«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БАЛАҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗБЕСІН

Облыс орталығында елу шақты мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Онда мыңдаған бүлдіршін тәрбиеленуде. Ата-аналар сәбиінің күтімінен бастап тамақтануына дейін балабақшаға сеніп тапсырады. Перзентінің қарны тоқ болуы үшін мемлекет бекіткен ақысын да төлейді. Жекеменшік мекемелерде ата-ананың бергенін бір айға жеткізіп, бүлдіршіндерді тамақтандыру кәсіпкердердің мойнында. Олар өз бетінше бағаны төмендетіп яки қымбаттата алмайды. Тамақтану құнын есептеудің …

БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БАЛАҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗБЕСІН Read More »

МЕТАПНЕВМОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР

Елімізде метапневмовирус жұқтыр­ғандар саны күн санап көбеюде. Біздің өңіріміздегі ахуал да алаңда­тарлық. Облыстық санитарлық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде эпидемия­лық маусым басталғалы тұмауға жатпайтын вирустарды жұқтырудың 100-ге жуық жағ­дайы тіркелген. Атап айтқанда, 34 адам ри­новирусқа, 28 тұрғын аденовирусқа, 23 науқас парагрипке, 5 адам бокавирусқа шалдыққан. Төрт адам метапневмовирус жұқтырған. Мамандардың айтуынша, метапневмо­вирус – көптеген …

МЕТАПНЕВМОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР Read More »

ЕҢБЕГІ АУЫР, ЕҢБЕКАҚЫСЫ АЗ

Өзіне тән байыппен кірген жылан жылы біздің ел үшін «Жұмысшы мамандықтары жылы» ретінде ерекшеленбек. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан, ұлу жылының аяғында тиісті заңға қол қойды. Енді кәсіптік-техникалық білім беруді елеулі түрде қайта жаңғырту жұмыстары қарқын алмақ. Қазір ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Алайда елде «қалам …

ЕҢБЕГІ АУЫР, ЕҢБЕКАҚЫСЫ АЗ Read More »

ҚОҒАМНЫҢ АҚЫЛШЫСЫ

Петропавлда облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Оты­рыста Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселе­лерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің ал­ғашқысы – Мағжан Жұмабаев аудандық арда­герлер ұйымының атқарған жұмыстары туралы есебі. Жиналғандарға «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасында айтылған тап­сырмалардың жүзеге асырылу барысы, ұйым белсенділерінің жұмысы жинақталған бейнеро­лик көрсетілді. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы …

ҚОҒАМНЫҢ АҚЫЛШЫСЫ Read More »

СӘКЕННІҢ КӨЗІНДЕЙ КӨК МЕКТЕП

 Биыл қазақ әдебиетінің құлагері Сә­кен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды. Ақынның әдеби мұрасынан бө­лек артында атқарған игі істері қалды. Тайынша ауданына қарасты Аймақ деп аталатын шағын ауылдың тамыры тереңде жатыр. Бұл ауылдың іргетасы­ның қалануына, ондағы білім ошағы­ның салынуына қазақтың біртуар ақы­ны Сәкен Сейфуллиннің үлес қосқанын біз мақтан етеміз. Мақала тақырыбына терең бойламас бұрын Алаш ардақты­сының …

СӘКЕННІҢ КӨЗІНДЕЙ КӨК МЕКТЕП Read More »

ҮЗДІК АУРУХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Өңірде «МСАК көшбасшысы» байқауы қорытындылан­ды. Оны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Қыркүйек айынан қараша айына дейін өткен байқауға 18 медициналық ұйым қатысты. Оның 13-і аудандық, бесеуі – қалалық емхана. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қа­ныш Бижановтың айтуынша, өңірде алғашқы медициналықсанитарлық көмекті 19 медици­налық ұйым, 13 аудандық, 6 қа­лалық …

ҮЗДІК АУРУХАНА АНЫҚТАЛДЫ Read More »

«КҮМІС ЖАС» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

Статистикаға сүйенсек, біздің қоғамда зейнет жасына жақындаған азаматтарға жұмыс табу қиын. Жұмыс бе­рушілердің көпшілігі қарттарды алғысы келмейтіндіктен, олар еңбек шартынсыз, яғни бейресми түрде істеуге мәжбүр. Алайда елімізде «Күміс жас» арнайы жобасы жүзеге асырылғалы бері зейнет жасына тақаған жұмыс­сыз азаматтар жобаның игілігін көруде. Облыстық жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың ай­туынша, «Күміс …

