«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

ҚАҒАЗ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕТТІ

Петропавлда Қазақстанның бес кәсіпорнынан 25 маман қысқамерзімді курсқа қатысып, қағаз өндірісіне қатысты білімдерін жетілдіріп жатыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан “Профресурс” орталығы ашылды. Бұл – қағаз өндірісі бойынша қысқамерзімді оқытуды жүзеге асыратын елдегі жалғыз оқу орны. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған орталық “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тұр. …

ҚАҒАЗ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕТТІ Read More »

ҚОЛЫ АЛТЫН ДӘРІГЕР

“Әр сырқатты бауырың, ата-анаң, туысыңдай жақын тартып, сөйлессең, мұның өзі – жартылай ем”. Бұл сөздер Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматолог-дәрігері Марат Шаймолдаұлы Омаровтың өмірлік ұстанымы. Ақ халатты абзал жан біздің өңірде алғашқылардың бірі болып Илизаров аппаратын қолданған. Саналы ғұмырын медицинаға арнап, жұрттың батасын алған дәрігерді әңгімеге тартқан едік. – Марат Шаймолдаұлы, қазақ …

ҚОЛЫ АЛТЫН ДӘРІГЕР Read More »

ІЗДЕНІС АЛАҢЫ

Қазіргі таңда педагогтың кәсіби дамуы – оқу іс-әрекетінің табысты болуының аса қажетті шарты. Әрбір ұстаз – білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқушыларды жаңа белестерге жетелейтін ынталандырушы. Педагогтардың біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі – кәсіби шеберлік байқауларына қатысу. Бұл іс-шара мұғалімнің дағдылары мен білімін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім беру …

ІЗДЕНІС АЛАҢЫ Read More »

Мұғалім қанша күн демалады?

Қоғамда “мұғалім­дер­дің еңбек демалысы екі айға жуық, сәйкесінше көп ақша алады”, – деп пе­дагогтардың жалақы­сын есептеп жүретін­дер аз емес. Педагогтар үшін ең маңызды әлеу­меттік кепілдіктердің бірі – жыл сайынғы ақы­лы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақ­тығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күнді құрап отыр. Педагогтарға жыл сайынғы ақылы еңбек демалы­сының 2 түрі – …

Мұғалім қанша күн демалады? Read More »

Бірлескен жұмыстың берері мол

Әлемдік өркениетке жетер бағытта Қазақ­стан Республикасының гүлденуіне кепілдік берер бірден-бір жол – болашақ ұрпақтың білімділігі мен рухани байлығы. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүнитанымының қалыптасуына, білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда білім саласында жүр­гізіліп жатқан игі істердің басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, …

Бірлескен жұмыстың берері мол Read More »

Өршіл болмыс иесі

Адамның жаратылысы қызық және оның сырын танып-білу де қиын. Тәжірибеден бір байқағанымыз, табиғатынан тұйықтау, жуастау көрінген жандардың үндемей жүріп-ақ таудай іс тындыратыны, тынымсыз еңбегінің бағаланбай, елеусіздеу қалып жататыны. Түймедейін түйедейге балап, көбік сөздің майын ағызатын кейбіреулерге қарағанда мұндай санаттағылар сөзге де шорқақтау. Сол себепті болар, бастапқыда алдыңғылардың аты озып, соңғылар көштен қалып қойғандай әсер еткенімен, …

Өршіл болмыс иесі Read More »

Тамағыңыздан түйін байқасаңыз дереу дәрігерге көрініңіз!

Ұйқышылдық, шамадан тыс тершеңдік, ашуланшақтық, ентігу, тамақтың жыбырлауы. Бұл – қалқанша безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері. Қалқанша безінің қатерлі ісігі – обырдың сирек кездесетін түрі болып есептеледі, оның үлесі барлық онкологиялық аурулардың ішінде 1 пайызды ғана құрайды. Десек те, эндокриндік қатерлі ісік әлемде жаңадан диагноз қойылған жайттардың жалпы санының 91,2 пайызына тең келіп отыр. Облыста қалқанша …

Тамағыңыздан түйін байқасаңыз дереу дәрігерге көрініңіз! Read More »

