«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОТБАСЫ

Петропавлда “Мерейлі отба­сы” ұлттық байқауының облыс­тық кезеңі өтіп, республикаға өңір атынан баратын жеңімпаз анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл дәстүрлі “Мерейлі отбасы” байқауына қатысуға 70 шақты өтініш түскен, оның 28-і облыстық кезеңге жетті. Қатыс­қандардың жартысы – көпбалалы отбасылар, бұдан бөлек, әр шаңырақтың өз жетістіктері бар, бірінің ұл-қызы спортта чемпион болса, енді бірі табысты еңбек етіп, қоғам өміріне …

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОТБАСЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ

“Арабеск” би ансамблі Ресейдің Санкт-Петербург қаласын­да өткен “Планета искусств” атты халықаралық байқауда 8 қола, 4 күміс және 3 алтын медальға қол жеткізді. Қазақстанның атынан барған жалғыз би ұжымы айтулы додада ел намысын абыроймен қорғады. Жүзден астам жерлесіміз сахнада өз өнерлерін паш етті. Қатысушы Виолетта Крутикованың айтуын­ша, бұл байқауға ұжым бір жыл бойы дайындалған. – Біз …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ Read More »

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС САРБАЗ?

Әскер қатарында қызмет ету – әр азаматтың парызы болса да, өкінішке қарай бүгінде Отан алдындағы борышын өтеуден қашатын азаматтардың қатары жиілеп кетті. Батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған даламызға қалқан болудан жастарымыз неге қашады? Әскерде сарбаздарға жағдай жасалған ба? Олардың әскерден бас тартпауы үшін қандай әлеуметтік қолдаулар бар? Осы сұрақтарды тиісті мамандарға қойып, …

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС САРБАЗ? Read More »

ТЕМІРДЕЙ ТЕМКЕҢ

Өмірде темірдей тәртіпті сүйетін, өзіне де, өзгеге де талабы қатал адамдар болады. Олар қай жерде, қай салада еңбек етпесін, нәтижесін көрмейінше шаршау, шалдығу дегенді білмейді. Осы жанкештілігінің арқа­сында үнемі ісін тап-тұйнақтай қылып қояды. Бірақ қанша талапшыл болғанымен, мейірімі мен ізгілігі жанындағыларды жылытып, бірлесе жұмыс істеуге ынталандырып отырады. Бұл санаттағы адамдар­дың ісі әрдайым өрге домалайды. Темірғали …

ТЕМІРДЕЙ ТЕМКЕҢ Read More »

Жамбыл ТАСЕМЕНОВ: “Олимпиадаға екі-ақ спортшымыздың аттануына командадағы буын алмасу себеп”

– Жамбыл Серғазыұлы, қазір бәрі өзгеріп жатыр ғой. Қоғам да, адам да бұрынғы­дай емес. Осы тұрғыда өткен мен бүгінгіні таразыға салып көрсек. Спортта не өзгерді? – Шыны керек, өткен ғасыр мен қазіргі заманғы спорттың ара­сы жер мен көктей. Кеңес ода­ғы он бес республикада тұ­ратын түрлі халықтардың ортақ үйі болып есептелді ғой. Десе де, одақ құрамына …

Жамбыл ТАСЕМЕНОВ: “Олимпиадаға екі-ақ спортшымыздың аттануына командадағы буын алмасу себеп” Read More »

Еңбек қатынасына ерекше назар

Биылғы жылдың алты айында өндірісте 14 оқыс жағдай орын алып, 17 адам зардап шекті. Екі оқиға кісі өлімімен аяқталды. Мәселен, сәуір айында “Чистотел” серіктестігіндегі кісі өліміне әкеліп соқтырған келеңсіз жағдай болған. Оған қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда өндіріс жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы, қауіпсіздік талаптары бойынша оқытудың жеткіліксіздігі қайғылы жағдайға себеп …

Еңбек қатынасына ерекше назар Read More »

Тазалық сақтау – тәрбиеден

Жуырда ғаламторда бір суретті көзім шалды. Адамдар жүрген жер мен жабайы аңдардың мекені – табиғат аясы бейнеленіпті. Бір қарағаннан-ақ кімнің жабайы екенін түсінесің. Жер бетіндегі ең саналы тіршілік иесі болғанымызбенен әрекетімізден жабайылық белгілері жиі көрініс табаныны өкінішті. Өткенде жолда келе жатқанда осыған тағы бір мәрте көз жеткіздім. Біздің алдымызда кетіп бара жатқан көліктің жүргізушісі терезесін …

