Ауылға ауызсу жетті
Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғындары отыз жылдан астам ауызсудан тарықты. Жазда – көлдің, қыста қардың суын ішуге мәжбүр болды. Осы жылдар аралығында елімізде елді мекендерді ауызсумен қамтуға арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асса да, белоелықтар оның бірінің шарапатын көрген жоқ. Түрлі қолдаудан құр қалған тұрғындардың судың жайын айтып бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Редакциямызға хат жолдап, …