«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде жарық көретін “Известия” газетіне сұхбат берді. Екі мемлекет арасындағы достық байланысты одан әрі дамыту жайы сөз болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте …

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Read More »

Достық пен бірліктің символы

Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің халықаралық беделін арттырудағы, тұрақтылық пен ішкі бірлігін нығайтудағы ықпалы өте зор. Әлеуметтік, этникалық және діни тұрақтылықты сақтау біздің еліміздің айтулы жетістігі болып табылады. Этносаралық келісім мәселелері мемлекет пен қоғамның басты назарында. Ассамблея этносаралық келісім мен ел бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етуде. Бұл бірегей институт мемлекеттік органдарға …

Достық пен бірліктің символы Read More »

Бабалар өсиетін орындау – басты парыз

Бас қаламызда түбі бір түркі жұрты ғана емес, төрткүл дүние назар аударған басқосу болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінде ел президенті түркі интеграциясының тамырын тереңдетіп, бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеуге қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салды. “Түркі дәуірі!” ұранымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараның маңыздылығы да осында – бауырлас халықтардың болашаққа деген …

Бабалар өсиетін орындау – басты парыз Read More »

ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасы жұмысының негізгі бағыттары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат­тарды пайдалы қоғамдық еңбекке тарту, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүге­дектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша көмек көрсету болып табылады. Сондай-ақ ве­домстволық бағынысты 10 мекеменің (9 медициналық-әлеуметтік ұйым және еңбек мобильдігі орталығы) қыз­метін …

ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР Read More »

Ізгі достық

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жол­дауында әрбір азаматымыз, әсіре­се, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіру қажеттігін алға тар­тып, әркім отаншыл, білімпаз, ең­бекқор, адал, әділ, үнемшіл әрі жа­на­шыр болса, алынбайтын асу жоқтығын ескертті. Қазақстан – жалғыз Отанымыз. Оның іргесінің берік, ке­регесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір азаматты осы қасиетті парыздарды …

Ізгі достық Read More »

Қазақша үйрететін тегін курс

“AMANAT” партиясының “Жас­тар рухы” жастар қанаты “Менің елім – менің тілім” республикалық жоба­сы аясында “Сөйле” тілдесу клу­бы­ның жұмысын қайта жандандырды. Оның аясында қазақ тілі тегін үй­ретілмек. Жобаның негізгі мақсаты – қаты­сушылардың қазақ тілін тез арада үйренуіне жағдай жасау. Облыс ор­талығында “Сөйле” тілдесу клубы­ның сабақтары сейсенбі және жұма күндері Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар жасөспірімдер кі­тапханасының …

Қазақша үйрететін тегін курс Read More »

Дауды балама жолмен реттеу

Медиация дегеніміз – істің нә­ти­жесіне мүдделі емес, тәуелсіз, бей­тарап үшінші нысанның қаты­суы­мен өтетін дауды балама рет­теу. Бұл маңызды институтты өр­ке­ниет­ті елдер әлдеқашан мо­йын­дап, тиім­ділігіне көз жеткіз­ген. Түрлі се­бептермен туындап жататын жан­жалдарды, келіс­пеу­шіліктерді тату­ластыру арқы­лы шешуді көздейтін медиация­ның елімізде қолданысқа енгі­зілгеніне он жылдан асты. Осы уақыт аралығында медиа­ция қыз­ме­тіне жүгінушілер қатарының арт­қаны байқалады. Ол оңайлық­пен келген …

Дауды балама жолмен реттеу Read More »

ЕҢСЕРЕ БІЛСЕК, ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН

Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің бірінде қазақ қоғамының рухани-адамгершілік өмірінде кездесе­тін жағымсыз қылықтарды “дала ұрлық пен арандатушылыққа толды” деп сипаттаған. Сол кезеңнің адамгершілік әдебімен еш сыйыспайтын теріс әрекеттер өткір сыналса, теріс әлеуметтік құбылысқа қарсы күрес әлі күнге дейін толастамай отыр. Әлемнің барлық дерлік елдері оны еңсерудің жолдарын талмай іздестіріп келеді. Жазушы Шыңғыс Айтматовтың  “Егер сыбайлас жемқорлық құқық …

ЕҢСЕРЕ БІЛСЕК, ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН Read More »

АРЗАН НЕСИЕ – ШАРУАҒА ДЕМЕУ

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жолда­уында нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шек­теліп қалмауымызды, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштас­тыру қажеттігін атап көрсетті. Осы ретте алдымызға аса ауқымды міндет қойды. Cоның бірі – агроөнер­кә­сіп кешеніне нақты серпіліс жасау. Мемлекет басшысы ауыл шаруашы­лығы саласының әлеуеті зор болға­нымен, қолда бар мүмкіндіктердің әлі де толық …

АРЗАН НЕСИЕ – ШАРУАҒА ДЕМЕУ Read More »

Көк Туым, көкке өрле!

