«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

“Бұйырса шырақ сөнбес, ұзақ жанар”

Бүгін ұлылар мекені атанған қасиетті Қызылжарда ұлтымыздың ұлы ақыны, бүкіл түрік дүниесі танып, ақындығын мойындаған Мағжан Жұмабаевтың мерейтойын атап өтуге асу-асу белдерден асып, алыстан ат терлетіп жетуіміздің мән-мағынасы те­реңде жатыр. Арманда кеткен асылды ардақтап, рухына бас иіп, мәңгілік творчествосын әлі де оқып-біліп үйренуге ұмтылуымыздың бір парасы осы жиында айтылады деген ізгі үмітпен келдік. Халқымыздың аузында …

“Бұйырса шырақ сөнбес, ұзақ жанар” Read More »

Сарқылмас қазына

Биыл туғанына 130 жыл толып отыр­ған ұлы ақынымыз Мағжан – қа­зақ поэзиясының шолпан жұлдызы. Ұлы Мұхтар Әуезовтің сонау 1923 жылы былай деп жазғаны бар: “Мағ­жан – мәдениеті зор ақын. Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан бас­қамыздың бәріміздікі …

Сарқылмас қазына Read More »

“КӨКТЕ КҮНМІН, КӨПКЕ НҰРЫМ ШАШАМЫН”

ХХ ғасырдың алғашқы ширегі – қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл түркі әлемі әдебиетінде әртүрлі идео­логиялардың ықпалымен со­циа­листік тақырыптардың қарқын­ды түрде орын алған кезеңі. 1905 жыл­ғы Ресей конституциялық мо­нар­хиясы­нан кейін пайда болған са­лыстыр­ма­лы еркіндік ортасы пат­ша­лық Ресей билігіндегі түркі ха­лық­тарының сая­си және әдеби тұр­ғыдан да жаңа дә­уірге қадам ба­суына мүмкіндік берді. Патша үкіме­тінің қысымы азайған кезде …

“КӨКТЕ КҮНМІН, КӨПКЕ НҰРЫМ ШАШАМЫН” Read More »

Алаштың жарық жұлдызы

Замана көші жылжыған сайын кезінде дүниені дүр сілкіндірген ғаламат оқиғалардың да ақырындап ізі өше бастайды. Сондай-ақ сол оқиғалардың бел ортасында жүрген тарихи тұлғалардың да аты ұмытылуға айналып немесе бір кездегі халықтық салмағы жеңіл тартып, қоғамдық аренадан төмен түсіп, сырғи бастайтыны байқалады. Бірақ уақыт сынына төтеп бере алатын, көмескі тартпақ түгілі, жылдан-жылға, күннен-күнге бейнесі жарқырай түсетін, …

Алаштың жарық жұлдызы Read More »

Мағжан мен Марғұлан

Мағжан Жұмабаев пен Әлкей Марғұланның қарым-қатынасының кейбір тұстары бізге беймәлім. 2018 жылы шыққан Мағжан Жұмабаев энциклопедиясында (бас редакторы Жарасбай Сүлейменов) “М.Жұмабаев абақтыға қамалғанда Ә.Марғұлан оған тамақ жеткізіп, сонымен қатар ақынның жары Зылиқаға да жәрдемдескен. Ұлы ақын 2-ші рет ұсталғанда: “Маған досым әрі жанашырым Әлкей Марғұланов келіп тұрды”, – ол “шизофрениямен ауырып, психологиялық ауруханаға түскенін” тергеушілерге …

Мағжан мен Марғұлан Read More »

ЖҮРЕГІНДЕ ЕЛДІҢ ОТ БОП МАЗДАҒАН

Тек Қызылжар жұртын ғана емес, барша қазақ елін дүбірге бөлеген Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы ақынның туған өлкесінде ерекше аталып өтілуде. Мерейлі күнге орай қазақтың қабырғалы қаламгерлері мен қаламы қуатты ғалымдарының басы облыс орталығында түйісті. Олар “Мағжан Жұмабай – Тұран өркениеті мен Алаш идеясының ұлы жыршысы” атты халықаралық конференцияда бас қосты. Шара қонақтары, ең алдымен, …

ЖҮРЕГІНДЕ ЕЛДІҢ ОТ БОП МАЗДАҒАН Read More »

