«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік

“Жүре берсең, көре бересің” де­мекші біздің қоғамда жаға ұстатарлық жайттар аз емес. Жуырда Павлодар облысында 12 жастағы қыздың дүниеге сәби әкелуі соның айғағы. Бұрын-соңды мұндай оқиғаларды естіп-көрмеген соң, абдырап қалғаны­мыз рас. Десе де, оқиғаның дәл себебін білмеген соң, артық ай­тып жазғырудың да реті жоқ. Бі­рақ өзі әлі бала болса да дүниеге сәби әкелген қыздың арын …

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік Read More »

Күміс қолда, алтын жолда

На­риман Құрбанов отандық спорттық гимнастика та­рихында ұлттық құрама қоржыны­на алғашқы жүлдені салды. Атлет ат снарядын­дағы жаттығуда күміс медальді еншіледі. Нариман Құрбанов фина­лда 15.443 ұпай жинап, 6 атлеттің алдын орап, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл сында алтын ир­ландиялық Риз Макленагенге бұйырса, қола жүлде амери­калық Штефан Недорочектің ен­шісінде кетті. Бокстан Нұр­бек Оралбайдың бағы жанды. Отандық былғары қолғап …

Күміс қолда, алтын жолда Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ

Аққайыңдар өлкесінде тұратынымызды мақтан ететініміз өтірік емес. Бірақ осы сұлулықты құнттай алып жүрміз бе? Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатты аялауымыз керек деген қызыл сөз күнде айтылғанымен, көштің түзелер түрі жоқ. Бұл жалған айып емес, дәлелі бар деректер. Құзырлы органдар түгілі табиғатқа жанашыр­лықпен қарайтын әр қоғам мүшесінің көзі күнде көріп жүрген шындық. Өткен айдың соңында об­лыстық …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ Read More »

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС”

Париждегі Олимпиада ойындарында велоспорттан ел намысын жерлесіміз Алексей Луценко қорғайды. 32 жастағы спортшы жекелей сында және топтық жарыста өнер көрсетеді. Байрақты бәсеке алдында Луценконың алғашқы жаттықтырушысы, облыстық әйелдер велоспортының аға бапкері Виктор Потаповпен сұхбаттасқан едік. – Виктор Иванович, шәкіртіңіз Алексей Луценкомен алғашқы кездесуіңіз есіңізде ме? – Балаларды тобыма алмас бұрын олар шағын сынақтар тапсырады. Ұзындыққа …

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС” Read More »

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР?

Энергетикалық сусынды күні бойы қуатты әрі сергек жүруді көздеген кез келген адам пайда­ланады. Дегенмен де оның ден­саулық­қа зиян тигізетінін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сергіткіш сусындардың зия­ны туралы әңгімені алғаш рет 2010 жылы ақпанда сол кездегі Пар­ламант Мәжілісінің депута­ты Владимир Нехорошев көтер­ген еді. “Энергетикалық сусындар­­дың құрамында адам ағзасына өте қауіпті химикаттар бар. Оларды ХХ ғасырдың …

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР? Read More »

ЛОКОМОТИВ ТІЗГІНДЕУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Пойыз вагонындағы әр жо­лау­шының тағдырына темір тұл­парды тізгіндеген машинист жауапты. Ал жолаушылардың діттеген жеріне аман жетуі локо­мотив бригадасына өткізілген техникалық сабақтардың сапа­сына байланысты. Көлік қызметкерлерінің кәсі­би мерекесі қарсаңында Петро­павл қаласындағы Локомотив депосына арнайы барып, ондағы қайнаған тірлікпен та­нысқан едік. “Оңтүстік-Орал те­мір­ жолы” ашық акционерлік қо­ғамы Петропавл құрылымдық бө­лімшесінің Петропавл локомо­тив депосын­да 1080 адам еңбек етеді. …

ЛОКОМОТИВ ТІЗГІНДЕУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК Read More »