Тазалық сақтау – тәрбиеден Read More »

Ерікті болу — жүрек таңдауы

Мен еріктілер қозғалысына мектеп қабырғасында жүргенде келдім. Демалыс күндері бізді ұстаздарымыз ауылдағы жал­ғыз­басты қариялардың үй ша­руа­шылығына көмектесуге апа­ра­тын. Су тасып, бақшадағы жұ­мыстармен айналысып, үйлерін жуып-жинап бергеннен кейінгі қарт­тардың қуанғанын көрген сәттен бастап, ең үлкен мәртебе – көмекке мұқтаж жандардың ал­ғысы екенін ұққан едім. Орта мектепті тамамдап, ар­ман қуып қалаға келіп, жоғары оқу орнына түскеннен кейін …

Ерікті болу — жүрек таңдауы Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ НЕГЕ ТАПШЫ?

Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізген алғашқы жылдары экономика тоқырап, өндіріс тұралап қалған уақытта қазақ тілі де өлместің күйін кешкені анық. Қазағынан орысы көп Қызылжар өңірінде жағдай тіпті күрделі. Жалғыз облыстық қазақ интернатынан басқа мемлекеттік тілде білім беретін мектеп болмаған. Тәуелсіздік жылдары ана тіліміздің мәртебесін көтеру, тілдік орта қалыптастыру басталды. Руханият жанашырларының арқасында ұрпағымыздың өз ана …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ НЕГЕ ТАПШЫ? Read More »

ТӨЗІМДІЛЕР СПОРТЫ

Соңғы жылдары әлемде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі – триатлон. Үш циклдан тұратын жарыс біздің елімізде де қанатын кеңге жаюда, теріскейде де оған әуес жандар қатары көп. Триатлон өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастау ала­ды. Францияда пайда болған спорт түрі бүгіндері Еуропада ғана емес, барша әлемде таны­мал. Қазақстандық триатлеттер осыдан 15 жыл бұрын алғаш …

ТӨЗІМДІЛЕР СПОРТЫ Read More »

ОТЫН ЖАРАТЫН ЖІГІТ ЖОҚ

Үйге азық-түлік алу қамымен жұрт жиі баратын сауда орталықтарының біріне қарай жол тарттым. Бірі келіп, енді бірі шығып жатқан сауда орталығының аумағында ине шаншар жер жоқ. Құдай-ау жұрттың бәрі мұнда не істеп жүр деген ой келді. Тышқан аулаған мысықтай көлік қоятын бос орын таппай бірер минут кідіруге тура келді. Оң қапталдан бір көлік шыққаны сол …

ОТЫН ЖАРАТЫН ЖІГІТ ЖОҚ Read More »

Жағымсыз әдет – жанға түскен дерт

Қандай да бір теріс әдетке тәуелділік – бүгінде қоғамды жайлаған дертке айналып, оның түрі жылдан-жылға көбейіп келеді. Зиянды әдет құрдымға құлатып, суицид, ажырасу, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, қарызға бату сияқты жағдайға жеткізуде. Психологияда тәуелділік қа­терлі дерттердің қатарына жат­қы­зылады. Бұл дертке шал­дыққан адамның жанына тыныштық жоқ, яғни жан-дүниесі әлдене­ге алаңдайды да тұрады. “Ғы­лымда “экзистенциалды вакуум” деген түсінік бар. …

Жағымсыз әдет – жанға түскен дерт Read More »

Ел болып еңсерген қиындық

Апат айтып келмейтіні анық. Табиғат кез келген уақытта тосын мінез танытып, күнделікті өмір ағысы жаңа арнаға түсуі ғажап емес. Күн сайын жаңалықтарды парақтап отырып, әлем елдеріндегі дүлей жел, алапат тасқын, орман өрті туралы естіп, жағамызды ұстаймыз. Сөйтіп, адамзаттың табиғаттың алдында әлі де дәрменсіз екеніне көз жеткізе түсеміз. Бүгінде ғылым қаншалықты дамып, небір өнертабыстар ойлап табылғанмен …

Ел болып еңсерген қиындық Read More »

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ

“Jas kenes siylygy” республикалық байқауына өңірімізден 5 азамат қатысады. Олар – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамының қызметкерлері. Республикалық байқау биыл Президент жанын­дағы жастар кеңесінің баста­масы­мен ұйымдастырылған бола­тын. Оның мақсаты – жас жұ­мысшы мамандарды ынта­лан­дыру және олардың қыз­метін өзгелерге үлгі ретінде көрсету. Республикалық марапат 7 аталым бойынша беріледі. Байқау барысында денсаулық сақтау, құқық қорғау, …

