ЕЛІНЕ СІҢГЕН ЕҢБЕГІ
Ақжар ауданында дүниеге келген тележурналист, жазушы, бұқаралық ақпарат құралдары саласының топменеджері Мақсұтжан (көптеген деректерде Мақсұт деп айтылады – С. Қ.) Әубәкіровтің есімін жерлестері ұмытпағаны абзал. Еліне ерен еңбегі сіңсе де, есімі елеусіздеу қалған қаламгердің туғанына биыл 85 жыл толып отыр. Мақсұтжан Әубәкіров 1938 жылы Ақжар ауданындағы Қарабұлақ ауылында өмір есігін ашып, 1996 жылы Алматы қаласында …