«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

ӘЗ АНА, АЯУЛЫ АНА, АСЫЛ АНА!

Облыс орталығының іргесінде тұрған Бескөл ауылына бағыт алдық. Жүйткіген көлік әп-сәтте-ақ діттеген жерімізге жеткізді.  Біз тоқтаған  үй –  қос ғасырдың куәсі тұрып жатқан берекелі қарашаңырақ. Мейірімді жүзін әжім торлаған Қадиша әжейді көргенде көңіл жайланып сала берді. Ақын Қадыр Мырзалиевтің:  “Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым – сары ормандай самсаған”, – деген өлең жолдары ойыма орала …

ӘЗ АНА, АЯУЛЫ АНА, АСЫЛ АНА! Read More »

ҚОС АҚҚУДАЙ ЖАРАСҚАН

Халқымыз “Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ” , – деген қанатты тәмсілді бекер айтпаған.   Баланы қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті саналады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, отбасының мәуелі бәйтерегіне айналған қос қария Жанәбіл мен Жібек Мұхамеджановтар – көпке үлгілі жандар.  Қос аққудай жарасқан қарияларды көргенде көңілді қуаныш …

ҚОС АҚҚУДАЙ ЖАРАСҚАН Read More »

Оқу мерзімі қысқарады

2024-2025 оқу жылынан бастап кей колледждерде оқу мерзімі қысқартылады. Оның себебі – жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың артуы. Кәсіпорындар өндірістік тәжірибеден өткен студенттерді бірден жұмысқа қабылдау тәжірибесін қолдап отыр. Бүгінде облыста 24 колледж бар, оның бесеуі –  жекеменшік. Оларда оқитын 11 мыңнан астам студент 70 мамандық бойынша диплом алып шығады. Жұмысшы мамандықтарына сұраныс – 39 пайыз. …

Оқу мерзімі қысқарады Read More »

“Сарыарқаға” жол берді

Шайбалы хоккейден ел бі­рін­шілігінің кезекті ойынын “Құ­лагер” клубы өз айдынын­да өт­кізді. Осы жолы жерлесте­ріміз қарағандылық “Сарыар­қа” ко­мандасымен кездесіп, қос матч­та да жеңіс қарсылас­та­рымызға бұйырды. Петропавлдағы Спорт са­райында өткен бірінші кездесуде­ қарағандылық клуб 1:2 есе­б­імен жерлестерімізді тізе бүк­тірді. Қарымта ойында солтүстікқазақстандық хоккейшілер есе қайтаруға тырысты. Өкі­нішке қарай, бұл жолы да же­ңіс “Сарыарқа” командасының ен­шісіне жазылды. Қонақтар …

“Сарыарқаға” жол берді Read More »

СОМ БІЛЕКТІ, ӨР ЖҮРЕКТІ

Күштік құрылым қызметкерлері болаттай шымыр болуы тиіс. Ол үшін спортқа ден қойғаны жөн. Соңғы кезде әскери салада қоян-қолтық ұрысқа ерекше көңіл бөлініп отырғаны байқалады. Өңірімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де осы спорт түрінен түрлі жарыстар өтуде. Газет оқырмандарына жеңіс тұғырынан көрініп жүрген солтүстікқазақстандықтарды таныстыра кеткен артық болмас. Мәселен, биыл Астанада қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем біріншілігінде …

СОМ БІЛЕКТІ, ӨР ЖҮРЕКТІ Read More »

Еңбек адамының орны – төр

Қазақстанда еңбек күні 2013 жылдан бастап қыркүйек айы­ның соңғы жексенбісінде кеңінен аталып өтіледі. Ондағы мақсат­- жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде еңбек өнімділігіне ынталандыру, жас буынды масылдық пиғылдан арылту, еңбек адамдарына ла­йықты құрмет көрсету, отбасы­лық әулеттердің көпжылдық дәс­түрлерін, ұрпақтар арасындағы жарасымды сабақтастықты, ру­хани құндылықтарды насихат­тау, қарапайым жұмысшы ма­мандығының мәртебесін көтеру. Президент “Бұл – мемлеке­ті­міздің …