Президенттің қолынан шен алды

Астанадағы “Атамекен” мемориалды кешенінің қасында орналасқан алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік погондарын табыс еткені белгілі. Олардың қатарында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының түлектері де бар. Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Мемлекеттік Ту мен еліміздің бас қаласы ұлт бірлігінің айқын белгісі, офицерлік шен – Отан алдындағы зор жауапкершілік екенін атап …

Президенттің қолынан шен алды Read More »

ҚАРАЛЫ ҚАҒАЗ ЖІБЕРІП, ҚАНШАМА ҚАЙҒЫ САЛДЫ ОҚТАР…

Екінші дүниежүзілік соғысқа Есіл ауданы, Ақтас ауылынан тепсе, темір үзетін зіңгіттей 56 азамат қатысты. Басым бөлігіне топырақ жат жерден бұйырды. Ұлын, отағасын, әкесін зарыға күткен ана, асыл жар, жанары жасқа шыланып, жаутаңдаған бала қайғыдан қан жұтып, тас түйнектей көкірегін жаншыды, жан жарасын тілгіледі. Арада сексен жыл өтсе де, тым болмаса жерленген жері белгілі болып қала …

ҚАРАЛЫ ҚАҒАЗ ЖІБЕРІП, ҚАНШАМА ҚАЙҒЫ САЛДЫ ОҚТАР… Read More »

Жолдама үшін талас: соңғы мүмкіндік

Париж төріндегі жазғы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Шілденің 22-сі жалауы желбірейтін додаға облыс спортшылары арасынан жалғыз Алексей Луценко ғана жолдама жеңіп алды. Өкінішке қарай, боксшы қызымыз Наталья Богданова мен балуанымыз Нұрқожа Қайпанов төрт жылдықтың басты жарысына қатысу мүмкіндігінен айрылды. Ал брейкинг пен жеңіл атлетикадан әлі үміттіміз. Желаяқ жерлесіміз Михаил Литвин қазір ел біріншілігіне …

Жолдама үшін талас: соңғы мүмкіндік Read More »

ТЕГІН ОТАЛАР

Өңірде биыл жоғары технологиялық қымбат отаны сырқаттарға тегін жасау үшін 361 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген. “Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс­тық филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мони­торингілеу бөлімінің басшысы Ольга Полянскаяның айтуынша, өмір үшін аса маңызды қымбат отаға биылға бөлінген қаражат­тың 207,7 млн. теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру …

ТЕГІН ОТАЛАР Read More »

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Облыс орталығында “Бір күн қалада” жобасы аясында көшпелі экс­кур­­­­сия бастау алды. Уә­лиханов, Ақжар және Айыртау аудандарынан келген кішкентай қо­нақтар қаланың көрікті жерлерін аралауға кі­рісті. Балалардың күн тәртібі бел­гіленіп қойған. Олар орталық саябақтағы “Аттракциондар әлемінде” көңіл көтеріп болған соң облыстық тарихи-өлкетану музейіне, “Абылай хан резиден­циясына” барып тарихтың тұң­ғиығына үңілді. Одан соң қала­дағы кинотеатрға барып мульт­фильм көрсе, …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС Read More »

СУЛЫШОҚТАҒЫ СҰЛУ ӨМІР

Осыдан бес-алты жыл бұрын таза қазақ ауылы Су­лы­шоқтағы тоғыз жылдық мектепте 13 оқушы ғана қалып, бастауыш білім ошағына айналу қаупі төнгенде тарағалы тұрған елді мекенді “Агро-Комплекс-Сулы­шоқ” ЖШС директоры Қайрат Жәнібеков сақтап қалған болатын. Тұрғындардың алды жүктерін буып-түйіп, көшу қамына кіріскен алмағайып кезеңде ол осы өңірдің тумасы ретінде ұлтжандылықтың нағыз үлгісін көр­сетіп, қомақты инвестиция құйды. Ауылдастарының …

СУЛЫШОҚТАҒЫ СҰЛУ ӨМІР Read More »

Мектеп – ауылдың тірегі

Жуырда Есіл ауданына ісса­пармен барып, ауылдардағы оқу орындарының жай-күйімен, ты­ныс-тіршілігімен таныстық. Ісса­па­рымыз Покровка ауылдық ок­ругінен басталды. Төрт елді мекен қарайтын ауылдық округте барлығы 1805 тұрғын өмір сүріп жатыр. Ауылдық округ аумағында 33 агроқұрылым жұмыс істейді. Негізінен дәнді және майлы да­қылдарды өсірумен айналысады. Ат басын Покровка орта мек­те­біне бұрдық. Мұнда өткен оқу жылында 235 оқушы білім …

Мектеп – ауылдың тірегі Read More »

Артериялық гипертония: нені білу керек?

