«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ

Ғасырлар тоғысынан, жылжыған жылдар ағысынан  күмбірлеген күйдің  қоңыр үні естіліп келеді. Түсінер түйсік, тыңдар құлақ барда күйдің  керуен көші тұрақсыз жалғаса беретіні анық.  Тарих толқынында қара домбыраның сырлы, шерлі  үнмен сөйлегені  бәрімізге белгілі. Біздің халық небір тар жол, тайғақ кешу, қиын-қыстау заманда да домбырасын қолынан тастамаған. Қуанғанда қуанышын, қайғырғанда жұбанышын домбыра үнімен жеткізіп келген. Қазақ …

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ЕЛІН СҮЙСІНТКЕН

Жылжып өткен жылдар тізбегінде артына еңбекпен із қалдырған аналарымыз  аз емес. Бүгінгі уақыт ағысында қазіргі қазақ қыздарына үлгі қылар  өткен толқынның арасынан еңбек иесін насихаттау кемшін түсіп жатқан жайы бар. Қазіргі  кезде көйлек көмкеріп, кесте тікпек  түгілі ине  ұстайтын аруларымыз көп деп айта алмаймыз. Бұрындары қыздарымыз оттың басы, ошақ қасының қамы ғана емес ұлт тағдырының …

ЕҢБЕКПЕН ЕЛІН СҮЙСІНТКЕН Read More »

Еңбекқор әулет

«Еңбек жолы» өңірлік байқауының «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша жеңімпаз отбасы анықталды. Бұл атаққа «С. М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамында жұмыс істейтін Самковскийлер әулеті лайық деп танылды. Отағасы Виктор Самковский зауыттағы еңбек жолын 1977 жылы №15 цехта 5 санатты  электрик-аспапшы болып  бастады. 1988 жылы  электромонтер саласына   ауысып, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі …

Еңбекқор әулет Read More »

ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰДІРЕТІ

Мерейлі мереке – Конституция күніне арналған шаралардың бірқатары облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылды. Бұл күні руханият ордасына бас сұққандардың қатары қалың. Тұрғындардың бірі кіріп, бірі шығып жатты. Олар суретшілердің қабырғаға қатар-қатар ілінген туындыларын тамашалап, алған әсерлерімен бөлісуде. Көрме “Ботай – ұлы дала мәдениеті” деп аталыпты. Осыдан екі апта бұрын Айыртау ауданындағы “Ботай” мем­ле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұлттық …

ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰДІРЕТІ Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ҚАСІРЕТ

1991 жылдың 29-шы тамызында Қазақстанның сол кездегі Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша еліміз әлем­де ядролық қарудан бас тартқан ал­ғашқы мемлекетке айналды. Бүгін жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкел­ген ядролық жарылыстардың тоқта­тыл­ғанына 32 жыл толып отыр. Десе де, сол күндердің ызғары әлі күнге дейін сезіледі. Қазаққа небір ұлы тұл­ғаларды сыйлаған қасиетті Семей …

ЕСТЕН КЕТПЕС ҚАСІРЕТ Read More »

Қазақтың қайсар қызы

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегі адам түсініп болмайтын небір аумалы-төкпелі оқиғаларға, әлеуметтік қайшылықтарға толы болды. Таптық күрестің ширыққаны соншалық, сеңдей соғылысқан халық не істерлерін білмей қатты дағдарып қалды. Күнкөріс қиындап кетті. Осындай өліара шақта жүрегі елім, жерім деп соққан қазақтың арда ұлдары мен аяулы қыздары саяси сахна төріне көтеріліп, азаматтық белсенділігімен, нақты ұстанымымен, айқын көзқарасымен алмастай …

Қазақтың қайсар қызы Read More »

ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАН АБЫЛАЙ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ашылуына 15 жыл толуына орай “Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы басталмас бұрын меймандар музей алаңындағы Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан кейін кеш қонақтары “Ордасы Ұлы Абылайдың” деген атаумен өткізілген көрмені тамашалады. …

ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАН АБЫЛАЙ Read More »

“БАЙҚАРА” — КИЕЛІ ОРЫН

Түртіп қалсаң, тасы төгіле сыр шертетін қасиетті Қызылжар өңірінде тарихи орындар көптеп кездеседі. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Тарихи мекендердің бірі – “Байқара” ғибадатхана кешені. Бұл нысан Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласының солтүстігінде, Есіл өзенінен батысқа қарай екі шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш қола дәуiрi, ерте темiр ғасыры, ерте …

“БАЙҚАРА” — КИЕЛІ ОРЫН Read More »

Ғашық жүректің сөзі

Елге белгілі ірі тұлғалардың шығармашылығын тек біржақты қарау – сол адамға әрі тарихқа жасалған қиянат болар еді. Ұлы тұлғалардың өмір жолына қарап отырып, бүгінде ел аузында жүрген “Талантты адам қай салада да талантты” деген тәмсілдің растығына көз жеткізе түсемін. Бұл бүгінде күллі қазақ елі пір тұтып, жырын жаттап жүрген Абай Құнанбайұлына да қатысты. Абай – …

Ғашық жүректің сөзі Read More »

Азаттық туын көтерген

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Азаттық туын көтерген ардақты тұлға – Сырым Датұлы” тақырыбында іс-шара өтті. Шараға тарихшы ғалымдар мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Сырым Датұлы – Ресей патша­сы­ның отарлау саясатына қарсы кү­рескен Кіші жүз қазақтары көтерілі­сінің көрнекті басшысы, атақты ба­тыр, әйгілі шешен. Жасынан ел ара­сында “Бала би” атанып кеткен тұл­ға 1753 жылы …