Еңбек адамының орны – төр Read More »

Тәжірибелі темір жонушы

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі саналады. Зауыт алпыс жылдан астам уақыттан бері күрделі құрал-жабдықтар шығарып, бірнеше маңызды саланы керек- жарақпен қамтып отыр. Мұндағы темірден көз ілеспес жылдамдықпен қалаған дүниені жасап беретін соңғы үлгідегі білдектердің жұмысына сағаттап қарай беруге болады. Зауытта мұнай-газ, энергетика және темір жол салаларына арналған …

Тәжірибелі темір жонушы Read More »

СЫЗА БІЛГЕН ОҚУШЫ ОЙЛАНА ДА АЛАДЫ

Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба – ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, газ, мұнай, электр энергиясын жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың “Сызба – техника тілі” …

СЫЗА БІЛГЕН ОҚУШЫ ОЙЛАНА ДА АЛАДЫ Read More »

МҰҒАЛІМ ЖАСАҒАН САБЫН

XX ғасырдың 70-жылдары Жапонияның ауыл тұрғын­дары немесе белгілі бір кәсіп­кер­лері бәсекеге қабілетті өнім жасап, оны ішкі нарыққа ұсыну­ды бастаған. Осылайша олар табысқа жетіп, бизнес саласы­ның қыр-сырын меңгерген. Жа­пон халқының еңбекқорлығына бұл жоба қосымша серпін беріп, елдің дамуының сәтті кезеңде­ріне өз үлесін қосқан. Яғни ха­лықтың әлеуетін арттыруда “Бір ауыл – бір өнім” бастамасы үл­кен рөл атқарған. …

МҰҒАЛІМ ЖАСАҒАН САБЫН Read More »

ДАҢҒАЙЫР ДИҚАН

Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отырған “Зенченко және К” командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко 60 жасқа толды. Мерейтой иесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  құттықтады. Президенттің Алғыс хатын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов  арнайы барып табыстады. Әке жолын қуған Геннадий Зен­ченко – табысты кәсіпкер ға­на емес, сонымен қатар ауыл­дың …

ДАҢҒАЙЫР ДИҚАН Read More »

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ МЕРЕЙІ

Орақ науқанының басы ша­руалар үшін қиынға соққаны­мен, қыркүйектің шуақты күн­дері еңбек өнімділігінің артуы­на септесті. Бүгінге дейін ди­қандар астықты алқаптардың жартысынан көбін орып үлгер­ген. Бұл осы салада тер төгіп жүрген еңбек адамдарының ар­қасы. Күн-түн демей техника тізгіндеп, дақылды қамбаға құю­ға асыққан жандардың жұ­мысы құрметке лайық. Аққайың ауданындағы ал­қап­тарда да тыным жоқ. Жол бойынан егін жинаған ком­байн­дар …

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ МЕРЕЙІ Read More »

ӨМІР ҮНЕМІ ЕРКЕЛЕТПЕЙДІ

Нұрбай ҚАЙЫРЖАН, 38 жаста. Көбіміз өмірдің бұлжымайтын әділет дейтін заңы барын кеш түсініп жатамыз. Аңғалдықпен алға озудың түрлі жолын іздеп, табыстың есігін әп-сәтте ашып беретін алтын кілт тапқымыз келеді. Алайда өмірдің заңын бұзып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүре беру ешкімнің маңдайына жазылмаған. Осыны ұқпаған жандардың басын тасқа соғып, бармақ тістеп қалғанын талай көрдім. Арман қуып …

ӨМІР ҮНЕМІ ЕРКЕЛЕТПЕЙДІ Read More »

ӨМІРГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ ІҢГӘЛАҒАН!

Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Қазіргі таңда сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында. – Әйелдің негізгі міндеті ана атану ғой. Мен бұл бақытты сәтті ұзақ күттім. Аяғым ауыр екенін білген күннен бастап ерекше күтінуге, дұрыс тамақтануға, дәрігерлерге дер кезінде қаралуға дағдыландым.  Мамандар үшем екенін айтқанда қатты таңғалдым, – дейді Елизавета, Ангелина, Маргарита есімді қыздардың анасы Юлия …

ӨМІРГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ ІҢГӘЛАҒАН! Read More »

ШӘКІРТ БАҒБАНЫ

Өмірде әр адам ақыл толыстырып, білімін шыңдау жолында оқу нәрімен сусындатқан жандарға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз. Ұстаз – адамның бұл дүниеде ілмегенді ілдіретін, білмегенді білдіретін, санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын, өмірді ұғынуға себеп, тірлікке кірігуге көмек болатын, шәкіртін өмірге баулушы, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші ата-анадан …

ШӘКІРТ БАҒБАНЫ Read More »

ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ЖОЛЫ

Оқушылар сарайында белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Аманжол Қошановтың туғанына 90 жыл толуына орай “Академик Аманжол Қошанов және Қазақстанның экономикалық ғылымы” атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Шараға қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар, академиктің әріптестері, жергілікті зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, жастар мен ғалымның туған-туыстары қатысты. Жиында облыс әкімінің орын­басары Жүсіп …

ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ЖОЛЫ Read More »

Бақыттың құшағында тербетілген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қызылжар өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында: “Бірлігіміз – әруалуандықта. Бұл – біздің ең басты ұстанымымыз. Алға қадам басу үшін ауызбіршілігімізді, достығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек”, – деген еді. Мемлекет басшысының осы сөзін естігеннен кейін менің ойыма әдетте ақсақалдар ізгі тілекке қастерлеп қосатын “шаңырағымыз биік, керегеміз кең болсын” деген сөз …

Бақыттың құшағында тербетілген Read More »

Аялы алақан

Жыл сайын әлемде 13 миллион әйел ай-күні жетпей босанады.  Бұл – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Мамандардың айтуынша, шала туған сәбилерге қойдың жүнінен жасалған киім-кешек пен жөргектің тигізер пайдасы мол. Петропавлдық еріктілер шала туған шақалақтар мен олардың аналарына қол ұшын созу мақсатында биялай, байпақ, күртешелер тоқып, перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде жатқан сәбилерге сыйлауда. Айнұр Алтаева …

Аялы алақан Read More »

Шығармашылық шеберхана

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Makerspace” орталығы ашылды. “Makerspace” – жаңа идеялар жүзеге асатын заманауи шығармашылық шеберхана. Биыл АҚШ дипмиссиясы мен “Chevron“ компаниясының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде елдегі STEAM ресурстарын дамыту қолға алынған. Орталықтың ашылу салтанатына АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің “Chevron” компаниясының өкілдері және болашақ бағдарламашылар куә болды. Шығармашылық шеберханаға келушілер өз бұйымдарын модельдеп, оларды басып шығара …

Шығармашылық шеберхана Read More »

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС КӨП

Елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні ретінде аталып өтіледі. Атаулы күнге орай облыс орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен кәсіпкерлер жиналды. Жәрмеңкеде 30 кәсіпорын шараға қатысушыларды жұмысқа шақырды. “Севказэнерго” АҚ, “С.М.Киров атындағы зауыт”, “Радуга” серіктестігі, “ЗИКСТО” зауыты және басқа да ірі компаниялар 640 вакансия ұсынды. Оның ішінде есепші, кадр жөніндегі …

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС КӨП Read More »

БАЛ ЖЕГЕН БАЛА БІЛІМДІ БОЛАДЫ

Өңір тұрғыны Мейрамжан Кәшкеұлының негізгі маманды­ғы – дәрігер, омарташылыққа зей­нет демалысына шыққалы мық­тап ден қойған. Ол қазіргі уа­қытта қазақ арасында кенже қал­ған бұл кәсіптің қыр-сырымен бө­лісіп, шәкірт тәрбиелеп жүр. Мейрамжан Кәшкеұлымен телефон арқылы тілдесіп, кейін Қы­зылжар ауданы Бәйтерек ауы­лының маңында орналасқан омар­тасында кездестік. Ауыл тұр­ғыны күздің жылы күндерін пайдаланып, араларының ба­бын жасап жүр екен. Көзімізге …

БАЛ ЖЕГЕН БАЛА БІЛІМДІ БОЛАДЫ Read More »