«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Еңбек тәртібі қатаң сақталуы шарт

Мемлекеттік қызметшілер “Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” За­ңына (9-бап 4-тармақша) сәй­кес, құқықтар мен бостандық­тарды пайдалануға, еңбегінің қор­ғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, өзінің лауазым­дық өкілеттіктері шегінде мәсе­лелерді қарауға және олар бо­йынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың олар­ды орындалуын талап етуге құқылы. Оларға лауазымды өкілеттіктерін атқа­ру үшін …

Еңбек тәртібі қатаң сақталуы шарт Read More »

Ел чемпионы атанды

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел біріншілі­гін­де екі бірдей солтүстікқазақстандық балуан топ жарды. Ел біріншілігінде грек-рим кү­ресінен бақ сынаған жерлесі­міз Николай Хапко алтыннан алқа тағынды. Солтүстікқазақ­стан­­дық балуан 72 килограмм салмақ дәрежесінде сынға тү­сіп, жеңіске жетті. Еркін күрестен өңір намы­сын қорғаған Нұрқожа Қайпа­нов та жеңіс тұғырына көтеріл­ді. Ба­луанға 74 килограмм салмақта тең келер ешкім болмады. – …

Ел чемпионы атанды Read More »

Жол апаты жиіледі

Өңірлік коммуникация­лар қызметінде облыстық полиция департаментінің 2023 жылы атқарған жұ­мыс­ына қатысты бас­пасөз мәслихаты өтіп, де­пар­тамент бастығы, по­ли­ция полковнигі Айдын Қаб­дұлдинов баяндама жасады. Сөз басында ведомство бас­шы­­­сы жуырда Президенттің қа­ты­­суымен елордада өткен Ішкі іс­тер министрлігінің кеңейтіл­ген оты­­рысында полицияның сер­вис­­­тік моделін құру жөнінде бір­қа­­тар міндеттер қойылғанын атап өтті. – Өткен жылы полиция қыз­меті­нің мәртебесін арттыру үшін бірқа­тар …

Жол апаты жиіледі Read More »

Зиянды жұмыстағыларға арналған төлем

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетінін айтқан болатын. Мемлекет басшысының тап­сырмасын іске асыру мақсатын­да 2024 жылғы 1 қаңтардан бас­тап зиянды еңбек жағдайларын­да жұмыс …

Зиянды жұмыстағыларға арналған төлем Read More »

Емтихан нәтижесі бірден шығады

Ұлттық бірыңғай тесті­леуде талапкер өзінің нәтиже­сімен келіспеген жағдайда бір­ден апелляцияға бере алады. Өйткені тестілеу бұрынғы қа­ғаз нұсқадан электронды фор­матқа ауыстырылғаннан бері емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі электронды тестілеуде талапкерлердің жинаған ұпайла­ры тестілеу соңында экранға шы­ғарылады. Сонда көрсетілген қо­рытындысымен келіспеген жағ­дайда сол мезетте апелляцияға бере алады. Апел­ля­цияға беруге тест нəтижеле­ріндегі сұрақтардың мазмұнына не­ме­се …

Емтихан нәтижесі бірден шығады Read More »

Қастерлі мамандық иесі

Ұзақ жылдар бойы елімізде өмірден беймезгіл кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамырлары кеселімен ауырғандар саны бірінші орында тұрды. Оның басты себебі – осы сырқатты құрықтау жоғары деңгейге жеткізілмегендігінен еді. Дамыған елдерде кеселді анықтау мен оған ота жасаудың әдістері табылып, жабдықтары жасалып жатқанымен,  оны сатып алуға, барып үйренуге қаражат табылмайтын. Республика бойынша кардиологиялық орталық тек Алматыда ғана …

Қастерлі мамандық иесі Read More »

Денсаулыққа пайдалы

Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен Петропавл қаласында бочча ойынының секциясы ашылды. Бұл спорт мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған. Бочча 1984 жылдан бері паралимпиадалық спорт түрі болып саналады және халықаралық федерацияға мүше 80-ге жуық мемлекетті біріктіреді. Қазақстан өткен жылы осы халықаралық ұйымға қосылды. Бочча секциясының тұсаукесері “Арман” балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтіп, халық қалаулылары орталық …