Ересектер арасында ең көп таралған созылма­лы жүрек-қан тамырлары ауруының бірі – ар­териялық гипертония. Қимыл-қозғалыстың аз­дығы, зиянды тамақтарды тұтыну салдарынан бұл дертке шалдыққандар саны артқан. Артериялық гипертония не­ме­се артериялық гипертензия – артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде сынап өлшемімен 140/90 мм дейін және одан жоғары көтерілуі. Сырқаттар­дың 90 пайызында дерттің пайда болуына не себеп …

Артериялық гипертония: нені білу керек? Read More »

Салтымызды сақтай білейік

Ұлттың басты сипаты оның салт-дәстүрінен танылады. Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүрлеріміз аға буын мен жастарды біріктіріп, түсініспеушіліктің алдын алады. Осы күні жастар мен аға буынның арасындағы алшақтықтың тым үлкейіп кеткенінің басты себебі – дәстүрімізді сақтамауымызда. Бабаларымыз мұның бәрін жақсы білген. Дәстүр – жай ғана рәсімдік салт емес, үлкен мағынасы, қоғамдық қызметі бар құндылығымыз. …

Салтымызды сақтай білейік Read More »

ДАСТАРҚАННАН БАТАСЫЗ ТҰРМАҒАН

Қоғамда ұлтымыздың болмыс-бітіміне, дәстүр-салтына қатысты әңгіме қозғала қалса көбіміз “ұлттық код” деген тіркесті тілімізге тиек ететініміз жалған емес. Бұл сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен …

ДАСТАРҚАННАН БАТАСЫЗ ТҰРМАҒАН Read More »

Дарақылық қашан тыйылады?

Қазақ халқы ұлан-асыр той жасап, ат шаптырып, қыз қуу өткізіп, балуандарды күрестіріп ел есінде қаларлықтай той жасап, ас бергені рас. Дегенмен ондағы той мен астың мәнін, сәнін бүгінгімен салыстыруға болмайды. Бүгінгі тойда дарақылық басым. Мол шығынды қалта көтерер болса, әрине қуанышты той жасап бөліскен жарасымды іс. Ал қысқа жіп күрмеуге келмей, жоқшылықтың қамытын киіп жүріп, …

Дарақылық қашан тыйылады? Read More »

Тамырын тереңге жайған

Сыпыра жыраудың “Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар, Би баласы биге ұқсар, Алты қанат үйге ұқсар, Хан баласы ханға ұқсар, Биік-биік шыңға ұқсар, Құл баласы құлға ұқсар, Мал таптаған гүлге ұқсар” деген нақылы қазақтың болмысын терең танытатын “тектілік” деген ұғымның сыр-сипатын ашып тұрғандай. Осы орайда аталас туысымыз Есқожадан ұрпақтарына дарыған қайсарлық, еңбекқорлық, мейірімділік, …

Тамырын тереңге жайған Read More »

САЯХАТШЫ БАЛАЛАР

Өңірімізде тасқыннан зар­дап шеккен отбасылардың 30 ба­ласына жазғы демалысқа жолдама берілді. “Samruk-Kazyna Trust” қо­рының қолдауымен жүзеге асырылатын “Туған елге саяхат” әлеуметтік жобасы аясында 12 күн ішінде балалар Астана, Бу­рабай, Алматы, Тараз, Түркіс­тан, Байқоңыр қалаларындағы танымал мәдени-тарихи орын­дарды аралайды “Samruk-Kazyna Trust” әлеу­меттік жобаларды дамыту қо­рының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, балалар саяхат пойызындағы сапардан көкжиегі кеңейіп, …

САЯХАТШЫ БАЛАЛАР Read More »