Қатерлі ісікке қарсы екпе

Қазақстанда жатыр мойны обы­ры – әйелдер арасындағы он­кологиялық аурулар статис­ти­ка­­сы бойынша сүт безі обы­рынан кейін екінші орында тұр. Қатерлі ісіктің алдын алу мақ­сатында биыл жасөспірім қыз­дарға адам папилломасы виру­сына қарсы екпе салынады. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәліметінше, адам папил­лома­сы вирусына қарсы екпе егу биыл қыркүйек айында бас­тала­ды. Негізінен 11 жастағы қыздар қамтылмақ. Олар …

Қатерлі ісікке қарсы екпе Read More »

БОЗКІЛЕМДЕ — ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Петропавлда қазақ күресінен “Бейбіт күннің батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналды. Биыл қазақ күресінен жарыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оған еліміздің қалаларынан 14 команда қатысты. Бозкілемге бірнеше салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам спортшы шықты. – Жарыстың ерекшелігі – турнирге құтқарушылардан …

БОЗКІЛЕМДЕ — ҚҰТҚАРУШЫЛАР Read More »

Әлемі бөлек балалар

Петропавл қаласындағы “Асыл Мирас” аутизм орталығы Болат Өтемұратовтың қайырым­дылық қоры және облыстық әкімдіктің қолдауымен 2019 жылы ашылды. Бес жыл бойы жұмысын табысты жалғастырып келе жатқан орталықтың өзгелерге үлгі боларлықтай тәжірибесі бар. Себебі еліміздің өзге аймақ­та­рында ашылған 14 аутизм орта­лығының арасынан екі жыл қа­тарынан “Ең үздік орталық” атанды. Аутизм – баланың психика­лық дамуының бұзылуы. Аутизм дертіне …

Әлемі бөлек балалар Read More »

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – МІНДЕТІҢ

Әр елдің мақтан тұтар ба­тырлары бар. Себебі қорғаушы­сыз мемлекет жоқ. Батылдық, отансүйгіштік, достық – нағыз жігітке тән қасиеттер. Адам батыр болып дүниеге келмейді, қалып­та­сады. Балалық шақтан отаншылдыққа, елді, жерді құрметтеуге баулу керек. Яғни ата-аналар атамекенді қор­ғайтын нағыз ер-азаматты тәр­бие­леуі тиіс. Дана халқымыздың “Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өле­ді”, “Ер барда – ел қор …

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – МІНДЕТІҢ Read More »

Әйелдің мәселесін еркектер айтпай-ақ қойсыншы

Соңғы кезде мені бір жайт алаңдатып жүр. Біздің қоғамда бір-біріне орынды-орынсыз ақыл айту белең алып бара жа­тыр. Өткен жолы газет оқып отыр­сам, бір ақсақал қыз бала­ның тәртібі мынадай, әйелдің жүріс-тұрысы осындай болғаны жөн деген мақала жазыпты. Бі­рақ бұл ер адам айтатын сөз бе еді? Ақыл айтудың да өз жөні бар ғой. Сондағы қыз-келіншектердің бойынан ұнамағаны …

Әйелдің мәселесін еркектер айтпай-ақ қойсыншы Read More »

Құрақ құраудың шебері

Облыс орталығының тұрғыны Ға­лия Амантайқызы – он саусағынан өнер тамған шеберлердің бірі. Жерле­сіміз тігіншілікке құштар. Ол – көз сүй­сіндірер бірсыпыра жұмыстың авто­ры. Бір қызығы, зейнеткер бұл жұ­мыспен өзгелер сияқты бала күнінен айналыспапты. Қолына ине мен жіп алғанына 10 жылдай болған. – Әжем мен шешем шебер болды. Енем де іс тікті. Солардан көрдім. Бір күні ұлым …

Құрақ құраудың шебері Read More »

Кітап әлеміндегі жолсерік

Кітапхана дегенде біздің көз алдымызға оқырманға сұраған кітабын ұсынып қана отыратын кітапханашы елестейді. Алайда осынау құнды байлықтың оқырмандарының қолына жетуі үшін кітапханашының біраз тер төгетінін бірі білсе, бірі білмейді. Отыз жылдан астам ғұмырын кітапхана ісіне арнаған Шал ақын ауданындағы орталық кітапханада кітап өңдеу және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Тана Сақтановамен ауданға барған іссапарымызда танысқан едік. Кітапхана …

