Фарида, Фаридажан, Фарида қыз!
Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев көзі тірісінде халқымыздың аяулы қызы Фаризаны жырға қосса, бүгінгі күні Қызылжар жұртшылығы Фаридасын дәл солай жоқтауда. Иә, ол мына өмірден мәңгілік мекеніне аттанған күні табиғат та бізбен бірге жылады, ақ аспан төрінен шелектеп жаңбыр жауғаны сөзімнің дәлелі емес пе?! Қара жердің қойнына тапсырған сәтте де күннің қабағы бір ашылмады. Фарида …