«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Өндірістік жарақат өмірге қауіпті

Шикізатты өңдейтін кәсіпорындардың қажеттілігі жыл өткен сайын қарқынды өсуде, бұл өз кезегінде жаңа элеваторлар саны артқанының және қолданыстағыларының қуаттары ұлғайғанының анық көрінісі. Барлық астық қабылдау кәсіпорындары өрт және жарылыс қауіптілігі жоғары кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормаларын сақтамау элеватор жабдықтарының бұзылуынан бастап, адамдардың өлімі сынды ауыр жағдайларға әкеледі. Мұндай әсерлердің негізгі …

Өндірістік жарақат өмірге қауіпті Read More »

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР

Облыстық полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің есептік кездесуі өтті. Алқалы жиынға ведомство басшылығы, ардагерлер және жас қызметкерлер қатысты. Облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин бос лауазымдарға қызметкерлер алу жөніндегі жұмыс туралы және полиция қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады. Бұдан кейін тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жоспарларымен бөлісті. – Министр 2024 жылды …

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР Read More »

Баспаналы болды

Қызылжар ауданында су тасқынынан кейін үйлері апатты деп танылған азаматтарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Тасқын салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылғандардың бірі – Жұлдыз Нұрпейісова. Жақында жаңа баспанаға қолы жеткен тұрғын өз қуанышымен бөлісті. Жұлдыз осыған дейін Мичурино ауылында тұрған екен. Алайда 12 сәуір күні топан су келіп, үйінің төбесіне дейін жеткен. Басындағы жалғыз баспанасы үшін …

Баспаналы болды Read More »

Баспана – бақыт мекені

Петропавлда тасқыннан зар­дап шеккен тұрғындардың тағы бір легіне “Бірлік” шағынауда­ны­нан жаңа үйлердің кілті тапсы­рылды. Бүгінде аталған шағынау­данда құрылыс жұмыстары қыз­ған. Мұнда тасқыннан зардап шек­кендерге 700 үй салынуда. Күні бүгін соның 150-ден астамы өз иелерін тапты. Қалғаны қа­зан айына дейін кезең-кезеңмен тапсырылады. Қалалық қоғамдық комис­сия­ның мәліметінше, осы уақыт­қа дейін баспанасыз қалған 2000-ға жуық адамның өтініші қаралған. …

Баспана – бақыт мекені Read More »

Судан келер қатер көп

Учаскелік полиция инспек­тор­лары Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқар­ма­сының қызметкерлерімен бірле­сіп Есіл өзенінің, Пестрое көлінің жағажайларында, сондай-ақ белгіленбеген шомылу орын­дарында рейдтер жүргізді. Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, по­лиция подполковнигі Айдын Ақ­мағамбетовтің айтуынша, суға шомылу кезінде әсі­ресе кәме­летке толмағандарға ерекше назар аудару керек. Өйткені оқудан босаған балалар жаз бойы уақыттарын өз бетінше өткізіп, …

Судан келер қатер көп Read More »

Атқа міну адамды қанаттандырады

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің агротехнология факультетінің 1 курс студенті Мария Патошкина Астана қаласында өткен “Жамбы ату” республикалық федерациясы кубогының солтүстік өңірлік кезеңінде жүлделі екінші орынға ие болды. Жарыста шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен шабандозбен болған әңгімені оқырман қауымның назарына ұсынамыз. – Жамбы атумен қашаннан бері айналысасың? Оған дейін басқа спорт түрлерімен шұғылданып көрдің бе? – …

Атқа міну адамды қанаттандырады Read More »

Туған жер төрінде

Өңірдің қонысқа жайлы, та­би­ғаты сұлу, тарихы терең аймақтарының бірі – Шал ақын ау­даны. Қасиетті мекеннің жасыл даласы, өзен-көл, орман-тоғайы, тіпті қазақы қалпынан айны­маған ақжүрек халқы да бұл жердің ежелден қазақтың ән-жырына, асыл сөзіне бесік болған атырап екенін еске са­лып, көңілді ерекше әсерге бө­лейді. Кешегі жыраулар поэзиясы­ның соңы, жаңа заман әдебиеті­нің басы саналған Шал ақыннан бастап …