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ

Алты Алаштың ақиық ақыны, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өңірімізде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтуде. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық сазды-драма театрының жаңа ғимаратында ұйымдастырылған халықаралық ақындар айтысына “Тұранның тұғырлы тұлғасы” деген айдар тағылды. Өңір тұрғындары жыр барымтасына асыға жетті. Қалың көрермен театр ғимаратына симай, ақындардың өнеріне тік тұрып, қол соқты. Айтысқа Монголия, Қытай, Қырғызстан, …

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ Read More »

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ: “МАҒЖАН ӘЛЕМІНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ – КЕЙІНГІЛЕРГЕ ПАРЫЗ”

– Жарасбай Қабдоллаұлы, бүгінде өңіріміз, тіпті еліміз десек те болады, қазақтың ақиық ақы­ны, жерлесіміз Мағжан Жұмабаев­тың 130 жылдығын атап өтуде. Осы айтулы оқиға қарсаңында өзіңіздің басшылығыңызбен шығып келе жатқан “Мағжан” журналы туралы әңгімелессем бе деп едім. Алайда осы тақырыпқа ойыспас бұрын, жалпы сіз Мағжан әлеміне қалай келдіңіз? Ұлы ақынның өмірі мен шығар­ма­шылығы сізді несімен баурады? …

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ: “МАҒЖАН ӘЛЕМІНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ – КЕЙІНГІЛЕРГЕ ПАРЫЗ” Read More »

КӨШПЕНДІЛЕР ТАРИХЫ

Біз қазір Жаңа Қазақстан құру жолындамыз. Ол үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың тәрбиесін мықтап қолға алу керек. Тәрбиенің негізі – кітапта жатқанын ұғыну маңызды. Жақында Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын “Көшпенділер” атты тарихи эпопеясын тағы бір мәрте оқып шықтым. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде қызмет еткендіктен де, қазақтың ең ұлы хандарының бірі – Абылайдың ғұмырдариясын …

КӨШПЕНДІЛЕР ТАРИХЫ Read More »

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Ұлт мақтанышы, Алаштың ардақ­тысы Мағжан Жұмабаевтың ту­ғанына 130 жыл толуына орай өңір­дегі мәдени нысандарда түрлі ша­ралар өткізілуде. Облыс орталығын­дағы музей, кітапханалар жыл басынан бері ақын мерейтойына үн қосып келеді. Сәбит Мұқанов атын­дағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханада ақын шығармашылы­ғына арналған тікелей эфирлер, бай­қау­лар, танымдық сабақтар, экс­курсия­лар ұйымдастырылды. “Біздің Мағ­жан” көрмесін жарты жылда қала тұр­ғындары мен мектеп, колледж …

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ Read More »

ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕС АҚЫН

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінде жерлесіміз, халық ақыны, айтыскер, импровизатор, саналы ғұмырының біраз жылын орман шаруашылығы саласына арнаған Ахметжан Нұртазиннің туғанына 115 жыл толуына орай “Ақ қайыңдар жыршысы” атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері табиғатпен үндес ақынның өмірі мен шығармашылығына терең бойлады. Сазгер, тіл жанашыры Дәстен Баймұқанов Ахметжан Нұртазиннің ақындық қырына жан-жақты …

ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕС АҚЫН Read More »

“Алуаның” тартуы

Сәбит Мұқанов атындағы облыс­тық қазақ сазды-драма театрының “Алуа” халық би ансамблі есеп беру концертін өткізді. Өрендер мың бұрала би билеп, өз өнерлерін жиналған қауымға паш етті. – Би ансамблінің репертуарында заманауи, халықтық және балалар билері бар. Бұл ұжымның құрылғанына биыл 13 жыл толды. Бишілерді 4 жас­тан бастап даярлаймыз. Талантты жастар биден бөлек актерлік шебер­лік және …

“Алуаның” тартуы Read More »

Бай мұрамызды би арқылы дәріптеді

Жергілікті “Туған жер” би ан­самблі Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласында өткен халықаралық би фестиваліне қатысып қайтты. Ко­реядағы ең танымал Хауэндэ жаға­жайында би билеп, ерекше әсер алған жерлестеріміз өз қуанышта­ры­мен бөлісті. – Бұл өте қызықты сапар болды. Маған қатты ұнады. Өзге ұлттың бишілерімен өнер жайлы емен-жарқын әңгімелестік. Олар өз тәжі­рибелері мен жеткен жетістіктері туралы айтып берді. …

