында артына өлмес мұра, өшпес із қалдырып, бүкіл әлемді еріксіз мойындататын, жалпы адамзаттың мақтанышына айналатын тума таланттары, ке­мең­гер ұл-қыздары болады. “Ауы­лымыз аралас, қойымыз қоралас”, малымыз төскейде, басымыз жас­тықта түйіскен көрші Ресейде Александр Пушкин “поэзия пади­шаhы” ретінде қалай дәріптелсе, қазақ елі Абай Құнанбайұлын сондай дәрежеде әспеттейді. Қос тұлғаның классикалық жазба әде­биеттің негізін қалаушы ретінде …

ЗЕРТТЕУШІ ЕҢБЕГІНЕ БЕРІЛГЕН ЖОҒАРЫ БАҒА Read More »

Адам мен табиғат — егіз

Қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту мәселесі өркениетті әлем жұртшылығының басты назарында. Бізге де мұндай үрдістен шет қалуға болмайды. Қазақстанда жер, жер қойнауы, жерүсті және жерасты сулары, атмосфералық ауа, орман мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, тірі организмдердің гендік қоры, табиғи экологиялық жүйелер, климат, жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан өзге де зиянды әсерлерден …

Адам мен табиғат — егіз Read More »

“ҚАРАЛЫ ҮЙДЕ ҚАЗАН АСЫЛМАЙДЫ осыны әр қазақ шынайы өмірде жүзеге асыруы тиіс”

Дәстүрлі айдарымыздың кезекті қонағы – “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков оқырман­дарымыздан түскен сауалдарға жауап берді. Соны назар­ла­рыңызға ұсынып отырмыз.

Петропавлда тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балаларды кезектен алып тастаған

Петропавл прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана беру туралы заңнамасын қаншалықты сақтайтынын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Алтын белгіден» үміткерлер қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады

Биылдан бастап «Алтын белгіден» үміткерлер математика пәні бойынша қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебі базасында тапсырады. Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Қаринова түлектер арасында «Алтын белгі» иегерлерін анықтаудың жаңа тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСҚАН

Біз кешкі бесте Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада кездесуге келіскенбіз. Кешігіп барғаным ұят болар деп, он минуттай ерте жеттім. Іле Тілек Әйтімұлы да келді. Қалта телефоныма қарап едім, сағат тура 17:00-ді көрсетіп тұр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін, “кешігіп келсем, кешірім өтінемін”, – деді. Қайдағы кешігу, швейцар саға­тындай дәлдікті сүйетін ағамыздың қарапайымдылығына тәнті болдым. Баласынбай, өзінен кіші …

АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСҚАН Read More »

ТЫҢ МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстан­дықтарға арнаған биылғы Жолдауы – бұрынғыдан өзгеше. Эко­номиканы басқарудың тиімділігін арттыруға, партиялық жүйе­ні жетілдіруге, заң шығару тетіктерін нығайтуға, медиа саланы дамытуға және еліміздің аумақтық бөлінісіне бағытталған маңызды мәселелер қамтылған.

Бастауыш сынып жабылмайды

“Soltüstık Qazaqstan” газетінің 21 сәуір күнгі санында тұрақты оқырма­нымыз әрі авторымыз, білім беру ісі­нің үздігі Әлия Малдыбаеваның “Жас маман бәсекеге қабілетті ме?” деген мақаласы жарық көрген бола­тын. Саналы ғұмырын Әбу Досмұхам­­бетов атындағы дарынды балалар­ға мамандандырылған гимназия-интернатқа арнаған ардагер ұс­таз ең­бек жолын жаңадан бастаған мамандарға қатысты түйткілді мәсе­лелерді қозғай келіп, өзі қызмет еткен оқу орнындағы келеңсіз …

Бастауыш сынып жабылмайды Read More »

БОЗКІЛЕМДЕ – ПОГОНДЫ БАЛУАНДАР

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай қазақ күресінен Ішкі істер ми­нистрлігі спартакиадасының және “Динамо” дене шынықтыру-спорттық қоғамы спарта­киадасының қорытындысы шығарылды. Екі күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150 погонды балуан алты салмақ дәрежесі бойынша өзара үздіктерді анықтады.

ГАЗБЕН ҚАМТУ – КЕЛЕЛІ МІНДЕТ

Еліміз газ қоры бойынша әлемде – 22-ші, ТМД-да 3-ші орында тұр. Ішкі нарықта газды пайда­ланудың күрт артуына байланысты соңғы бес жылда тұтыну көлемі 35 пайызға көбейген. Болжамға сәйкес, мұндай қарқын осы жылы да сақталмақ. Алайда қолданыстағы кен орындарынан газ өндіру көлемінің ұлғаюына үміт артуға болмайтын сияқты. Қазақстанда өндірілетін ілеспе мұнай газының 80 пайыздан астамы Қарашығанақ, …

ГАЗБЕН ҚАМТУ – КЕЛЕЛІ МІНДЕТ Read More »

Әкеме ұқсағым келмейді…

“Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы жасыл құрақ” деген тіркеспен үшінші сыныпта оқып жүргенде Ана тілі сабағында танысқаным есімде. Ананың мөлдір бұлақ екенін осы күнге дейін сезініп келемін. “Ана” деген құдірет – мен үшін өмірдегі теңдесі жоқ сұлулық, баламасы жоқ тылсым күш! Анам мен үшін не істемеді? Күннің ыстығына күйді, …

Әкеме ұқсағым келмейді… Read More »

СЕМСЕРЛЕСУ – КЕНЖЕ ҚАЛҒАН СПОРТ

Балуандық, мергендік, қы­лыштасу, саятшылық, асауды тізгіндеу – ертеден келе жатқан спорт түрлері. Онсыз көшпенді халықтар қатаң өмір ағынында бәсекеге қабі­летсіз болар еді. Атам заманнан бері жалғасып келе жатқан жауынгерлік өнер, кейін спорттың бір түріне айналған – семсерлесу де бізге жат емес. Бірақ аталған спорт­тың дамуын тежейтін жайт­тар да жетерлік. Жалпы сем­серлесу спортының облысы­мызда дамуы қандай …

СЕМСЕРЛЕСУ – КЕНЖЕ ҚАЛҒАН СПОРТ Read More »