АДАМ ҚҰҚЫ МА, АДАСУ МА?
Түрікшіл ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың “Пайғамбар” өлеңіндегі: “Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес иман деген не нәрсе, “Қарын” деген сөзді ғана жаттаған”, – деген сияқты айыптауларды оқығанымызда өркениеті биік, демократиясы озық деп жүрген Еуропа елдеріне көзқарасымыздың ұлттық мүдде тұрғысынан дұрыс-бұрыстығы хақында ойлануымызға тура келеді. Себебі, “кәрі құрлықтың” көп мемлекетінде “адам құқы” …