«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық миссиясын нығайта түсуде. Академиялық ұтқырлық саясаты – университеттің басты ұстанымдарының бірі. Бұл бағытта әр мамандық бойынша таңдалған ел бар. Ауыл шаруашылығы факультеті Қытайдың жетекші агротехнологиялық жоғары оқу орындарының бірімен әріптестік орнатқан. Жақында аспан асты елінің делегациясы жергілікті унверситетке келіп, екі жаққа тиімді кездесу өткізді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ …

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ Read More »

Өтініштері – бақылауда

Пәтер алу үшін өмір бойы жиған-терген 7,5 миллион теңгесін баласы мен келініне беріп, баспанасыз қалған мүгедек ерлі-зайыптылар әділдік іздеп, “AMANAT” партиясы об­лыстық филиалының қоғамдық қа­был­дауына жүгінуге мәжбүр болды. Оларды саяси ұйымның атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов қа­былдап, шағымдарын мұқият тыңдағаннан кейін мәселені өзара түсіністік, татуласу арқылы шешу жолын ұсынды. Егер баласы жарық дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, …

Өтініштері – бақылауда Read More »

ЖЕРДІҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРСІН

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да та­биғи ресурстар халыққа тиесілі. Ха­лық атынан меншік құқығын мем­лекет жүзеге асырады. Жер, сон­дай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттар мен шектерде жеке мен­шікте де болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жер заңнамасы мынадай қағи­даттарға негізделеді: Қазақстан Республикасы аума­ғының тұтастығы, қол сұғылмаушы­лығы және бөлiнбейтiндiгi; …

ЖЕРДІҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРСІН Read More »

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ҮМІТ ҰЯЛАТАДЫ

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев жыл са­йынғы Жолдауларында, Ұлттық құрылтайдың отырыстарында түйінді мәселелер туралы нақты айтылды. Қасиетті де киелі Түркістан төрінде халқы­мызды ортақ мақсатқа жұмыл­дыратын бірегей құрылым ретінде өткен құрылтайда қабылданған маңызды шешімдер жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалдармен үнде­сіп, өзгеше тұрғыда өрбіді. Прези­дент “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталғанын, …

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ҮМІТ ҰЯЛАТАДЫ Read More »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ МЫҚТЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының дәстүрлі сессиясы өтті. Осымен 32-ші рет өтіп отырған жиын барысында әдеттегідей ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау жайы сөз болды. Еліміздің барлық азаматының басын құраушы күш саналатын мемлекеттік тіл жайы да айтылды. Жиынға облыс әкімінің орын­баса­ры Сәтжан Аблалиев төрағалық етіп, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы әңгіме қозғады. – Мен сіздерге облыстағы …

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ МЫҚТЫ Read More »

Ауылдағы ахуалмен танысты

“AMANAT” партиясының Пар­ламенттегі фракция мүшелері өңірі­мізге жұмыс сапарымен келіп, бірқатар аудандарда болып, өндіріс ошақтарын аралады. Сенат депута­ты Әсем Рахме­това мен Мәжіліс депутаты Дмитрий Коло­даның кездесулері Шал ақын ауда­нында жалғасты. Халық қалаулы­лары мұнда Кривощеково орта мектебінің күрделі жөндеу жұмы­сының барысымен танысты. “Жол картасы” бағдарламасы аясында білім ошағын қалпына келтіруге 127 миллион теңге қарастырылған. Құры­лысшылар есік-терезелерді, шатырды, …

Ауылдағы ахуалмен танысты Read More »

Әр ұсыныс маңызды

“Ауыл” ХДПП партиясынан Пар­ламент Мәжілісіне депутат болып сайланып, әріптес­терінің аманатын арқалаған Аян Зейнуллин біздің өңірдегі жұмыс сапа­рын ауыл тұрғындарымен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесуден бастады. Мәжілісменнің айтуынша, партияға үш мыңға жуық солтүстікқазақтандық мүше. Олардың әрқайсысы кемі жиырма жылдан бері белсен­ділігімен көрініп жүрген ұйымның басты қолдаушы­лары болып табылады. Солардың бірі – облыстық мәс­лихаттың депу­таты Ольга …

Әр ұсыныс маңызды Read More »

СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арналған “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында монополиялардың пайдасын шек­теу және инфрақұрылымға инвестицияларды қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап көрсетті. Себебі елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, комму­никациялардың 57 пайызы, су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозған. Осыған орай монополиялық нарықта “тарифті инвестицияға айырбастау” қағидаты негізінде жаңа тарифтік …

СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ Read More »

ТРАКТОРШЫ ӘЖЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

Облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Абла­лиевтың, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаевтың есептері тыңдалды. Сессия жұмысына облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты. Баяндамашылардың айтуынша, жергілікті бюджеттің негізгі бөлігі республикадан түседі, былтыр оның мөлшері жалпы тү­сімнің 70,8 пайы­зына немесе 312 млрд. 115,5 …

ТРАКТОРШЫ ӘЖЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ Read More »