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ Read More »

Терезеден құлап кеткен сәбилер

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жыл басынан бері жоғары қабаттың терезесінен құлап түс­кен алты бала жеткізілді. Дәрігерлер ауыр жара­қат алған кішкентай сырқаттарды аман алып қалды. Балалардың терезеден құлау фактілері көбеймесе азаяр емес. Облыстық көпбейінді ба­ла­лар ауруханасының травмато­логия және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Асылхан Жағыпа­ров­тың айтуынша, биыл жарты жылда өткен жылдың ұқсас ке­зеңімен салыстырғанда бала­лар­дың биіктен құлау жағдай­ла­ры …

Терезеден құлап кеткен сәбилер Read More »

Қоғамның қозғаушы күші

“Конвент” сөзі латын ті­лі­нен аударғанда “жиын”, “жи­налыс”, “билік айтушы орган” дегенді білдіреді. Кей елдерде бұл сөз партиялар мен ірі саяси күштердің, түрлі қозғалыстардың бас­қосуларына қатысты қол­да­­нылады. Алайда біздің елде бұған дейін конвент де­генді көз көріп, құлақ есті­ген емес. Содан да болар Қа­зақстанда тұңғыш жастар конвенті өтеді деген хабар шыққанда елдің көбі елең ете қалды. Маған …

Қоғамның қозғаушы күші Read More »

САЛТ БАСТЫ, САБАУ ҚАМШЫЛЫ…

Қазақта “Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды” деген сөз бар. Кезінде жастардың көбі осы ұстаныммен шаңырақ құрып, қол ұстасатын. Алайда қазір бәрі керісінше. Бүгінгінің қыз-жігіттері үйленбес бұрын алдымен малым төртеу болсын деп ойлайтын сияқты. Әйтеуір қызмет, кәсіп деп жүріп отызды қалай маңайлап қалғандарын да білмей қалады. Соның салдарынан аға буынның қатарына қосылып бара жатса да …

САЛТ БАСТЫ, САБАУ ҚАМШЫЛЫ… Read More »

Студенттер — Өзбекстанда

М.Қозыбаев атындағы Сол­түс­тік Қазақстан университеті “География және экология” ка­федрасының студенттері Өз­бекстанның бірнеше қаласын­да болып, жазғы оқу-көшпелі тә­жі­рибеден өтті. Білім алушылар бұл аймақтың табиғи ланд­шафтымен, экономи­ка­сы­мен, мәдени-тарихи мұра­сы­мен танысуға және зерттеу­лер жүргізуге мүмкіндік алды. Тәжірибе барысында бола­шақ экологтар ауа райын ба­қылап, өнеркәсіптік аймақтарда ауадағы оттегі мен зиянды зат­тардың концентрациясын анық­та­ды. Сондай-ақ су қоймаларын­дағы тіршілік нәрінің сапа­сын …

Студенттер — Өзбекстанда Read More »

ҚЫМБАТ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ

Облыстық көпбейінді ауруханада жоғары қан қысымы бар сырқат­тар­­ға заманауи ота жа­салды. Астана қаласының жоға­ры санат­ты дәрігері, эндовас­ку­ляр­лық хирург Евгений Мун арнайы ке­ліп, ауруха­наның басшы­лығы және хирургия бө­лімшесі ма­мандарының қолдауымен көкбауыр артериясын эн­доваску­лярлық, ішінара эмболи­зациялау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Көкбауыр артериялық қан ағымын төмендету – көкбауыр артериясының ішінара эмболи­зациясынан тұратын порталдық гипертензияны түзету әдісі. Көкбауыр артериялық …

ҚЫМБАТ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ Read More »

ПЕДАГОГ ӨЗ МӘРТЕБЕСІНЕ САЙ МА?

2019 жылы “Педагог мәрте­бесі туралы” заң қабылданып, бұрын сабақты ысырып қойып, көше сыпырып, ағаш әктеп, кон­церттерде зал толтырумен жү­ретін мұғалімдерді енді мұндай жұмыстарға тарту сап тыйыл­ды. Жалақылары да екі есе өсті. Бұл ұстаздар қауымы еш­теңеге алаңдамай басты мін­деттері – бала оқытумен ғана шұ­ғылдану үшін жасалғаны мә­лім. Бірақ заң мұғалімдердің ең­бекақы­ла­рын көтергенімен, қо­ғамдағы мәртебелерін көтере алды …

ПЕДАГОГ ӨЗ МӘРТЕБЕСІНЕ САЙ МА? Read More »