АЛТЫ АУДАНДА СУҒА ТҮСЕТІН ОРЫН ЖОҚ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айтылып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және шомылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Өткен төрт айда өңір экономикасы 6,2 пайызға өскен. Сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үй және байланыс салаларында өсім бар. Әсіресе, құрылыс саласының нәтижелігі …