«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

АҚҚУҒА АСПАНДАҒЫ ӘНІН ҚОСҚАН Ақан сері ауылының болашағы бұлыңғыр

Биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі” деп бағасын берген даңқты ақын, сырлы сазгер Ақан сері Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 180 жыл толды. Серінің дүниеге келгеніне екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел оның басынан өткен оқи­ғаларды, әндерінің тарихын ертегі­дей қылып айтады. Сірә, ақын тұлға­сы көзі тірісінде-ақ түрлі …

АҚҚУҒА АСПАНДАҒЫ ӘНІН ҚОСҚАН Ақан сері ауылының болашағы бұлыңғыр Read More »

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛЕР

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса, кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес. Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында “А, Құдайым оңда­сын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!” деп …

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛЕР Read More »

Көне кебіс

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі бағалы жәдігерлердің бірі – кебіс. Оны музей қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғыны Мусинадан (есімі белгісіз) сатып алған. Бұл кебісті 1917 жылы Қарағанды облысына қарасты Жаңарқа елді мекеніндегі ұста Зәкірия Мусинаның ата-анасының тапсырысы бойынша тіккен. Ұста бұл жұмысы үшін бір  түйе алған. Аяқ киімнің қонышы қиғаш кесілген. Бірнеше қабатты, қалың былғарыдан тігілген, өкшесінің ұзындығы …

Көне кебіс Read More »

ШЫНШЫЛ ЖАЗУШЫ

Жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ермек Қонарбаевтың шығармашылығы туралы сыр шерту мен үшін зор сүйініш. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында артына сүбелі әңгімелер мен повестер қалдырып кеткен дарынды жазушы тірі болғанда 85 жастың төріне көтеріліп, өңір қаламгерлерінің ортасында күліп-ойнап, әзіл-қалжыңы мен сазды әнін келістіре айтып, әдебиетсүйер қауымды қуанышқа бөлер еді. Бірақ тағдыр оны елу жасқа …

ШЫНШЫЛ ЖАЗУШЫ Read More »

Танысу

Біздің ауылда жаңалық жасырынып көп жатпайды. Эфирден тараған соңғы хабарларша сағатында құлаққа сіңіп жатады. Сондай күндердің бірінде: – Бізге жұмысшылар кооперациясына жаңа председатель келіпті. Семьясын көшіріп те әкеліпті, – деген лақап дүр ете түсті. Келсе кезінде көрерміз деп, күн сенбі болған соң, моншаға тарттым. Моншаның табалдырығынан аттай бергенімде, еңгезердей бір шал: – А, жақсы келдің, …

Танысу Read More »

Туған жердің төл перзенті

“Ермек сомдаған бейнелер нанымды да шынайы, бедерлі де шымыр болып келеді. Бірін-бірі қайталамайтын, біріне-бірі ұқсамайтын бейнелер. Осы ретте Ермекті бүгінгі ауыл ѳмірінің айнасы десек әбден орынды”, – депті жерлес жазушы Сафуан Шәймерденов қаламгердің “Қас қағым сәт” атты кітабының алғысөзінде. Өзі өмір сүрген қоғамды, боямасыз өмірді, еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін қаз-қалпында қағаз бетіне түсіру үшін барын салған …

Туған жердің төл перзенті Read More »

Бауырмалдық – береке бастауы

Халқымызда бауырмалдық дейтін тамаша қасиет бар. Адамдардың бір-біріне жаны ашып, жәрдем беріп, жылы сөз айтып, қолдау көрсетуі ата-бабаларымыздың күнделікті өмірін­де көрініс тауып жатқан. Сол сияқты дінімізде де бауырмалдық тақырыбына ерекше көңіл бөлінеді. “Мұсылман – мұсылманның бауыры, ол оған ешуақытта тілімен де, қолымен де зиян тигізбейді, ке­леке етпейді, малына, арына сұқ­танбайды”. Бұл иләһи қағида, ис­ламдағы ең …

Бауырмалдық – береке бастауы Read More »

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕН

Жазушы, публицист Әбдірахман Айсарин 1898 жылы бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққұсақ болысы, Шоға ауылында туған. “1916-1918 жылдары Троицк қаласындағы “Уазифа” медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919 ж.) 1919-1921 жылдары Орынборда шығып тұрған “Ұшқын” және “Еңбек туы” газеттерінде әдеби қызметкер, 1921-1922 жылдары Ә.Жангелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын …

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕН Read More »

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы

Облыс орталығында 150 педагогтың басын қосқан “Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы” атты семинар өтті. Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселеге тереңірек үңілу үшін Алматыдан жазушы әрі ағартушы, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген Санжар Керімбай мен сарапшы-психолог Сейілбек Мырзабай арнайы шақырылды. Облыстық білім басқармасы мен “Қазақ тілі” қоғамының облыстық филиалы бірлесе ұйымдастырған шара көне түркі тілдес халықтардың …

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы Read More »

Өртенген өлеңдер

Көңілге қилы ой салар кітап оқу – бала кезімнен қалыптасқан машықдағдыларымның бірі. Соңғы оқыған кітаптарымның бірі – “Өртенген өлеңдер”. Кітап авторы – белгілі баспагер, жазушы Жарылқасын Нұсқабайұлы. Жазушының бұл кітабына әр жылдарда жазылған әңгімелері, ел тағдырына арналған мақалалары, достары, замандастары жайлы естеліктері енгізілген. Ұлы Отан соғысында байтақ елінің бақыты, мейірбан халқының болашағы үшін кеудесін оққа …

Өртенген өлеңдер Read More »

