БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БЕТБҰРЫС
Облыста балық шаруашылығына арналған 633 су айдыны болса, соның жартысы кәсіпкерлерге жалға берілген. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, бүгінде 147 кәсіпкер 295 көлді жалға алып, жемісті жұмыс істеп жатыр. Былтыр өңірдегі өзен-көлдерге жалпы 115 млн. 200 мыңға жуық әртүрлі балық шабағы жіберілген. «Балық шаруашылығын дамытудың он жылдық бағдарламасы бар. 2021 жылы іске қосылған …