Денсаулыққа пайдалы Read More »

Болашаққа салынған инвестиция

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша алғашқы  жинақтары түсті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша брифинг өтіп,  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры облыстық филиалы бөлімінің жетекшісі Ғалия Мұқанова жобаның шарт-талаптары туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап іске қосылған бағдарлама аясында Ұлттық …

Болашаққа салынған инвестиция Read More »

Ербол Хамитов — әлем кубогының жүлдегері

Жерлесіміз Ербол Хамитов Италияда пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде қола медаль еншіледі. Солтүстікқазақстандықты айтулы жеңісімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады. “Өткен жылы Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионы атанған болатын. Биыл жерлесіміз намысты қолдан бермей, ел қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды. Пара атлетті жеңісімен …

Ербол Хамитов — әлем кубогының жүлдегері Read More »

Қажеті — қайсар мінез

Мүмкіндігі шектеулі жандар қатысатын пара спорт жайлы барлығымыз да ха­бар­дармыз. Бірақ сурдлимпиада спорты туралы көпшілік біле бермейді. Әрине, екеуі­не де кембағал жандар қатысады, бірақ атлеттерге қойылатын талаптар өзге­ше. Сурдлимпиада пара спорт­тың қатарына енгенімен, есту ке­містігі бар атлеттер тірек-қимыл аппараты зақымданған немесе белгілі бір дене мүшесі жоқ мү­гедектер арасындағы жарыс­тар­ға қатыса алмайды. – Сурдлимпиадалық спорт – …

Қажеті — қайсар мінез Read More »

Білім саласында саны басым

Экономикалық зерттеулер инс­титутының сарапшысы Жа­нерке Рахманның айтуынша, қазіргі уақыт­та жұмыс күшінің басым бөлігін әйелдер құрай­тынына, олардың арасында жо­ға­ры білімділердің көптігіне қа­рамастан лауазымдық қызмет­те­гі басшылық өкілдігі рөлінің ба­ғалануы әлі төмен. Мемлекеттік басқару сатысына көтерілген сайын нәзік жандардың саны азая түседі. “Білім беру саласы бойынша зерттеушілер арасында сандық феминизация, яғни әйелдерге еркектермен тең мүмкіншілік беру үрдісі байқалады. …

Білім саласында саны басым Read More »

ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ

Өңірдің медициналық ұйымдары жаңа 19 санитарлық автокөлікпен толығып, темір тұлпарларды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде табыс етті. Техниканың жартысы ауылдарға берілді. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді.  Былтыр облыс орталығында екі емхана пайдалануға берілді. “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы шеңберінде биыл елді мекендерде 38 дәрігерлік амбулатория мен …

ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ Read More »

ЗЕЙІНДІ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

Оқушылар сарайында “Хи­мо­Квиз” облыстық байқауы өтті. Байқауға 9 сынып оқу­шыларынан құрылған 20 команда қа­тысты. Бұл – өткен жылмен са­лыс­тырғанда екі есе көп, демек байқаудың танымалдығы артып келеді. Қа­тысушы топтардың басты мін­деті – қызықты әрі күрделі сұрақ­тарға жауап беріп, практикалық тапсырма­ларды орындау, тәжірибелер жасау шешімдер қабыл­дау, тапқырлық және белсенділік көрсету. Сан түрлі сынақтардан сүрін­бей өтіп, бірінші …

ЗЕЙІНДІ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ Read More »

Құрметті азаматқа бұйырғаны құрқылтайдың ұясындай бір бөлме

Біздің келетінімізден хабардар Қазиза әжей жүзінен мейірім шуағы төгілген күйі есік алдында тұр екен, ежелгі танысындай құшақ жая қарсы алды. Жарты ғасырға жуық трактор тізгіндеген еңбек ерін басқаша кейіпте елестеткен едік, сөйтсек  киіктің асығындай ғана екен. Ойлы жанарында біз білмейтін әлдебір жұмбақ сырлар жасырынып жатқандай көрінді, сағынышты сезіммен еске алатын өмір белестерін білгенше асықтық. Пәтерге …