Туған жер төрінде Read More »

Жампоз журналист

Мен білетін Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов – сан қырлы, біртуар азамат. Ол – редакция табалдырығын имене аттаған қарапайым тілшіден Қызылжар өңіріндегі баскөтерер белсенді азаматтардың бірі, елге танымал көсемсөзші, жазушы, білікті басшы, белгілі қоғам қайраткері деңгейіне көтеріле білген тұлға. Жарасбай Қабдол­лаұлы – түп-тамыры текті әулет­тен шыққан асылдың сынығы, тұл­пар­дың тұяғы болғанымен, тірлікте еш сүйеусіз, басын кейде тауға …

Жампоз журналист Read More »

Дәрігерлер шалғай ауылдарға барады

“Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы 24-31 шілде аралығында өңірімізде 7 стансаға аялдап, МӘМС аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, тіс дәрігері, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог бар. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған. Медициналық пойыз 24 шілде – Ақсуат пен …

Дәрігерлер шалғай ауылдарға барады Read More »

Бильярд – өнер

Белгілі журналист, қаламы қарымды жазушы, облысымыздың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтің 75 жас мерейтойына орай бильярд турнирі өтті. Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов бильярдты өнерге теңеген екен. Жарысқа қатысқан Қызылжар мен Көкшетаудың ақын, жазушы, журналист, әншілері мен ұстаздары бұл өнерді жақсы меңгергендерін көрсетті. – Қаламы қарымды қаламгер Жарасбай Қабдоллаұлын облыста танымайтын адам жоқ. Жәкеңнің атақтарын тізсек, сағаттап …

Бильярд – өнер Read More »

“Бірлікте” тағы да қоныстой

Облыс орталығындағы “Бірлік” шағынауданында тағы 51 отбасы жаңа үйдің иесі атанды. Бұл үйлер басқа меценаттар сынды Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған “Қазақмыс” корпорациясының қаржысына салынды. Осылайша корпорация 100 үйдің құрылысын қаржыландырды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Бауыржан Амиров, Александр Михайленко және Сергей Тараденковтың шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады. Бүгінгі таңда “Бірлік” шағынауданында …

“Бірлікте” тағы да қоныстой Read More »

Жастарға шабыт берген

Астана еліміздің бас қаласы атанғаннан кейін қазақтың игі-жақсыларының, зиялыларының көпші­лігі осы қалаға қо­ныс аударды. Олардың келуімен жаңа қалада ғылым, білім, мә­дениет да­мыды. Жазушы, ақын, ғалымдардың қайнаған ор­тасы қалыптасты. Солардың ішін­де Фариза Оңғарсы­нова­ның шығармашылығы да, өр тұлғасы да бөлек. Менің ар­манымның орындалуына да себепші болған Фариза Оңғарсы­нова шығармашылығы еді. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, шоқтығы биік …

Жастарға шабыт берген Read More »

Адасқан тағдыр

Дина АТБАСАРОВА, 48 жаста. “Біздің махаббатымызға құрбыларым қызығып та, қызғанып та қарайтын. Құшақ-құшақ гүлдер, мейрамханалардағы сауық кештері, қымбат көлік, қаланың орталығында орналасқан пентхаус – бұның барлығы менде болды. Бірақ ешқайсысы да мені бақытты ете алмады. Қазір мен темір тордың арғы жағында отырмын. Өткен күндеріме көз жүгіртсем, ешқайсысын қайтадан басымнан өткергім келмейтінін түсіндім. Тек екі құлыншағыма …

Адасқан тағдыр Read More »

