«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Азамат МАҒЗҰМОВ: «КЕЙБІР НАУҚАСТАР ТЕГІН БЕРІЛГЕН ДӘРІНІ ІШПЕЙДІ»

– Азамат Белгібайұлы, жүрек – адамның ең маңызды органдарының бірі. Статистикаға сүйенсек, елімізде жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітім алдыңғы орында. Жағдайды түзету үшін кардиологиялық орталықта қандай жұмыстар жүзеге асырылуда? – Әлем бойынша жүрек-қан тамыры ауруларынан өлім-жітім жиі тіркеледі. Бұл – жүректің ишемиялық, цереброваскулярлық, перифериялық артерия, ревматикалық жүрек ауруларының, жоғары қан қысымының салдары. Біздің облыста Үкімет …

Азамат МАҒЗҰМОВ: «КЕЙБІР НАУҚАСТАР ТЕГІН БЕРІЛГЕН ДӘРІНІ ІШПЕЙДІ» Read More »

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖЕҢІМПАЗ АРУЛАР

Апалы-сіңлілі Инесса, Алина және Кристина Шумековалар Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Повозочное ауылында дүниеге келген. Инесса – үлкені, Кристина мен Алина – егіз. Үшеуі де – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Конькишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ольга Ихтендрис жарыстарға даярлайды. Білікті бапкердің қол астында жаттығып жүргендеріне алты жылдан асты. Үшеуі де Қазбек Байболов атындағы …

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖЕҢІМПАЗ АРУЛАР Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ

 Зейнет жасы — әр адамның өміріндегі маңызды белес. Осы бір белеске көтерілуді ұзақ жыл еңбек етіп, егде тартқан әрбір жан армандайды. Зейнет жасына жеткендердің сүйіншілеп той жасап, думандатып жататыны да сондықтан. Еңбектен қол үзбей, қызметін жалғастыра беруге ниеттілер де көп. Соңғы жылдары елімізде ондай зейнеткерлердің саны артып келеді. Тіпті 80-85 жасқа келсе де жұмысын тастамағандар …

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ Read More »

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай?

Бала тәрбиесіне кім жауапты? Бүгінгі баланың бойында кімнің тәрбиесі басым? Алғашқысына бір деммен ата-ана деп жауап беруге болады. Ал екінші сұраққа келгенде күмілжитінімізді жасырмай-ақ қояйық. Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты екені айдан анық. Бірақ таразының қос басы тең болғанда ғана отбасылық тәрбие түйінделеді. Бізде осы жағы кемшін. Көп жағдайда бала ананың қанатының астында. Талай буынға тура …

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай? Read More »

ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ – ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Елімізде мүгедек адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау Конституциямен, Әлеуметтік кодекспен, заң нормаларымен реттеледі. Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық тәжірибені, қоғамдық бірлестіктердің, БҰҰ мүгедек адамдар құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын ескере отырып қабылданған 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасының басты мақсаты – мүгедектікке ұшыраған әрбір азаматтың жеткілікті өмір сүру деңгейіне және өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға …

ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ – ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ Read More »

«ГӘККУЛЕТКЕН» АҚҚУЛЫ ӨЛКЕМ

Жүйткіген көлігіміз ерке Есілді артқа тастап, Айыртау ауданына қарай бет алды. Қаз-қатар тізілген қарағайлар ақ тымағын бастарына киіп, аппақ шапанын жамылып мүлгіп тұр. Жалғызтаудың оңтүстігіндегі ауылдың іргесінде тұрған «Үкілі Ыбырай» деген белгіге көзім түсті. Көлік жүргізушісіне елді мекенге қарай бұрылуын өтініп, киелі жердің тарихымен танысуды жөн көрдім. Көнекөз қариялардың айтуынша, оңтүстігінде айдарлы төбесі, оңтүстікшығысында Есмұрза …

«ГӘККУЛЕТКЕН» АҚҚУЛЫ ӨЛКЕМ Read More »

БАЛАМНЫҢ ЕШ КІНӘСІ ЖОҚ

Күләнда НЕҒМЕТЖАНҚЫЗЫ, 55 жаста. «Адам ақтық демі таусылып, келместің кемесіне мінетінін біле тұра жалған фәнидің қызық- қуанышы таусылмайтындай, бейне бір өзін өлместей, мәңгі өмір сүретіндей пенделік, тоғышарлық тоқ сезімде жүретіні әмбеге аян. Мен де сондай күй кешкен жандардың бірімін. 9 ай көтеріп, түн ұйқымды төрт бөліп, аялап өсірген ұлымның былдырлаған бал тілі, мектепке барғаны, одан …

БАЛАМНЫҢ ЕШ КІНӘСІ ЖОҚ Read More »

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН БЕ?