Бай мұрамызды би арқылы дәріптеді Read More »

АЛТЫН ҒАСЫРДЫҢ ӘН ДІҢГЕГІ

Биыл атақты әнші, композитор, ақын Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толады. Алты Алашты әнімен тербеген дауылпаз тұлға Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Бабамыздың ғұмырдариясына терең бойласақ, оның жастайынан білімге, өнерге құштар болғанын, әуелі ауылдан, кейін Қызылжардағы Уәли молдадан білім алғанын білеміз. Ақан серінің әр шығармасынан өмір жолының қалай өрілгенін бай­қауға болады. …

АЛТЫН ҒАСЫРДЫҢ ӘН ДІҢГЕГІ Read More »

Мағжанның жыры — болашаққа жетер сөз

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының “Мағжан соты” спектаклі – көрермен­нің көзайымына айналған туынды. 2008 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай сахналанған қойылымға биыл 15 жыл толып отыр. Биыл ақиық ақынның мерейтойына орай театр ұжымы өңіріміздің аудандарын аралап, ауылдағы ағайынға “Мағжан соты” спектаклін ұсынды. Спектакльдің авторы және қою­шы режиссері – Қазақ КСР-нің еңбек …

Мағжанның жыры — болашаққа жетер сөз Read More »

Сөнбейтін шырақ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Алаштың жарық жұлдызы” деген атаумен ұйымдастырылған әдеби кеш қазақтың ардақты перзенті, ұлт қамын жеген ұлыларымыздың көш басында тұрған алдаспан тұлға Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орайластырылды. Шараға жиналған қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен әдебиетке әуес жастар Алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығына терең бойлады. “Тәуелсіздіктің таң самалымен …

Сөнбейтін шырақ Read More »

Жат ағымнан жақсылық күтпе

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада діни экстремизмнің алдын алу тақырыбына арналған семинар өтті. Тура жолдан адасып, жат ағымның жетегінде кеткендер – қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны белгілі. Ал діни сауаты төмен жандардың санасы уаланбау үшін интернет желісінен жат ағымдарды насихаттаған 50 мыңнан астам материал жойылыпты. – Біздің негізгі міндетіміз – экстремизмнің алдын алу. Талдау, зерделеу …

Жат ағымнан жақсылық күтпе Read More »

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЙЫЛЫМ

Облыстық қуыршақ театры 33-ші маусымның шымылдығын жапты. Өнерпаздар кішкентай көрермендерге орыс жазушысы Давид Самайловтың “Етік киген мысық” ертегісін ұсынды. Бұл – көңілді музыкалық қойылым. Спектакль осы уақытқа дейін бір­неше мәрте сахналанған. Көрер­меннің қызығушылығын оятқан ак­терлер шымылдықты осы ертегімен жабуды жөн көріпті. Бұл ұжымда жұмыс істеп жүрге­ніне 6 жыл болған Юлия Высотина кішкентай балақайларға көтеріңкі көңіл …

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЙЫЛЫМ Read More »

Айтыстың ақтаңгері

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жер­ле­сіміз, атақты ақын, әнші, ұстаз Игі­бай Әлібаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған “Айтыстың ақтаң­гері” атты әдеби-сазды кеш өтті. Ша­раға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, сту­дент­тер, “Қаламгер” клубының мү­шелері, кітапхана оқырмандары қа­тысты. Алғашқы болып сөз сөйлеген ар­дагер ұстаз Қарақат Шалабаев Игі­бай Әлібаевтың өмір жолына, ән­шілік өнеріне жан-жақты тоқтала келе, оның …

Айтыстың ақтаңгері Read More »

Өмір – аманат

Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгі амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның “Мүлік” сүресінің 2-аятын­да: “Ол сондай Алла, қайсы­ла­рың жақсырақ амал жасайтын­дарың­ды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты”, – деп айтқан. Адам ғұмыры ізгілікке толы әрі ұзақ …

Өмір – аманат Read More »