Сәби сау болсын десең…
Өңірімізде осыдан он жыл бұрын даун синдромы бар оннан астам бала дүниеге келсе, қазір осындай дертпен туатын нәрестелердің саны үш есе азайған. Бұл алдын ала диагностикалаудың нәтижесі. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы перинаталдық орталықтың генетик-дәрігері Мәншүк Жетпісбаева қай уақытта генетиктің көмегіне жүгіну қажеттігін, хромосомалық ауытқудан туындайтын дерттер, оның алдын алу жөнінде айтып берді. – Мәншүк Ерікқызы, …