«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

Бақылау болса, жұмыс өнімді

“Amanat” партиясы облыстық фи­лиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы қызметін күн­тіз­белік жұмыс жоспарына сәйкес үйлестіруде. 13 аудандық фи­лиалға бағынысты құрылымдар да осы үрдісте қызмет ете отырып, жыл ба­сынан бері 87 отырыс өткізді. Оның қорытындысы бойынша 372 ұсыным әзірленіп, бүгінге дейін 79 пайызы орындалды. Талдау көрсет­кендей, сапалы ауызсумен қамту, жол­дарды қалпына келтіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа …

Бақылау болса, жұмыс өнімді Read More »

АЖАРЛАНҒАН АУЫЛДАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығынан шалғай орналасқан Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға жұмыс сапары барысында ауылдарды аралап, жұртшылықпен кездесті. Ғауез Торсанұлы алдымен Айыртау ауданы Лобаново елді мекенінде “Денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген жаңа дәрігерлік амбулаторияға соқты. Бұған дейін емдеу мекемесі апатты деп танылып, шаруашылықтың бір ғимаратын жалдап келген болатын. Аудандық …

АЖАРЛАНҒАН АУЫЛДАР Read More »

“46 АУЫЛДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ САЛЫНАДЫ”

Денсаулық – басты байлық. Ауырған адамға ешқандай дүниенің керегі жоқ. Мұндайда жанына дәру, ажалға араша болатын дәрігер қажет. Еліміз енді тәуелсіздік алған жылдары медицина ескі құрал-жабдықпен қалып, кадр жетіспеушілігі мәселесін бастан өткерді. Араға жылдар салып еңсесін тіктеген денсаулық сақтау саласында бүгінде жетістік көп. “Tıkelei bailanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар …

“46 АУЫЛДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ САЛЫНАДЫ” Read More »

Электрондық сот

Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын сотта қорғауда мүмкіндіктері мол. Соның бірі – мейлінше ашықтықты және қолжетімділікті жан-жақты қарастыратын жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялардың енгізілуі. Мұндай тың өзгерістер сот төрелігін қамтамасыз етудің барлық кезеңін, яғни сотқа құжат тапсырудан бастап шешім мен атқару парағын қолға алған уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Оның бір мысалына қолданыстағы негізгі құрал …

Электрондық сот Read More »

Қазақша ақпараттың үлесі артты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандықтың па­рызы екенін айтқан болатын. Елі­мізде ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Уақыт өткен сайын ұлттық білім ошақта­рының саны көбейіп келеді. Ана тілімізді арымызға бала­сақ, оның мәр­тебесін көтеру, қоғам­дық қаты­нас­тардың барлық сала­сында қол­данылу аясын кеңейту, іс қағаз­дарын мемлекеттік тілде жүргі­зу – өте …

Қазақша ақпараттың үлесі артты Read More »

ЖОЛАУШЫҒА ҚАЖЕТІ — ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Көлік министрі Марат Қарабаев облысқа жұмыс сапарымен келіп, кө­лік инфрақұрылымының жағ­дайы­мен танысып, бірқатар нысан­дарды аралады. Салалық ведомство басшысы алдымен С.Мұқанов атындағы об­лыс­тық ғылыми-әмбебап кітапхана­да жұртшылықпен кездесіп, олар­дың тарапынан қойылған көкейкесті сауалдарға жауап берді. Жиынға ав­то­мобиль жолдары, темір жол және су көлігі, азаматтық авиация, ав­то­мобиль көлігі және көліктік ба­қылау комитеттерінің, “ҚазАв­тоЖол” ҰК, Жол активтері ұлттық ор­талығының …

ЖОЛАУШЫҒА ҚАЖЕТІ — ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ Read More »

Мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы

Оқушылар сарайында “Amanat” партиясы депутаттарының алғашқы форумы өтті. Шараға жиылғандар партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыру мәселелерін, депутаттық фракциялардың жұмысын талқылады. Жиынға барлық деңгейдегі депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының, жергілікті атқарушы орган­дардың өкілдері жиналды. Сонымен қатар шараға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода қатысып, сөз сөйледі. …

Мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы Read More »

Береке басы – бірлікте

Тәуелсіз Қазақстанның басты же­тістігі – тұрақтылық пен келісім. Бір шаңырақ астына түрлі этнос өкілдері бірігіп, тату-тәтті, ынтымақ­та өмір сүріп жатқанын әр қазақ­стандық мақтан етері сөзсіз. Бірлігі­мізді нығайтуға қызмет етуді басты мақсат, негізгі мін­дет деп санайтын Қазақстан халқы Ас­самблеясының атқарып отырған жұмысы ұлан-ғайыр десе де болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақты­лық, даму” атты ХХХІІ …

Береке басы – бірлікте Read More »

ӘДІЛДІК, ИНКЛЮЗИВТІК ЖӘНЕ ҮНЕМШІЛДІК – НЕГІЗГІ БАҒЫТЫМЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “озық ой мен әділдіктің, бірлік пен ілгерілеудің партиясы” деп баға берген “Amanat” саяси ұйы­мы араласпайтын сала бүгінде кем­де-кем. Мен оны өз тәжірибемнен жақсы білемін. Осыдан 24 жыл бұ­рын іргетасы қаланған бұл саяси ұйым­ның осы уақыт аралығында еліміздегі ең басты партияға айнал­ғанын, халықты ортақ мақсатқа жұ­мылдырудағы рөлінің жоғары екенін ешкім жоққа шығара …

