«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Техника тілін үйренуге құштар

Родион Фридрих– болашағын С.М.Киров атындағы зауытпен байланыстырған жас мамандар­дың бірі. Ол Б.Әшімов атындағы Пет­ро­­павл машина жасау және көлік кол­леджін электр жабдықтары са­ласы бойынша бітіргеннен кейін кә­сіпорында өндірістік тәжіри­бе­ден өткен. Озық технология­лар­ға негізделген өндірістік жұ­мыс ерекшеліктерімен тереңірек та­ны­сып, кәсіби шеберлігін арт­тыр­ған соң осында қалуға шешім қа­был­дады. Оның ұсынысын зауыт бас­шылығы қуана қабыл­дады. Бүгінде ол азаматтық өнімдер …

Техника тілін үйренуге құштар Read More »

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ

Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы XXI ғасыр білім мен интеллект дәуірі болатындығын әлдеқашан айқындап қойған. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін, саясатын қоғамның болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады. Мәселен, қазіргі таңда компания құны кә­сіпорын қызметкерлерінің адами капиталы­ның әлеуетімен өлшенеді. Мына ғажайып фактіге көңіл аударыңыз, компания құнының 75 пайызы оның қызметкерлерінің …

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ Read More »

СТУДЕНТ ТӘЖІРИБЕДЕ ШЫҢДАЛАДЫ

Биылғы жылы университетте өткен сапа апталығының тақы­ры­бы дуальды оқытуға арналды. Бұл апта аясында уни­верситетте қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінде офлайн және қашықтық­тан 30-ға жуық іс-шара ұйымдас­тырыл­ды. Әрбір іс-шараның мақ­саты – білім сапасын арттыру, студент­тер­дің теориялық білімін тәжіри­бемен ұштастыру, сондай-ақ про­фессор-оқытушылар құра­мы­ның біліктілігін арттыру. Бұл шаралар арасында “дөңгелек үс­телдер”, ашық сабақтар, викто­риналар мен конференциялар болды. Мұн­дай …

СТУДЕНТ ТӘЖІРИБЕДЕ ШЫҢДАЛАДЫ Read More »

Шәкірттің жаққан шырағын

Өңірдің білім саласының “Алтын қорында” ұстаздар әулеті ретінде 40 отбасы тіркелген. Мұғалімдік жолды атадан балаға мирас етіп, бұл үрдісті бірнеше буыннан бері үзбей келе жатқандардың бірі – Рамазановтар әулеті. Бір шаңырақтан шыққан ұстаздардың саны 20-дан асады. Ал ортақ еңбек өтілі – 230 жыл шамасында. Ұстаз болуды қастерлі мін­дет санайтын әулеттің өкілі Сапар Рамазановтың бірінші мамандығы …

Шәкірттің жаққан шырағын Read More »

Фотоға түсіру — өнер

Мен бұл мақаламда барлық га­зет-журналда орны ерекше фото­журналистер жайында ой қозғау­ды жөн көріп отырмын. Иә, газеттің кез келген нөмірін суретсіз елесте­ту­дің өзі қиын. Облыстық басы­лым­да қызмет еткен қырық жыл­дан астам уақыт ішінде бірнеше фотожурналиспен бірге жұмыс іс­теудің, олармен сапарлас болу­дың сәті бұйырды. Өткен ғасыр­дың сексенінші жылдарынан бас­тап Еркебұлан Нұржанов, Генна­дий Гельфанд, Василий Шейкин, Иван Пасечный, …

Фотоға түсіру — өнер Read More »

АНКАРАДАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ

9-16 қараша аралығында Түркияның астанасы Анкара қаласында асық спортынан әлем кубогы өткен болатын. Ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық бес асықшы Камила Сексембайды жерлестері мен жақындары пойыздан күтіп алды. Камила 1997 жылы Аққайың ау­даны, Дайындық ауылында туған. 2016 жылдан бері бірнеше рет чемпион атанып, еліміздің құрама командасына алынды. Қазір ол Шал ақын ауданының …

АНКАРАДАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ Read More »

Қойшыбай ШӘНИЕВ: “БҰРЫНҒЫ САТИРАНЫ САҒЫНАМЫН”

– Қойшыбай Жаныбайұлы, сізді өңір халқы сатирик ре­тін­де таниды. Әр әзіліңізге ар­қау болған ауылдың күйбең тірлі­гін сізден артық ешкім білмей­тін шығар. Әріректе жүр­гізуші болдыңыз, шаруашы­лық­та ең­бек еттіңіз. Қара жұ­мыстан бас алмай жүріп, әзілдің отын қалай маздаттыңыз? – Мен мансап иесі болған емеспін, еңбек көрігінде шың­дал­ған адаммын. Өзің айтқан­дай, қырық жылдан астам жүргі­зуші, он жылдай шаруашылық …

Қойшыбай ШӘНИЕВ: “БҰРЫНҒЫ САТИРАНЫ САҒЫНАМЫН” Read More »

ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЙТКЕНДЕ ШЕШІЛЕДІ?