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР

Абыройлы кәсіп Құрылыс саласы – еліміз экономикасының қозғаушы күші. Себебі бұл сала маңыздылығы жағынан дәрігерлер, мұғалімдермен бір қатарда тұр. Мемлекеттің, қоғамның ілгері басуын оның құрылыс саласына қарап бағалауға болады. Жылдар ғана емес, ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан сәулетті нысандар мен еңселі ғимараттар – осы сөзіміздің дәлелі. Аспанға бой созған зәулім сарайлардың кірпішін қалап, …

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР Read More »

Жол апатына көбіне жүргізуші кінәлі

Бас прокурордың №131 бұйрығы негізінде құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 2015 жылдан бері адамдардың жа­рақаттануына немесе қаза болуына соқтыра­тын жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) есебін элек­трондық ақпараттық жүйе бойынша жүргізіп келеді. Деректерге сәйкес, осы жыл­дың 5 айында облыс аумағында 146 ЖКО тіркеліп, 222 адам зар­дап шекті, оның ішінде 16 адам қайтыс болды. Түрлі дене жара­қаттарын …

Жол апатына көбіне жүргізуші кінәлі Read More »

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ

Қаланың орталық сая­ба­ғында ашық аспан ас­тында балалар байқауы өтті. Онда балғын­дар үш бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. “Туған же­рім – туған өлкем” атты көркемсөз оқу бай­қауын И. Шухов атындағы орта­лық қалалық кітап­хана мен “Мир атрак­цио­нов” серіктестігі бір­лесіп ұйымдастырды. Бала­лар­дың оқуға деген қызы­ғу­шылығын ояту, олар­дың бойында сахна мә­дение­тін қалыптастыру, шы­ғар­машылығына қол­дау көрсету мақсатында ұйым­дастырылған ша­ра­ға 6-15 …

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ Read More »

Суға батып кетті

Қызылжар ауданы, Приб­­режное елді мекенінің ма­ңында орналасқан “Чер­ное” көліне суға шомылуға бар­ған 20 жастағы жігіт мерт бол­ды. Облыстық төтен­ше жағ­дайлар де­партамен­ті бас­пасөз қыз­метінің мәліме­тінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кеш­ке болған. “Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды із­деуге төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылды­рылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 …

Суға батып кетті Read More »

АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ

Өткен жылдың желтоқсан айын­да Айыртау ауданынағы Ло­баново ауылында дәрігерлік ам­булатория ашылды. Бүгінде ме­ди­циналық нысан Лобаново, Шал­қар, Алжан және Заря ауылда­рының 1600 тұрғынына қызмет көр­сетеді. Амбулаториялық қызмет 400-ден астам бала және 300-ге жуық зейнеткерді қамтиды. Бір ауы­сым­да пункт 15 адамды қабыл­дай алады. Онда 2 жатын орын­дық стационар бар. Сондай-ақ ме­дициналық бригаданың тұрғын­дарға жылдам жетуіне де жағдай …

АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ Read More »

Идеологиялық жұмыстарға серпін керек

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумын ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов қуанышты хабардан бастады. Ол жақында Астанада өткен ардагерлердің алқалы жиынынан облыс ардагерлерінің әлеуметтік маңызы бар тәжірибелік жобаларды іске асырудағы жетістіктері үшін берілген Алғыс хатпен оралған болатын. Бірлесе еңбек еткен әріптестеріне ризашылығын білдірген Ескендір Есмақұлы 2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижелерін талдауға көшті. Жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар …

Идеологиялық жұмыстарға серпін керек Read More »

Дәрігерге жазылу жеңілдеді

Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым­дар­дың (МСАК) біріне тіркелге­ніңізді тексеру қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медици­налық сақтандыру қорының жеткі­з­ушісі болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Егер сіз әлі МСАК-қа тіркелмеген болсаңыз, оған уақыт тауып, міндетті түрде тіркелуіңіз керек. Онсыз сіз дәрігерге тегін көріне алмайсыз, қажетті диаг­нос­тикадан өте алмайсыз, медициналық көмектің басқа …

Дәрігерге жазылу жеңілдеді Read More »