Азаттық туын көтерген Read More »

Қылқалам шеберлері

Облыс орталығында “Сізге ын­тымақ керек!” (“You neet unity”) де­ген атаумен өткізілген көрмеде қа­ламыздың суретшілері жиналған қауымға өз туындыларын ұсынып қана қоймай, оларды сатуға мүм­кіндік алды. Қылқалам шеберлері­нің шығармалары әртүрлі стильдер мен тақырыптар бойынша са­лынған. Сөредегі картиналардың ең арзаны 10 мың теңгеге бағаланды. “Бұл шара петропавлдық суретшілердің өз өнерлерін шыңдауына мүмкіндік береді. Өткен жылғы жобамыз жақсы …

Қылқалам шеберлері Read More »

ӘР СӨЗІ — ӨСИЕТ

Кез келген тарихи тұлғаның қайраткерлік, адами болмы­сы болашақ ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына өзіндік әсерін тигізері сөзсіз. Дауылпаз Қо­жаберген бабамыздың батырлық, жыраулық, тарихи тұл­ғасы рухани сана қалыптастыруыма ерекше ықпал етті. Мен бастауыш сыныпта оқып жүр­генде-ақ аңыз-ертегілер мен батырлар жырын қызыға оқи бас­тадым. Елін, жерін, ұлтын қорғау жолында жан алысып, жан беріс­кен батыр бабаларымыздың есі­мін ардақтау үшін …

ӘР СӨЗІ — ӨСИЕТ Read More »

Етікші

Есін білгелі көріп келе жатқаны табан мен ұлтарақ. Дене болмысы да кәсібіне икемделіп қалған: жауы­рыны еңкіш тартып, мойыны төменге қарай иіліп отырады, басының иы­ғынан жоғары көтеріле қоюы да тым сирек. Қыл тектес қалың қасына дейін төменге қарай қайырылып өсіп, кірпігіне жалғасқан. Мұрынын пысылдатып тартқыштай береді. Үне­мі төменге қарап отырғандықтан мұ­рынына өзі мидың артық сұйығы деп …

Етікші Read More »

Бағзыдан жеткен бай мұра

Халқымыздың тарихында жазба деректерден гөрі ауызша деректердің басымдылығы баршамызға мәлім. Өткен ғасырда тарих ғылымы саласында француз ғалымдарының алға кеткендігін білеміз. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Люсьен Февр тарихи зерттеулерде “жазбаша дерек жоқ болған жағдайда ауызша деректерді пайдалануға болатындығын” атап көрсеткен. 2012 жылы Астана қаласында тарихшылар жиынында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Марат Тажин …

Бағзыдан жеткен бай мұра Read More »

Алаш туы астында…

1917 жылдың 13-ші желтоқсанында Алаш автономиясының үкіметі – “Алаш Орда” құрылды. Оның құрамына қазақтың арда перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сынды зиялы қауым өкілдері кірді. Олардың көздеген мақсаттары қазақ-қырғыз автономиясын жариялап, милиция құру, елді сақтап, халықты большевиктердің езгісінен босату болатын. Еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат еткендердің ішінде солтүстікқазақстандықтар да болды. Алаш Ордаға …

Алаш туы астында… Read More »

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ

Айтыс – киелі өнер. Өңірімізде осынау сөз додасының өріс алуына өзіндік үлесін қосып жүргендерді көп деп айта алмаймыз. Солардың бірі жиырма жылға жуық уақыттан бері сахнада жүрген Жұмабек Рахимов. Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі жуырда “Құлагер шабыт – сері Ақан” атты республикалық айтыста топ жарып, бас бәйгені жеңіп алған болатын. Өнерпаздың қуанышына құтты болсын …

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ Read More »

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ

Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұлттық бірегейлікті нығайту, “Ботай қонысы” археология­лық ескерткішін танымал ету, мәде­ни туризмді дамыту, жастар арасын­да шығармашылық және еңбек мә­дениетін ілгерілету мақсатында “Botaı – Uly dala mádenıetі” II Халықа­ра­лық симпозиумы өтуде. Симпозиумға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақ­станнан 20 суретші қатысып жатыр. Қылқалам шеберлері ұлы дала мә­дениетімен, …

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ Read More »

Зар заман қасіреті

Биыл дауылпаз жырау, атақты қолбасшы Қожаберген Толыбай­ұлының туғанына 360 және тарихи тұлғаның қазақ елі тарихында “Ақта­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама” де­ген атаумен қалған заманды сурет­теген “Елім-ай” дастанының жазыл­ға­нына 300 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры көрермендер назарына “Дауылпаз баба – Қожаберген” атты қойылымды ұсынды. Бұл жолы спектакль театрдың …

Зар заман қасіреті Read More »

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ

Киелі Тәуелсіздік жолында ұлтымыз сан ғасырлар бойы небір қилы кезеңдер мен азапты күндерді басынан өткерді. Азаттық үшін қазақтың талай қабырғалы ерлері алтын бастарын бәйгеге тігіп, жандарын құрбан етті. Ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен күреске толы сол ғасырлар әлдеқашан тарихтың терең қойнауына аттанды. Бүгінде еліміз соның бәрін терең күрсініспен, ауыр қайғымен еске алады. …

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ Read More »

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ

15 тамыз – Халықаралық археологтар күніне орай Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы “Ботай мәдениетінің мұралары – әлемдік археологияның жауһары” тақырыбында республикалық далалық семинар өткізді. Семинарға еліміздің және шетелдердің  археологтары, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, тарихшылар мен мұғалімдер қатысты. Семинар барысында қатысушылар Ботай және Красный Яр қоныстарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен, сонымен қатар …

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ Read More »