Интеллектуалдық ойын
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында облыстық полиция департаменті аппаратының және Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері “Рәміздер – рухымыз” тақырыбында өткен интеллектуалдық-саяси панорамаға қатысты. Іс-шараны облыстық полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімі И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырды. Жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы туралы мәлімет айтылды. Содан кейін шара интеллектуалдық ойынға ұласты. Үш …