Өңірде дәрігер жетіспеушілігі мәселесі әлі де өзекті. Биыл облысымызға 131 маман келгенімен, әлі 144 дәрігердің орны бос тұр. Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижановтың айтуынша, қазір өңірде 1 444 дәрігер бар. Оның 52-сі жуырда зейнет жасына жетеді, ал 141-і қазірдің өзінде зейнеткер. Жетіспейтін 144 дәрігердің тең …

ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЙТКЕНДЕ ШЕШІЛЕДІ? Read More »

Көшіп кеткендер көп

Биылғы он ай ішінде өңірден 21 304 адам көшіп кеткен.  Көшіп кел­гендердің саны қоныс аудар­ғандардың орнын толтырмайды. Салдарынан өңір халқы  шама­мен 5,5 мың адамға азайды. Мұн­дай үрдіс еліміздің басқа өңір­лерінде де байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы­ның мәліметінше, көші-қон айы­рымында көшті Түркістан бастап тұр. Бұл өңір­ден биылғы қаңтар-қыркүйек ай­ларында 112143 адам көшіп кеткен. Келгендер саны – …

Көшіп кеткендер көп Read More »

ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫҢ БІЛГІРІ

Есімі берісі республика, әрісі шетелге жақсы танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, теңеп айтсақ, атағы­нан ат үркетін Бүркіт Ғелманұлы Аяған әлі сиясы кебе қоймаған “Қазақстан тәуелсіздігі – мен үшін бақыт. От пен жалын шарпыса да…” атты өмірбаяндық естелігін­де былай деп жазады: “Менің ес­телік кітабым бір адамның мақса­ты мен арманын, жүріп өткен өмі­рін сипаттайтын шығар? Бірақ …

ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫҢ БІЛГІРІ Read More »

ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР КӨП

“TAUEKEL” ұйымының құрылғанына үш жылдан асты, содан бері ішкі-сыртқы көші-қон мәселелеріне белсенді түрде араласып келеміз. Бұл бағытта әжептәуір істің тындырылғанын өңірлерді жиі аралайтын іссапарлар барысынан-ақ аңғаруға болады. Бұл жолы шырайлы Шымкент жаққа барып қайттық. Қазақ тығыз қоныстанған Түр­кістан төріне ат оздыруымыз бірінші рет емес. Бұған дейін де Түркістан, Қызылорда, Тараз, Маңғыстау өлкелерін аралап, бір жағынан …

ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР КӨП Read More »

ТОҒЫЗЫНШЫ ОРЫН: СЕНІМ АҚТАЛМАДЫ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының соңғы тур ойындары өтті. Биылғы маусым тартысқа толы болды деп айтуға толық хақымыз бар. Себебі чемпион соңғы сәтке дейін анықталмады. Биылғы біріншілікте бес бірдей команда соңғы турға дейін алтын жүлдеден үмітті болды. Алматының “Қайрат” командасы соңғы ойында “Атырауға” пенальтиден гол соғып, алтыннан алқа тағынды. “Астана” клубы “Жетісуды” ойсырата жеңгенімен, бірінші орынға шыға алмады. …

ТОҒЫЗЫНШЫ ОРЫН: СЕНІМ АҚТАЛМАДЫ Read More »

Шаршы тақтадағы “шайқас”

Петропавлда ардагерлер арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Жарысқа барлығы 16 ардагер қатысты. Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесі мен “Барыс” балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірлесіп ұйымдастырған. – Алдағы жылы Жеңістің 80 жылдығы тойланады. Оның аясында ардагерлер спортын дамыту бағытында көптеген шара ұйымдастыруды қолға алмақпыз. Бұл турнир ауқымды шараның бастамасы ғана. Оны өткізу үшін бізге “Белсенді ұзақ өмір сүру …

Шаршы тақтадағы “шайқас” Read More »

