БІР МИНУТ ҮНСІЗДІК. Оның астарында не жатыр?
Адамның жасы ұлғайған сайын қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіздіктер, оларды болдырмаудың жолдары туралы ойлана бастайды екенсің. Бізді, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтар мазалайды. Көп жасап, көпті көрген аға буын өкілдерінің арасында кездесіп жататын кемшіліктерге де бейжай қарай алмаймыз. Қазақтың арғы-бергі тарихына терең бойласақ, ұлтымыздың небір зобалаңдар мен қиындықтарды бастан өткергенін аңғарамыз. Тарих сахнасынан ұлт ретінде …