Араға ұзақ жылдар салып, жұртшылықты қуантып, қай­та оралған мереке – Республика күні осымен екінші жыл ұлт­тық мейрам ретінде аталып өті­луде. Қазанның соңын ала қазақтың рухын көтеріп, елді егемендіктің тарихымен та­ныстырып, ертеңін ойлауға үн­дейтін шаралар легі бастау алды. Ал ұлттық мереке күні қа­ланың орталық алаңына жи­налған жұртшылық салтанатты шара мен спорттық ойын­дарға, концерттік бағдарламаға куә болды. …

Көк Туым, көкке өрле! Read More »

Арыз қазақша жазылса, іс те сол тілде қаралады

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арналған Жолдауында: “Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағы­тының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қа­зақ тілі шын мәнінде білім мен ғы­лым­ның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекет­тік тілдің қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп …

Арыз қазақша жазылса, іс те сол тілде қаралады Read More »

“Рухани әрі саяси маңызы бөлек”

Қызылжар өңіріне келген іс-сапар барысында белгілі тарих­шы, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы, профес­сор, Мемлекеттік тарих институты директорының орынба­сары, жерлесіміз Бүркітбай Аяғанмен кездесіп, егемендік декла­рациясының мәні, өзге де саяси мәселелер жайында әңгіме өрбіттік. – Бүркітбай Ғелманұлы, биыл Мемлекеттік егемендік туралы дек­ларацияның қабылданғанына 33 жыл толып отыр. Осынау мәні айрықша құжаттың 2009 жылы мейрам санатынан алынып тас­талуы қазақстандықтарға …

“Рухани әрі саяси маңызы бөлек” Read More »

Зайырлы елде адам құқығы маңызды

Мемлекет басшысының баста­масымен Республика күнін қайта­дан тойлау – бұл біздің ата-баба­ларымыздың жанқиярлық батыр­лығын және ұрпақтар сабақтасты­ғына тағзым ету белгісі. Тәуелсіздік – мемлекетіміздің баға жетпес игі­лігі мен іргелі тірегі. Елдің тәуел­сіздігі мен әлеуметтік тұрақтылы­ғының ны­ғаюының, халықтың әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі кепілі – заң­дылықтың сақталуы. Ол үшін про­куратура органдары азаматтардың конституциялық құқық­та­рының, қоғам мен мемлекет мүд­делерінің …

Зайырлы елде адам құқығы маңызды Read More »

Облыс әкімінің жаңа орынбасары

Облыс әкімінің өкімі­мен Қанат Малғаждарұлы Дүзел­баев Солтүс­тік Қазақ­стан об­лысы әкімінің орын­басары бо­лып тағайын­далды. Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге кел­ген. Алматыдағы экономика және статистика академиясын бі­тір­­­ген. Еңбек жолын 1995 жылы Ұлт­тық банк орталығында эконо­мист болып бастады. Банк, қазынашылық, эконо­ми­ка және бюджетті жоспарлау сала­сында тәжірибесі мол. Осы тағайындауға дейін Ақ­мо­ла облысының экономика және бюд­жеттік жоспарлау …

Облыс әкімінің жаңа орынбасары Read More »

Жайылымдар қайтарылды

Өңірдегі бір кездері талан-таражға түсіп, оңды-солды заңсыз берілген жерлер қайтарылып жа­тыр. Облыс прокурорларының ара­ласуынан кейін 247 жайылымдық жер мемлекет меншігіне берілді. Облыстық прокуратураның мә­ліметінше, мамандар жер қатынас­тары саласына талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдардың жүйелі түрде заңсыз берілгендігін анықтады. Жер­гілікті атқарушы органдардың ла­уазымды тұлғалары Жер кодексінің талапта­рын бұза отырып, ауыл­дарға жақын жердегі 348 жайылым­дық …

Жайылымдар қайтарылды Read More »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қызметімен танысып, этномәдени бірлестік және құрылымдық бөлімше жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог түрінде өткен кез­десу барысында Ғауез Торсанұлы ассамблея өкілдерін Рухани келісім күнімен, сондай-ақ алда кең көлем­де атап өтілетін Республика күні жалпы­ұлттық мерекесімен құттық­та­ды. Бір шаңырақ астында өмір сү­ріп жат­қан түрлі этнос өкілдері ара­сында достық пен …

ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ Read More »

Жұмыссыз жастарға жәрдем

Өңірде “Zhas project” жобасы бастау алып, осыған орай жоба же­текшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шарада “Қазақстан даму ассоциациясы” бірлестігі ди­ректорының міндетін атқарушы Анар Битебаева мен жоба жетекшісі Шыңғысхан Қожахметов сөз сөйледі. “NEET” санатындағылардың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ба­ғытталған жобаға жұмыссыз және оқымайтын жастар қатыса алады. Жоба жеңімпаздарына өз бастамала­рын жүзеге асыру үшін мемле­кеттен алғашқы капитал беріледі. …

Жұмыссыз жастарға жәрдем Read More »

ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті орындарға нақты міндеттер жүктеліп,  тапсырмалар берілді. Алдымен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масының басшысы Мақсат Баяхмет­тің есебі тыңдалды. Ол жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы жайлы айтып берді. Баяндамашы­ның сөзіне қарағанда, 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға …

ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ Read More »

Тұрғындардың айтары бар

“AMANAT” партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі Мағжан Жұмабаев ауданында аза­маттарды қабылдады. Аудан орталығы мен көрші ауылдардың 20 тұрғыны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, әлеуметтік қорғау, байланыс, газбен қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелерді көтеріп, заңгерлік кеңес алды. Аудан орталығының тұрғыны На­талья Кучерявая Булаево қаласын­да “Дипломмен – ауылға!” бағдарла­масы жүзеге асырылса деп сұрады. Қазіргі уақытта мұнда 4 мектеп, …

Тұрғындардың айтары бар Read More »

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Облыстық қоғамдық кеңестің ке­зекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиын­ның күн тәртібіне 3 мәселе шыға­рыл­ды. Облыстық қаржы басқармасы­ның басшысы Наталья Дышкант, облыстық ішкі саясат басқармасы­ның басшысы Асқар Хабибулин, жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масы басшысының орынба­сары Татьяна Береская, Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитеті об­лыс­тық департаментінің басшысы Ма­рат Омаров, облыстық ардагер­лер кеңесі төрағасының орынбаса­ры Бейбіт …

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР Read More »