Атамның әңгімесі
Мен соғыстың қасіретін тарихтан, түрлі фильмдерден және атамның әңгімесінен ғана білемін. Көз алдыма соғысты елестеткен кезде жаным түршігеді. Күннің көзін тұмшалаған қара түтін, зеңбіректер ойқастаған жердің төсі, қан-жоса болған адамдарды ойлаған кезде сұм соғыс енді қайталанбаса екен деп тілеймін. Біздің ауылдан аттанғандардың ішінде майдан даласында қалғандары да, аман елге оралғандары да болды. Сонымен қатар жеңіске …