Жастарға ұран емес, нақты іс қажет

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов қызылжарлық жастармен кездесу өткізді. Кездесуге өңірдегі жастар ресурстық орты­лық­тарының мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілер қатысты. Жиналғандар жастар саясатына қа­тысты мәселелерді көтеріп, сауалдарын жолдады. Кездесуде алғаш болып сөз алған белсенділердің бірі “Жастар тәжірибесі”, “Алғашқы жұмыс орны” сияқты бағдарламаларға арнайы квоталар бөлу ісінде өңірлердің ерекшеліктері …

Жастарға ұран емес, нақты іс қажет Read More »

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Биыл кезектен тыс өткен Мәжіліс сайлауының нәтижесінде Парламентке 6 партия өтіп, 40 орынды “AMANAT”, қалған 29 орынды өзге саяси ұйым­дар өзара бөліскен болатын. Олардың ішінде саяси сахнада 20 жылдан астам жолды жүріп өтіп, бұл бағытта мол тәжірибе жинақта­ған, сөйтіп электораттың қолдауына сүйенген “Ақ жол” демократиялық партиясы 6 орынды иеленді. Ықпалды күш саналатын саяси ұйымның мемлекетіміздің …

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ Read More »

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

Облыс әкімінің өкімімен Петропавл қаласының, Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың әкімдері тағайындалды. Өңір басшысы қалалық, аудандық актив отырыстарына қатысып, жиналғандарды жаңа тағайындалған әкімдермен таныстырды. Облыс орталығының басшысы болып бекітілген Серік Мұхамедиев құрылыс және коммуналдық-шаруашылық саласында жинақтаған тәжі­ри­бесі мол екенін атап көрсетіп, жаңа әкімге бірқатар маңызды тап­сырмалар жүктеді. Жедел түрде жүзеге асуы тиіс бірқатар жобалардың …

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР Read More »

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫ

Астанада “Аmanat” партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Саяси іс-шарада еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуық фракция мүшесі бас қосса, облыстан барлық деңгейдегі 193 халық қалаулысы қатысып, пленарлық секцияларда өз ойларын ортаға салды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту тетіктері жан-жақты талқыланды. – Елімізде …

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫ Read More »

Тұрғындармен кездесті

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданындағы Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, көкейде жүрген ойларын ашық айтты. Бұл ауылдың тұрғындарын жол, елді мекенді абаттандыру жайы толғандырып отыр. Емен-жарқын әңгіме барысында ауылдың орталық көшесін асфальттау, дәрігерлік амбулатория шатырын жөндеу және балалар алаңын орнатуға бюджеттен қаржы қарастырылатыны белгілі болды. Ауылдың әлеуетін …

Тұрғындармен кездесті Read More »

Қаржы тиімді игерілсін

Облыс қазынасына түсетін кірістің 71 пайызы – республикалық бюджеттен бөлінген қаржы. Сондықтан бюджетті жоспарлар кезде көрпемізге қарай көсілгеннен басқа амал жоқ. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өткен жылы облыстық бюджеттің қалай орындалғаны баяндалды және 2023-2025 жылдарға арналған қаржы қаралды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант өткен жылғы бюджет жайлы тап-тұйнақтай қылып айтқанымен, есеп қоғамдық кеңес мүшелерінің …

Қаржы тиімді игерілсін Read More »

Бақылау болса, сапа артады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстағы білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындысы әңгіме өзегіне айналды. Облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаеваның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 134 бақылау іс-шарасы өткізілген. Білім беру сапасын тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Осы кезең ішінде бақылаудың түрлері мен нысандары өзгерген. …

Бақылау болса, сапа артады Read More »

Мемлекеттік тілдің қасиеті

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігімен …

Мемлекеттік тілдің қасиеті Read More »

Ауызсу тартылып, жол жөнделуде

Облыстық мәслихаттың депутаттары Сәуле Сұрағанова, Ольга Клишина, Ербақыт Амантайұлы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның әлеуметтік мәселеле­рімен танысқан халық қалаулылары тұрғындарды толған­дырып жүрген жайттардың қалай шешіліп жатқанын сұрап білді. Өңірде сапалы ауызсуға зәру елді мекендер баршылық. Айыртау ауылының тұрғындары да тіршілік көзін тойына іше алмаған кездерін ұмыта қойған жоқ. Әсіресе елді мекеннің өрісі кеңейіп, түтін …

Ауызсу тартылып, жол жөнделуде Read More »

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ — ЕРЕКШЕ МІНДЕТ

2003 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемле­кет­тік қыз­мет күні (United Nations Public Se­rvice Day) ретінде белгіледі, ал Қа­зақ­стан­­да бұл кәсіби мереке 2013 жыл­дан бері тұрақты түрде аталып келеді. “Барлық елдер мен барлық адам­дар құзыретті, жабдықталған және ресурстармен қамтамасыз етілген мемлекеттік қызметке мұқтаж. Мем­лекеттік қызмет алуан түрлі және әдепті болуға тиіс. Оның мақсаты …

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ — ЕРЕКШЕ МІНДЕТ Read More »

Уәдені орындау — парыз

Бес жылдық сайлауалды уәделерін іске асыру үшін аманаттықтар бес бағыт бойынша 120 іс-шарадан тұратын жол картасын әзірледі. Оның 112-сі биыл жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы “AMANAT” партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров баяндады. Жол картасының басым бағыты – тұрғындардың табысын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін 42 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Алдағы бес …

Уәдені орындау — парыз Read More »