Көктем жақындаған сайын тұрғындарда алаңдаушылық басым. Бұл орынды да. Мамандардың есебінше, өңірде 116 елді мекенді су басу қаупі жоғары. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны Мақпал Жағыпарованың үйін былтыр су басты. Су салынғанына үш жыл ғана болған баспананың терезе жақтауына дейін көтеріліп, бар дүние-мүлік жарамсыз болып қалды. Кейін үйді жөнге келтіру үшін шатыры, терезесі мен қабырғасынан …

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН БЕ? Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ «МОРЖДАРЫ»

Біз бетті қарыған аяздан жылы пәтерге тез жету­ге асығып, ыстық шай ішіп жылынуды ойласақ, жерлестеріміздің арасында мұздай суға түсуді асыға күтетіндер бар. Шымыр боламын деп қыста суға сүңгитін оларға солтүстіктің сарышұнақ аязы кедергі емес. Есіл өзенінің жағасындағы қалалық жағажайдағы «морж­дар» шомылатын ойық ағашпен қоршалыпты. Әдемі әуен, киім ауыстыратын шатырлар, көңілді атмосфера – мұның бәрін клуб …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ «МОРЖДАРЫ» Read More »

ӘУЛЕТТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Биыл Серік екеуміздің жүрек жарастырғанымызға – 30 жыл. Бүгінде тоқсанның төріне көтеріліп отырған Қамаш анаммен сол күннен бері бір шаңырақ астында түтін түтетіп келеміз. Қазақ әйеліне тән қарапайымдылық, кішіпейілділік пен биязылықты тұла бойына тоғыстырған ол кісіні мен ел анасына теңер едім. Үйелменді- сүйелменді Қайыркен, Әйгерім, Айзере деген ұл-қызымызды тілдері былдырлай шыққаннан бауырына басып, мәпелеп өсірді. …

ӘУЛЕТТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ Read More »

ТАБАНДЫ ТЕРГЕУШІ

Бір қарағанда бұл жер жұмысы тыныш, тәртібі жұмсақ кеңсе сияқты. Әркім өз шаруасымен айналысып отыр. Алайда осы бір мамыражай шақты кілт үзіп, кенет телефон сыңғырлай жөнелді. Аудандық поли­ция бөліміне қоңырау шалынды дегеніңіз, арнайы мамандарға жаңа міндет жүктелді деген сөз. Тұтқаны жылдам көтерген қызметкер мәсе­ленің мән-жайын анықтап болғаннан кейін жедел топ бірден оқиға орнына аттанып кетті. …

ТАБАНДЫ ТЕРГЕУШІ Read More »

МҰСЫЛМАН ЕЛДЕРІНДЕ ӨСІМ БАР

1989 жылы КСРО халық саны бойынша әлем елдерінің арасында үшінші орын­ға шығып, АҚШ-ты артқа тастады. Одақ тарағаннан кейін демографиялық көр­сеткіштерде айқын айырмашылықтар байқала бастады. Соңғы 33 жыл ішінде посткеңестік елдердің алтауында халық саны өсіп, тоғызында көрсеткіштер кері кеткен. Демографиялық өсім Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты Орта Азия елдері мен Әзірбайжанда қарқын алған. Байқап отырғанымыздай …

МҰСЫЛМАН ЕЛДЕРІНДЕ ӨСІМ БАР Read More »

ҚАМҚОР ЕНЕНІҢ ДӘМДІ ҚАМЫРЫ

Ләззат Әшімованың ас үйі таң­нан кешке дейін бір босамайды. «Енемнің дәмді қамыры» брендімен танымал болған кәсіпкердің өнім­деріне тапсырыс қала мен аудандар­дан, Астанадан, тіпті Ресейден де түседі екен. Екінші топтағы мүге­дектігі бар қала тұрғыны келінімен бірге бала тәрбиесімен де, сүйікті ісімен де еш кедергісіз айналысуда. Еңбекқор жандардың жұмысы таңертеңгі 09.00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Ал демалыс …

ҚАМҚОР ЕНЕНІҢ ДӘМДІ ҚАМЫРЫ Read More »

МЕКТЕП ЕСКІ, ОРЫН ТАР. Қордаланған мәселелер қашан шешіледі?

