Ауылдағы өрт сөндіру бекеті
Уәлиханов ауданының Мортық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл нысан төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, өрттерді сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аса қажет. Енді өртсөндірушілер оқыс оқиға орнына жылдам жетіп, көмек көрсете алады. Өрт сөндіру бекетінде әзірге 2 маман жұмыс істеуде. Оларға қажетті техникалық құрал-жабдықтардың барлығы сатып алынды. Мортық пен Кішкенекөл ауылының аралығындағы қашықтық …