«КҮМІС ЖАС» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ Read More »

АҒАЙЫН АУЫЛДАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Еліміздің солтүстік шекарасында орналасқан біздің облысымыздағы елді мекендердің құрып бара жатқаны қабырғамызға аяздай батады. Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысында алаңдатарлық дерек келтірілді. 2000-2019 жылдар аралығында Қызылжар өңірінде 139 ауыл мүлдем жойылып кеткен екен. Бұқаралық ақпарат құрал­дарында көңілге кірбің түсіретін ақпараттар желдей есіп жүр. Оған сенсек, Солтүстік Қа­зақ-стан облысының қырық бес ауылы таратылатын елді мекен­дер тізіміне …

АҒАЙЫН АУЫЛДАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР Read More »

Аталар аманатына адал ұйым немесе майдан мистикасы туралы бірер сөз

2025 жылы жер бетіндегі иісі адамзат баласының басына қайғы әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Осы қанқұйлы майданда 1 млн 300 мыңнан аса боздағымыз «етігімен қан кешіп», оның 630 мыңы қыршынынан қиылды. 271 мың сарбаз із-түзсіз жоғалып, хабар-ошарсыз кетті. Біз сол соғысты жүйелі түрде зерттеп, ардагерлеріміздің ерен ерлігін тасқа қашай алып отырмыз ба? …

Аталар аманатына адал ұйым немесе майдан мистикасы туралы бірер сөз Read More »

БАПКЕР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

Әрбір чемпионның, әрбір спортшының жетістігінің артында білікті жаттықтырушының қажырлы еңбегі жатыр. Спортшы мен бапкер арасын ерекше күш жалғап тұрады. Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Тайландта өткен бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Оның биік белесті бағындыруына себепкер болған жан – бапкері Дастан Қабденов. Дастан Бауыржанұлы Есіл ауданындағы Жаңалық ауы­лының тумасы. 10 сыныпта об­лыс …

БАПКЕР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС Read More »

УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ БІРІЗДІЛІК КЕРЕК

ХХ ғасырдың басынан бастап көптеген елдердің билік өкілдері табиғат заңдылықтары мен адам физиологиясын ескермей, тәуліктің жарық уақытын «тиімді» пайдалану мақсатында жазғы озық уақытты (өз орналасқан уақыт белдеуінен шығысырақ орналасқан белдеуді пайдалану) қолдана бастады. Белдеулік уақыт Жердің өз осінен айналып, оның беткі қабатымен Күннен түскен жарықтың қозғалуымен байланысты және талтүс уақыт белдеуінің әрбір орта ме­ридианы бойынша …

УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ БІРІЗДІЛІК КЕРЕК Read More »

Жетімнің басынан сипа, жүрегің жұмсарады

Өңірде бірнеше отбасы соңғы екі жыл­да 50-ге жуық жетім баланы бауырына басқан. Былтыр арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалар саны 312 болса, қазіргі уақытта олардың қатары 344-ке жеткен. Жалпы өңірде жетім және ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін 10 мекеме бар. Оның 8-і білім беру жүйесіне қарайды. Соның үшеуі – өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы. Бұл …

Жетімнің басынан сипа, жүрегің жұмсарады Read More »

БАЛА ЕҢБЕГІ ҚАНАЛМАСЫН!

Жазғы демалыс кезінде қаламыздың орталық көшелерінде ойыншық, гүл, балмұздақ, түрлі тәттілерді сатумен айналысқан, одан қалды мейрамхана, құрылыста жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерді жиі кездестіруге болады. Өз басым ірі сауда орталықтарының автотұрақтарында «Көлігіңіздің әйнегін, жарықшамын жуып берейін бе?» деп әр жүргізушіге сұраулы жүзбен қараған жеткіншектерді талай мәрте жолықтырғанмын. Әрине, баланы жастайынан еңбекке баулыған дұрыс. Бірақ олардың құқықтары …

БАЛА ЕҢБЕГІ ҚАНАЛМАСЫН! Read More »

ЗАМАНАУИ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы­ның базасында амбулаториялық оңалту орта­лығы ашылды. Оңалту орталығының ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов, «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, «Нұрсұл­тан Назарбаев» қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен өңірдегі сала мамандары, көпбейінді бала­лар ауруханасының басшылығы қатысты. Амбулаториялық оңалту орталығы «Қам­қорлық» бастамасының аясында «Қазақстан халқына» қоры, …

ЗАМАНАУИ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

АЙШЫҚТЫ ЕҢБЕГІМЕН ДАРАЛАНҒАН

1965 жылы құрылған «Союзцелинвод» тресін басқаруға Қаттай Кеншінбаевтың лайықты үміткер ретінде бірауыздан таңдап алынуын кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа балаған дұрыс болар еді. Тікелей Мәскеуге қарайтын, кеңес одағындағы министрліктің ірі құрылымы болып табылатын мекемеге ширек ғасыр жетекшілік еткен асыл ағамыздың өмірбаянына үңіле отырып, ұйымдастырушылық қабілеті, тапсырылған жұмысты тап-тұйнақтай етіп атқаратын іскерлігі, қайрат- жігері бірінші кезекте ескерілгенін аңғару …

АЙШЫҚТЫ ЕҢБЕГІМЕН ДАРАЛАНҒАН Read More »

ТЕМІРДІҢ ТІЛІН ТАПҚАН

Бүкіл қаланы ыстық сумен, жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған Петропавл жылу электр орталығының жұмысын отын беру қондырғыларын жөндеу бойынша темір ұстасы Манарбек Назаровтың еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Себебі орталықтың негізгі отын көзі болып табылатын көмір, мазут секілді және химиялық цехқа арналған басқа да зат­тар тасымалданатын вагондардың жолына Манарбектің 35 жылға жуық маңдай тері …

ТЕМІРДІҢ ТІЛІН ТАПҚАН Read More »

СЕНІМ ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ

Еңбек жолым еліміз Тәуелсіздік алған тұстағы экономикалық қиындықтармен тұспа-тұс кел­гендіктен, кейде өткен өмір жо­лымды ойша шолсам, осыншама ауыртпалықтарды шыдамдылық­пен көтере білген халқымыздың қажыр-қайратына сүйсінемін. Ол кезеңде «Беловский» кеңшары­ның әбден тұралап қалғаны сон­шалық, бұрқ-сарқ қайнап жата­тын қызу тірлік пышақ кескендей тыйылып, тұрғындардың жақсы тұрмыс іздеп, жан-жаққа үдере көшкені әлі күнгідей есімде. Жер-ананы еміп өскен агро­ном мамандығының …

СЕНІМ ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ Read More »

ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРДІ

  Алдағы уақытта Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөлде жаңа емхана ашылады. Осы ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ел игілігіне берілуі тиіс нысанда атқарылған жұмыстарды тексерді. «Жаңа нысанды шалғайдағы аудан тұрғындары көптен күтті. Осы күнге дейін емхана жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта орналасты, медициналық қызмет көрсетуге қолайсыз еді. Заманауи қондырғылар – цифрлық …

ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРДІ Read More »

ТҰРҒЫНЫ АЗ АУЫЛДАР ТАРАТЫЛДЫ

 Облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтіп, онда облыстың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітіліп, тағы бірнеше мәселе дауысқа салынды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев пен бірқатар басқарма басшылары қатысты. Алғашқы сұрақ бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасап, үш жылда өңір бюджетінің қай салаларға қандай көлемде жұмсалатынын айтты. – Келер жылы бюджеттік субвенция …

ТҰРҒЫНЫ АЗ АУЫЛДАР ТАРАТЫЛДЫ Read More »

ЖАНАРЫҢ – ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ

 Үстіміздегі жылы өңірімізде көз ау­руына шалдыққан науқастарға 3 342 ота жасалды. Тұрғындар көздің көру қабілетін жақсартуға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қол жеткізуде.  «Айна-көз» жекеменшік емдеу мекемесінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі ұлғайып, 1606 операция жасалған. Оның жалпы сомасы 414 млн. 548 877 теңгені құрады. – Орталыққа тәулігіне …

ЖАНАРЫҢ – ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ Read More »