ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ — ОҚЫРМАН
“Қазпошта” акционерлік қоғамы облыстық филиалында кезекті мерзімді баспасөзге жазылу науқанына арналған акция өтті. Мамандар мұндай шараны ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл күні оқырмандар өздерінің сүйікті газет-журналдарына жазылып, редакция өкілдеріне сауалдарын қойып, жылы лебіздерін арнап, мәре-сәре болып қалды. Алаштың ардақты перзенті Ахмет Байтұрсынұлы: “Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, …