НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Жерлесіміз Наталья Богданова Чиангмада (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды. 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз құрлық біріншілігінің ақтық сайысына дейін қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Финалдық кездесуде шаршы алаң иесі Маникон Байсонмен жұдырық түйістірді. Ол жергілікті спортшыға еш мүмкіндік берместен 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда да солтүстікқазақстандық спортшы Украинаның …