Алаштың аяулы перзенті
Жуырда тұлғатану курсы бойынша Смағұлтануға елеулі үлес қосатын үш жинақ қолымызға тиді. Үшеуін де Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты шығарған. Жинаққа мақалалары енгендер елімізге танымал тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен өлкетанушы, зерттеушілер. Бірінші жинақ – «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» (құжаттар жинағы), екіншісі – 2023 жылы Алматыда болған «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен …