СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жасаған жұмыс сапары аясында заманауи спорт кешенінің ашылуында болды. Жобаны 374 млн. теңгеге Ерік Балапанов бастаған «KazFoodProducts» холдингі жүзеге асырған. «Бизнестің әлеуметтік нысандар салу бастамасы – әлеуметтік жауапкершілік пен мемлекет-жекеменшік әріптестіктің жарқын үлгісі. Бұл – ауыл тұрғындары мен балалардың саламатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді өткізуге қосқан үлес», …