Нәтижелі ойын
Футболдан ел біріншілігінің кезекті турында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында “Атырау” командасын қабылдады. Тартысты кездесуде жеңіс солтүстікқазақстандық аяқдопшыларға бұйырды. Ойынның бірінші минуттарынан бастап жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Көп ұзамай матчта алғашқы гол да соғылды. Жерлестеріміз сапынан Рафаэл Сабино көзге түсті. Қонақтар да қарап қалмады. Кездесудің 30-шы минутында Александр Нойок нәтижелі соққы жасап, таразы басын теңестірді. Екінші …