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ

Ұстаз – қадір-қасиеті мол, шексіз жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің, қажымас қайрат пен шалқар шығармашылықтың, үздіксіз іздену мен оқып-үйренудің ада­мы болғандықтан, оған шәкірт тәрбиелеу міндеті жүктелген. “Бәрі де мұғалімнен баста­лады” деген сөз өте орынды айтылған. Ұстаздардың адамгершілігі, сүйіспеншілігі балалардың келе­шекте жеке тұлға болып қалыптасуларына ықпал жасайды. Біздің мектепте жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр …

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ Read More »

АМАНДЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Қазақстанның құрметті журналисі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, марқұм Амандық Жантеміровтің есімі өңірімізге жақсы таныс. Қаламгердің “Жеті атаңды білесің бе?”, “Доктор от Бога”, “Қапсыт (Аткелтір)”, “Қызылжар өңірінің өшпес шежіресі”, “Атақоныс – Ақтомпақ”, “Сағындырған ауылым” кітаптары көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандардың сүйікті туындысына айналған. Жуырда журналистің көзі тірісінде туған жері – Қарақамыс ауылының тарихы туралы жазған …

АМАНДЫҚТЫҢ АМАНАТЫ Read More »

Ұлағат ұясы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім, мәдениет және спортты дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан педагогика факультетінің 45 жылдық мерейтойы аталып өтті. Арнайы ұйымдастырылған кешке факультет ардагерлері, түлектер, әріптестік байланыс орнатқан білім, спорт, мәдениет саласы ұйымдарының өкілдері, оқытушылар және студенттер жиналды. Салтанатты іс-шарада факультеттің жұмысын жандандыруда елеулі еңбек етіп жүрген оқытушылар – Елена Гумель, Алиса …

Ұлағат ұясы Read More »

Жұлдызы жанған Жансая!

Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің мұрындық болуымен өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, балалар музыкалық және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында дарынды жастардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында “Astana-Merey” XIX халықаралық байқауы өткізілді. Аталған додаға республикамыздың әр өңірінен тек арнайы мектептерде білім алған, өнер әлемінде оң-солын таныған жас дарындар …

Жұлдызы жанған Жансая! Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ӘН ЖӘРМЕҢКЕСІ

Артында өшпес із қалдырған еліміздің ардақты әншісі, сал-серілердің падишасы, Арқа ән мектебінің ірі өкілі Ақан серінің 180 жылдығына арналып өткізілген республикалық дәстүрлі әншілер байқауы қорытындыланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен 43 әнші қатысып, екі күн бойы Қызылжар аспанын думанға бөлеп, ән жәрмеңкесінің көркін қыздырған үздіктер талғамы биік жұртшылықтың көзайымына айналды. Байқаудың қорытындысы шыға­рыл­ған гала-концертте осынау игі шараның басы-қасында …

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ӘН ЖӘРМЕҢКЕСІ Read More »

Мағжан және балалар поэзиясы

Алаштың ардақтысы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев өміршең туындылары арқылы қазақ балалар әдебиетінің іргесін қаласуға қомақты үлес қосты. Ол – қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім қауымы, барша жұртшылық үшін таптырмайтын шығармалардың авторы. Ақын көзі тірісінде балаларға арнап арнайы ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. Ақтық демі біткенге дейін ұлтым деп өткен ақынның балаларға арналған …

Мағжан және балалар поэзиясы Read More »

Ақан серінің домбырасы

Ән өнері шырқау шегіне жетіп, қазақ мәдениеті мен өнерінің “алтын ғасыры” аталған ХIХ ғасырдағы сал-серілік мектептің көрнекті өкілі – Ақан серінің домбырасы Алматы төріндегі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында сақтаулы тұр. Саналы ғұмырын Ақан серінің мұрасы мен шығармашылығын түбегейлі зерттеуге арнап, соңына ақтаңгер әнші туралы  ғажайып роман жазып қалдырған белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтің үйінде …

Ақан серінің домбырасы Read More »

Қазақ әнінің падишасы

Биыл қазақтың классикалық музыкасының негізін салушылардың бірі, алтын ғасырдағы ән діңгегі, ұлы композитор, аруақты ақын һәм асқақ әнші Ақан сері Қорамса­ұлының туғанына 180 жыл толды. Серінің серт үстіндегі семсердей ғажайып әндері – асыл мұрамыз. Біз бұған Алаш ардақтысының есімін иеленген облыстық филармонияда өткен Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II республикалық дәстүрлі әншілер байқауында көз жеткіздік. Байқаудың …

Қазақ әнінің падишасы Read More »

Сөз-мұхиттан маржан сүзген

Аспанмен астасқан қайыңдарымен ажарлы, ән-күйімен базарлы, елдің шетіндегі, суық желдің өтіндегі қасиетті Қызылжар – небір дара сайыпқырандарды құндақтаған, сан алуан жүйріктердің томағасын сыпырып бәйгеге қосқан алтын тұғыр. Бұл өлкеден талай-талай ел бастаған көсемдер, от ауызды, орақ тілді шешендер, найзалы батырлар мен намысты ақын-жыраулар шыққан. Қазақ әдебиетінің алтын қазынасын кестелі туындыларымен байытқан Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, …

Сөз-мұхиттан маржан сүзген Read More »

Өңірдегі өнер бәйгесі

Биыл Алаштың ардақтысы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы рухани шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір шоғыры өңір аудандарында өтуде. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығы “Мағжан жыры – мәңгілік” деген атаумен байқау жариялаған болатын. Арнайы құрылған қазылар алқасы аудандарды аралап, ондағы ұжымдардың өнерлері мен жеткен жетістіктерін саралмақ. Сайыстың …

Өңірдегі өнер бәйгесі Read More »