Орта білім жүйесіндегі өте өткір мәселенің бірі – мектептердің тарлығы және ескілігі. Еліміз бойынша 7550 мектеп болса, 31,6 пайызы – қалалық, 68,4 пайызы ауылдық жерлерде. Әлі де 270 мың оқушыға орын жетіспейді. Осыған орай Президент кемінде 800 мектеп салуға тапсырма беріп, өзекті проблеманы шешуге жеке секторды тартуды, сондай-ақ толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына …

МЕКТЕП ЕСКІ, ОРЫН ТАР. Қордаланған мәселелер қашан шешіледі? Read More »

ЖАСТАРҒА ЖЫЛТЫРАҚТЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР?

Ресми дерек бойынша, елдегі жастар саны 5,7 миллионнан асты. Жыл өткен сайын кейінгі буын өкілдеріне деген мемлекет назары артып, қолдау шаралары кеңейіп келеді. Бүгінде өз баста­масын жүзеге асырамын деген адамға грант алып, мемлекеттік қолдаудың игілігін көрудің көп­теген жолдары бар. Елдегі жастар саясатының ілгері басып, ілкімді істердің атқарылуына ұйытқы бо­лып жүрген белсенділердің ең­бегін де ұмыт қалдырмаған …

ЖАСТАРҒА ЖЫЛТЫРАҚТЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР? Read More »

ДУБЛЯЖ ЖАСАЙТЫН БОЙЖЕТКЕН

Қызылжарлық бойжеткен Аяжан Қойшыбай қазақша фильм, мультфильмдер интернетте қолжетімді болуы үшін шетелдік туындыларды қазақша сөйлетіп жүр. Ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетінің соңғы курсында оқиды. Болашақ мамандығының дубляжға еш қатысы жоқ, жоғары оқу орнында «Дизай­нер-сәулетші» кәсібін меңгеріп жатыр. Кейіпкеріміз дуб­ляжға ойда-жоқта келгенін айтады. Пандемия кезінде үйде отырып жалыққан бойжеткен әлеуметтік желідегі қатарлас­тарының дубляж жасап …

ДУБЛЯЖ ЖАСАЙТЫН БОЙЖЕТКЕН Read More »

УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

Италияның Турин қаласында 2025 жылғы қысқы универсиаданың ашылу рәсімі өтті. Сал­танатты шарада ел құрамасынан ту ұстап шығу құрметіне хоккейші Абылайхан Сүлейменов пен фристайл шебері Аяу­лым Әмренова ие болды. Абылайхан Сүлейменов – Қа­зақстан хоккейінің жарқын жұлды­зы, «Номад» командасының ойын­шысы. Ол бұдан бұрын АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада еліміздің хоккей құ­рамасы сапында үшінші орын ие­ленген болатын. …

УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ Read More »

Тілек ӘБДРАХМАНОВ: «АДАМДАР ӨЗГЕДЕН ГӨРІ ӨЗДЕРІНЕ КӨП ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАП ЖАТЫР»

– Тілек Әйтімұлы, сіз саналы ғұмырыңызды байланыс саласы­на арнаған жансыз. Соңғы жыл­дары тұрғындар тарапынан пош­ташыларға жиі сын айтылып жүр. Газет-журнал оқырмандары мерзімді басылымдардың тұрғындар қолына дер кезінде жетпейтініне алаңдаулы. Сала ардагері ретінде бұл мәселені шешудің жолдарын айтып бересіз бе? – Бұл мәселе көп жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Әлі шешімі табылған жоқ. Біз 461 елді …

Тілек ӘБДРАХМАНОВ: «АДАМДАР ӨЗГЕДЕН ГӨРІ ӨЗДЕРІНЕ КӨП ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАП ЖАТЫР» Read More »

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ

Ұлыбритания азаматы Аманжол Николас Мухамеджанов Макинтайр Келлетт Қазақстанға нағашы жұртын іздеп келген. Аманжолдың анасы – қазақ, әкесі – ағылшын. Олар қазақ жерінде танысып, қазір Лондонда тұрып жатыр. Қарындасы мен інісінің де есімдері қазақша – Жандос, Тоғжан. 25 жастағы жігіттің мамандығы – сәулетші.Аманжол Лондоннан шілде айында шығып, бүкіл Еуропаны велосипедпен басып өтіп, Алматы қаласына қазан айында …

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ Read More »

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ

Ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сияқты салаларда абыройлы еңбек етіп жүрген жас мамандар аз емес. Олар ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шапағатын көрген жас маманның бірі – Сәния Бекмұратова. Сәния Серкешқызы 2003 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дүниеге келген. Атасы мен әжесінің қолында өскен қыз Но­воишим қазақ орта …

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ Read More »