Кітап әлеміндегі жолсерік Read More »

Мектепте медицина маманы жоқ

Жаңа оқу жылы қарсаңында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының жұмыс тобы Жұмысшы кентіндегі №44-ші мектеп асханасына мониторинг жүргізді. Жұмыс тобының өкілдері мектеп асханасына мониторинг жүргізу барысында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырумен танысты. Бүгінде аталмыш білім ордасында 530 оқушы бар. Мектеп асханасы 80 орынға арналған. Бастауышта 204 бала оқиды. Барлығы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Ал он жеті бала жалпыға …

Мектепте медицина маманы жоқ Read More »

Сом білекті сарбаздар

Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінде қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Үш күнге ұласқан турнирге “Оңтүстік”, “Орталық”, “Батыс” және “Шығыс” өңірлік қолбасшылықтары, Ұлттық ұлан академиясы, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің сарбаздары қатысты. Осы жолғы сайыста спортшылар 7 салмақ …

Сом білекті сарбаздар Read More »

Ережені елемейтіндерге сабақ

Петропавлда темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында жол қауіпсіздігін сақтау акциясы өтті. Облыс орталығында өткен акция барысында көпшілік назарына жол-көлік апатына ұшыраған машиналар ұсынылды. Бұл көліктерден жан түршігеді. Жол қозғалысы мен қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан көлік қана емес, адам шығыны да болуы ықтимал. Өйткені жол қателікті кешірмейді. Сондықтан осы акция барысында жүргізушілерге жолда абай болып, …

Ережені елемейтіндерге сабақ Read More »

ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛДІ МЕ?

“Кедергісіз келешек” жобасы аясында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының өкілдері Тайынша ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдаймен танысты. “AMANAT” партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Халықова мониторингтік топ мүшелері 11 әлеуметтік нысанда болып, екі жыл бұрын сынға ұшыраған аудандық әкімдік ғимаратына да бас сұққандарын айтты. – Біз барған аудан әкімдігінің ғимараты …

ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛДІ МЕ? Read More »

Тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір тұрғындары қоғамдық көлік қатынасы, су тасқынынан зақымданған үйлерге қатысты мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі Зиягүл Жапарова – Бескөл ауылының тұрғыны. Ол №101-ші автобустың жүру кестесін қайта қарауды сұрады. Бұл маршруттың қозғалысы Қызылжар ауданының орталығынан басталып, Петропавл қаласындағы бірнеше шағынауданды басып өтеді. Тұрғынның айтуынша, автобустың …

Тұрғындарды қабылдады Read More »

Өнегелі өмір өрімдері

Болат ағаның кіндік қаны тамған Зеренді ауданындағы Жаңатуған, көршілес қоныстанған Қарабұлақ, Саркөт ауылдары бірігіп, Жамбыл колхозын құраған болатын. Осы колхозға Болат Көшімбаев техникумды тамамдаған соң мал маманы болып келді. Жұмысын жаңа бастаған жас жігіттің аяқ алысын сынаушы көп. Әйтеуір, абырой бергенде алғашқы қадамы сәтті болды. Елдің игі жақсылары арқасынан қағып, маңдайынан сипады, ақыл-кеңестерін айтты. Жас …

Өнегелі өмір өрімдері Read More »

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖӘРМЕҢКЕГЕ КЕЛ

“Qyzyljar Аrt” орталығында “Жас­тар рухы” жастар қанатының об­лыстық филиалы мен “Мансап” орталығы жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өт­кізді. Жұмысқа орналасуға, бола­шақ мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған шараға об­лыс­тағы он бес шақты мекеме қа­тыс­ты. Солардың ішінде “Қаз­пошта” акционерлік қоғамының облыстық филиалы, “СевКаз­энерго”, “Қызылжар су” жауап­кершілігі шектеулі серіктестік­тері бос жұмыс орындарын ұсынды. “Жастар рухы” жастар қанатының өкілдері …

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖӘРМЕҢКЕГЕ КЕЛ Read More »