Қысқы біріншілік жеңімпазы
Талдықорғанда волейболдан қыздар арасында қысқы ел біріншілігі өтті. Жарысқа 2009-2010 жылдары туған бойжеткендер қатысты. Чемпионатта өңір намысын “Қуаныш” командасы қорғады. Биылғы қысқы чемпионатқа 19 команда қатысты. Жерлестеріміз 7 ойын өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Жартылай финалда “Қуаныш” талдықорғандық “Жетісу” клубын 3:2 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Финалда солтүстікқазақстандық ұжым өскемендік “Алтай” командасына қарсылас атанды. …