Құрметті азаматқа бұйырғаны құрқылтайдың ұясындай бір бөлме Read More »

ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЕҢБЕГІ – ЕРЛІКПЕН ПАРА-ПАР

Әлемде қауіп-қатермен байланысты екі мамандық болса, соның бірі – өртсөндіруші. Бұл кәсіп иелері күнделікті өз басын қатерге тіге отырып, басқа адамдардың өміріне араша түседі. Өйткені өртсөндірушілер тек қызыл жалынды сөндіруге ғана шықпай, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар құлаған уақытта, жол-көлік оқиғаларында, өнеркәсіптік апаттарда, су тасқыны мен жер сілкінісінде, сондай-ақ қауіпті химикаттармен байланысты төтенше жағдайлар туындаған …

ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЕҢБЕГІ – ЕРЛІКПЕН ПАРА-ПАР Read More »

Қайырымдылық бұрышы

Қазақстан халық партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары “Қайырымдылық бұрышын” ашу туралы бастама көтерді. Бұл ұсынысты алғашқылардың қатарында “Семейный” супермаркетінің директоры Андрей Исаков қолдады. Саяси ұйымның жергілікті филиалы төрағасының орынбасары Болат Қожахметовтің айтуынша, бұл жерде кез келген адам аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен, өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға арнап азық-түлік себетін қалдыра алады. Бастапқыда …

Қайырымдылық бұрышы Read More »

ЖАРНАМАСЫ ЖЕР ЖАРЫП ТҰР

(“Құмар ойынның құрбандары”, “Soltüstık Qazaqstan” газеті, 18 қаңтар 2024 жыл) ХХІ ғасыр – ғылым мен бі­лімнің өркендеген кезе­ңі. Қазіргідей ақпарат­тың асып-тасып жатқан зама­нын­да адамдар да көп нәр­седен хабардар. Мысалы осыдан жүз жыл бұрын жұр­тшылыққа жазу-сы­зу­ды үйретудің өзі мұң бол­са, қазір оған еш­кім бас қа­тыр­майды. Бұ­рын жоғары білімге қол жеткізіп, диплом алу екі­нің бірінің басы­на қона …

ЖАРНАМАСЫ ЖЕР ЖАРЫП ТҰР Read More »

Судың құны өсуі мүмкін

Жақын арада Петропавлда су тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде өткен қоғамдық тыңдауда айтылды. “Қызылжар су” ЖШС өкілдерінің айтуынша, тарифті қымбаттатудағы негізгі себептердің бірі – инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі. Яғни серіктестік сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, станциялардың және техникалардың тозуын азайтпақ. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын да көтеруді жоспарлап …

Судың құны өсуі мүмкін Read More »

Денсаулық кепілі

Өңір басшысы облыс орталығында орналасқан спорт нысандарын аралап, материалдық-техникалық базасының жай-күйімен танысты. Бүгінгі таңда “Дельфин” су спорт түрлері бойынша балалар мен жасөс­пі­рімдер спорт мектебінде 350 тәрбиеленуші бар. Былтыр 122 млн. теңгеге нысан­ның шатыры мен бассейніне күрделі жөндеу жүргізілген. “Дельфин” БЖСМ басшы­сының орынбасары Азамат Хаб­дуллин жас спортшылардың же­тістіктерін баяндады. 11 тәр­бие­ленуші – ел құрамасының, ұлт­тық құрама …

Денсаулық кепілі Read More »

АУЫЛ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР

Шал ақын ауданындағы Жа­ңасу ауылының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр. Елді мекендегі су мұнарасы істен шыққан. Қыс басталғалы жаңасулық­тар судан тапшылық көріп келеді. Былтыр жөндеуден өткен су мұ­нарасы екі күннің бірінде қатып қалатын көрінеді. Амалы құры­ған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, көмек сұ­рады. Олардың айтуынша, мұ­нара қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қыздырып отыру қа­жет. …

АУЫЛ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР Read More »