“Ақтабан шұбырынды” дәуірінің көркем шежіресі
Қожаберген жырау (1663-1763 ж.) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына араласқан атақты жорықшы жырау, оның болмысына, маңдайына, тағдырына Жаратқан ие алуан-алуан озық та озат өлшеусіз қабілеттер дарытқан. Ол – Әз Тәукенің кеңесшісі, әскербасы, тайпа көсемі, саясаткер, баһадүр, би, соғыс өнерінің майталманы. Жастайынан Самарқан пен Бұхарада мұсылманша терең білім алған, араб-парсы, шағатай тілдерін жақсы білген білімдар, сұңғыла саясаткер, шежіреші, …