Ұлттық идеологияға оралуымыз керек

“Көш кері кетсе, ақсақ түйе жол бастайды” дегендей, қоғамда көп нәрсе кері кетіп жатыр. Халықтың ба­рометрі болған, қоғамның айна­сы – ақын-жазушылардың жағ­дайы мәз емес. Кері­сінше мән-мағынасы жоқ әндер мен халықтың санасын улап жат­қан, пәтуасыз шоулар мен нашар әншілер сахна­ны жаулап алды. Тұрмыстары да жаман емес. Біздің мәртебеміз оларға қарағанда төмендеп кетті. Со­дан кейін кәсіби жур­налистер …

Ұлттық идеологияға оралуымыз керек Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙІ

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы “Өз кәсібінің үздігі” байқауын өткізді. Оған қатысқан 27 полиция қызметкері дене шынықтыру, атыс даярлығы және жауынгерлік күрес әдістерін меңгеруден сынақ тапсырып, заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтті. Байқау барысында шымыр, білікті және тәжірибелі қызмет­керлер жеңіске жетті. Учаскелік инспекторлар арасында Мам­лют аудандық полиция бөлімінің қызметкері Александр Рогачев жеңімпаз атанды. Ал …

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙІ Read More »

Қарт майдангерге – марапат

“Нұра топтық су құбыры” ша­руашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кә­сіпорны “Есіл су” филиалының мамандары Ұлы Отан соғысы­ның ардагері Василий Макиенко­мен кездесті. Шараға алдыңғы толқын өкілдері де қатысты. Жиын барысында облыстық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Ес­кендір Елеусізов Василий Ва­сильевичке “Беларусьтің фашис­тік басқыншылардан азат етілге­ніне – 80 жыл” медалін және Бе­ларусь басшысы Александр Лу­кашенконың құттықтау хатын табыстады. – …

Қарт майдангерге – марапат Read More »

Асық атып, алға озды

Асық атудан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы топ жарды. Түркияның Анкара қаласында өткен додаға 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты. Отандастарымыз жалпыко­ман­далық есепте бірінші орын алды. Қатысқан 6 спортшының 5-еуі алтын, 1-еуі күміс иеленді. Ал­тыннан алқа таққандар арасын­да солтүстікқазақстан­дық бес­асық­шы Камила Сексем­бай да бар. Жаттықтырушы Ағжан Сұ­раға­новтың айтуынша, Ка­миланы алда тағы бір маңызды дода – Азия …

Асық атып, алға озды Read More »

“АНАШЫМ” ДЕГЕН СӨЗІ – АРМАН…

Кез келген ата-ананың арманы – тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында мә­пелеген сәбиінің дүние есігін дені сау болып ашуы. Өкінішке қарай, соңғы жылда­ры өмірге аутизм диагнозымен келіп жатқан нәрестелер көбею­де. Елімізде ғана емес, дүние жү­зінде сырқат болып туғандардың саны өсіп жатқаны байқалады. Мысалы, Қазақстанда 2016 жы­лы – 285, 2017 жылы – 394, 2018 жылы – 476, …

“АНАШЫМ” ДЕГЕН СӨЗІ – АРМАН… Read More »

“ЖҮРЕККЕ ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАЙ” есті әнді ести ме екенбіз?

“Өнер – қоршаған әлемді образдар арқылы суреттеу” депті аталған ұғымның анықтамасында. Демек өнер атаулының заты өмірдің өзінен де биік әрі көркем болуы керек. Егер біз өмірді дәл сол қалпы суреттесек, ол нағыз өнер емес, нәрсіз, сөлсіз натурализм болар еді. Көркем туындылардың ғасырдан ғасырға жетіп, адамзат санасында мәңгі жасай беруінің құпиясы да осында. Алайда осы бір …

“ЖҮРЕККЕ ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАЙ” есті әнді ести ме екенбіз? Read More »

Жас отбасыларға – жақсы мүмкіндік

Мен Түркістан облысы, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында туып-өстім. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тамамдайтын жылы солтүстік өңірден үгіт-насихат өткізуге мамандар келді. Олар “өңірге жастар қажет, мамандар жетіспей жатыр” дегесін тәуекел етіп, 2018 жылы осы жаққа бет алдым. Сол жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне магистратураға “химия-биология” пәндері бойынша оқуға түстім. Еңбек бағдарламасы бойынша …

Жас отбасыларға – жақсы мүмкіндік Read More »