МЕНІҢ АТАМ — БАТЫР АДАМ
Бала күнімізде Жеңіс күні мерекесі жақындаса, біздің үйге мектеп ұстаздары мен оқушылар ағылатын. Олар соғыс майдангері болған атама құрмет көрсетіп, Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері жайында сұрайтын. Сол уақытта ерлігін елі бағалаған майдангердің немересі болғаныма мақтанатынмын. Әскери саланы таңдауыма да “ерлігі елге мұра” болған атамның тәрбиесі себеп болды. Ұлы Отан соғысының ардагері, атам – Сейполла …