ӘДІЛДІК, ИНКЛЮЗИВТІК ЖӘНЕ ҮНЕМШІЛДІК – НЕГІЗГІ БАҒЫТЫМЫЗ Read More »

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Дек­ларациясына сәйкес Жоғарғы Кеңес Президиумы 1991 жылғы 6 жел­тоқ­санда “Қазақ КСР прокуратура ор­гандарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы” қаулы қа­былдап, саланың құрылымы мен қыз­метіне бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Кейін, яғни Бас Прокурор­дың 2004 жылғы 25 ақпандағы бұй­рығымен бұл күн “Прокуратура органдарының құрылған күні” деп белгіленді. …

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ Read More »

МІНДЕТ – ЕУРАЗИЯДАҒЫ БАСТЫ АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ

Біз – аграрлық елміз. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға қуаты да, мүмкіншілігі де жеткілікті. Бұл саланы дамыту ел экономикасының нығаюына, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, тұрғындарды жұмыспен қамтудың, тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, ауқымды жоспарлар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев …

МІНДЕТ – ЕУРАЗИЯДАҒЫ БАСТЫ АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ Read More »

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

26 қарашада өңіріміздің бірқа­тар елді ме­кендерінде әкім сайлауы өтті. Маңызды саяси науқан Есіл ауданының Николаевка ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғын­дар бұл лауазымға үміткер ретінде тіркелген екі адамға дауыс берді. Кандидаттардың есімі тұрғындарға жақсы таныс. Олар тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Сайлауалды бағ­дарламаларына елді мекеннің түйткілді мәселелерін енгізіп, оларды шешу жолдарын қарастырыпты. Бұл сайлау ауылдық …

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ Read More »

Келісімді сақтау – ортақ мақсат

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бейбітшілік және келісім жолымен” атты экспедициясы өңірімізге келді. Достық үйінде экспедиция мүшелері мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері “дөңгелек үстел” басына жиналды.  Жиында жаңа Қазақстанды дамыту және этносаралық жанжалдардың алдын алу сияқты мәселелер талқыланды. Бірнеше жылдан бері елімізде “Бейбітшілік және келісім жолымен” республикалық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – Қазақстан халқының …

Келісімді сақтау – ортақ мақсат Read More »

Сандық статистика

Ұлттық статистика бюросы “Demo day” іс-шарасын өткізіп, цифрлық трансформацияның нәтижелерін таныстыр­ды. Бюро жоспарлаған цифрлық трансформация портфелі 71 жобадан тұрады. Бұл межелі міндеттің 23-і биыл орындалса, басқа жобалар 2026 жылға дейін толық іске асады деп жоспарлануда. Мұнда цифрландырудың негіз­гі жобаларының бірі – цифрлық ста­тистикалық тіркелімдер. Транс­формацияның алғашқы жылында білім беру, денсаулық сақтау жəне ауыл шаруашылығы салаларында …

Сандық статистика Read More »

Жемқорлық деңгейі төмен

Өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов келді. Ол қоғам, бизнес, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Алқалы жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл күні сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер талқыға түсті. Биыл мемлекет тарапынан ша­ғын және орта бизнесті қолдауға 81,2 млрд. теңге бөлінген. Бұдан бас­қа …

Жемқорлық деңгейі төмен Read More »

Экстремистік әрекеттер – үлкен қатер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің басшыларымен кездесуде экстремизмге қарсы күреске байланысты нақты шаралар үйлесімді, бірлескен түрде жүргізілуі қажеттігін атап көрсеткен болатын. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ сьезінде сөйлеген сөзінде экстремизм мен терроризм күрделі мәселелер және өте қауіпті болып қала беретінін, бүгінгі қиын кезеңде діни көшбасшылардың бір үстел басында бас қосуы арқылы адамзаттық ортақ пікірге …

Экстремистік әрекеттер – үлкен қатер Read More »

Анықтама алудың жедел жолдары

Бүгінгі күнде үш мемлекеттік қызметті оңайлатылған және жеделдетілген жол арқылы порталдан алу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Мәселен, “Соттылықтың болуы, не болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру  портал арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтарға сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді.  Қызметтерді оңтайландыру аясында …

Анықтама алудың жедел жолдары Read More »

ОМБЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форумда өңір басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесіп, шекаралас екі облыс арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Ал “Хлебпром” компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен өткізген кездесуде “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде әңгімелесті. – Форум екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, …

ОМБЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

Құмар ойынмен күрес

Құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығынан екі есе асып түсті. Қазіргі уақытта 350 мыңнан астам қазақстандық осындай ойындарға тәуелді. Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері “AMANAT” партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды. Өңірлердегі партия мүшелері шараға онлайн режімінде қатысты. Сөз басында Мәжіліс спикері, “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошанов лудомания адам тағдырына …

Құмар ойынмен күрес Read More »

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ — ПАРЫЗ

5 қарашада елімізде алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Өңіріміздегі Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының тұрғындары өз таңдауларын жасады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен Мамлют аудандық активімен кездесіп, өңір тарихындағы алғашқы әйел әкімді таныстырды. Сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Елена Степаненкоға бірқатар міндеттер жүктеді. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының саны …

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ — ПАРЫЗ Read More »