КЕНЕПТЕГІ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІ
Түбі бір түркі халықтарының арасындағы мәдени байланысты нығайтып, шекарасыз өнер кеңістігіне жол ашуға осы елдердегі шығармашылық орта зор үлес қосып келеді. Өңірімізге келген татар суретшісі Арыслан Ибрагимов қызылжарлықтарға арнап көрме өткізді. Екі аптаға жуық қаладағы арт-орталықтың көркін келтірген көрмені тамашалауға жиналғандар көп болды. Суретші қылқаламынан туған 15 туындысының басын қосып, оған “Көшпелі көрме” деген атау …