«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортпен шұғылдануға жағдай жасау – облыстық спорт басқармасының алдына қойған мақсаттарының бірі. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдіменов аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір өңір тұрғындарының 215 …

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМЫП КЕЛЕДІ Read More »

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАР

Бүгіндері білім беру саласына ақпараттық технологияларды енгізу үрдісі белсенді жүргізілуде. Бұл ретте мектем мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, шеберлігін шыңдау маңызды. Оқушылар сарайында “ІТ саладағы тәрбие беру және оқушылардың әлеуетін арттыру” тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық семинар осы мақсатты көздеді. Шараға аталған сала бойынша 250 пән мұғалімі қатысып, ортақ мәселелерді ортаға салып, жаңашыл ойларымен бөлісті. Педагогтар “Оқушыларға арналған робототехника”, …

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАР Read More »

Терең білім, тәлімді тәрбие

Ұлттық құндылықтарды көздің қа­рашығындай сақтай отырып, бір-біріне аманат ету дәстүрінен жаңыл­ма­ған ұрпақтар арасындағы жара­сымды сабақтастық Тәуелсіздіктен кейін өзгеше мазмұнмен толығып, өркен жая түсті. 2022 жылдың “Ба­ла­лар жылы” деп жариялауы – со­ның нақты бір айғағы. Елімізде өс­келең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы жалпыұлт­тық міндет ретінде қарастырылып, ай­рықша көңіл бөлінген. Осы қағи­да­ны берік ұс­танған Ақтас негізгі …

Терең білім, тәлімді тәрбие Read More »

ЕР МҰҒАЛІМНІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ КЕРЕК

Бұрындары мектеп қабырғасында мамандық таңдау тақырыбына міндетті түрде шығарма жаздыратын. Сонда оқушылар жапатармағай аяулы ұстаздарына еліктеп, мұғалімдік жолын жалғастыруды армандайтындарын жазып жататын. Олардың арасында ұлдардың саны көп болатын. Ғасырлар тоғысында осы үрдістен мүлдем айырылып қалдық. Араға жылдар салып, енді оның ащы зардабын тартып отырған жайымыз бар. Осы оқу жылында өңіріміздегі 16487 мұғалімнің 11381-і, яғни 69 …

ЕР МҰҒАЛІМНІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ КЕРЕК Read More »

Отан қорғауға баулимын

Еліміз шекарасы шегенделген қуатты мемлекетке айналса да, тұ­тастығы мен тыныштығын сақтау – ең басты міндетіміз. Халық батыры Бауыржан Момышұлының “Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір аза­маттың асыл парызы, ардақты бо­рышы, кімде-кім әскер қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес”, – деген ұлағатты сөзі өскелең ұрпаққа елжанды, отаншыл болу міндетін жүктейді. Өзім Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық …

Отан қорғауға баулимын Read More »

Ұстаз – ұлы ұғым

Бұрындары ұстаз деген ұлы ұғым айбарлы, айбатты есті­ле­тін. Аты аталса, әріп үйретіп, “Әліппені” жаттатқызған ба­лауса шақ еске түседі. Ауыл мұғаліміне деген құрметті әке-шешелеріміз мек­теп табалдырығын аттамай жатып санамызға құйып, зер­демізге тоқып отыратын. Біздің кезімізде ұс­тазға қарсы сөйле­мек түгіл, бетіне қарауға жүрексінетінбіз. Бүгінде мұғалімге де­ген құрмет-қошеметтің, сыйластықтың қа­дірін қашырып, құ­нын кетіріп алғандаймыз. Иә, ұстаздың қоғамдағы абырой-беделін …

Ұстаз – ұлы ұғым Read More »

ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ ЖАДЫМЫЗДА

Адамның ғұмыры – қамшының сабындай қысқа әрі өл­шеу­лі ғой. Біздің өңірімізде өмірін елдің гүл­денуіне арнап, таңдаған мамандығына адалдығымен танылған жан­дар аз емес. Олардың бірқатары келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапарға аттанса да, көзі тірі кездерінде атқарған істері, еселі еңбектері көпшіліктің көңіл түкпірінде сақ­таулы. Осындай азаматтар туралы ойланғанда менің көз алдыма Қобылан Хамзин ағамыздың жарқын бейнесі елестейді. …

ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ ЖАДЫМЫЗДА Read More »

Мәскеуден келген маман шеберлік сағатын өткізді

Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы кардиологиялық орта­лықта Мәскеуден келген маман тә­жірибесімен бөлісіп, солтүстікқазақ­стандық дәрігерлер­мен бірге бітелген қан тамырына дә­рілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізді. Мұндай техноло­гия елімізде алғаш қолданылып отыр. Дәрілік жабындысы бар коронарлық баллон әлемнің 10-нан астам клиникасында соңғы үш жылдан бері пайдаланылуда. Мәскеулік маманның көмегімен аз инвазивті ота облыстың 4 тұрғынына жасалды. Солардың бірі …

Мәскеуден келген маман шеберлік сағатын өткізді Read More »

Қар суы қауіпті

Облыс орталығында еріген қар суы жер үйлерге кіріп, тұрғындарды әбігерге салды. Әсіресе Ойқала, “Береке”, Солнечный шағынаудандары мен Жұмысшы кентінде жағдай күрделі. Коммуналдық қызмет пен құтқарушылар күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасованың айтуынша, 25 наурыздан бастап “iKOMEK” диспетчерлік орталығына 300-ге жуық қоңырау түскен. Хабарласқандар көшедегі, ауладағы, жол жиегіндегі суды сорғызуды …

Қар суы қауіпті Read More »

Шалғайдағы ағайынның жанайқайы

Уәлиханов ауданынан Мәулен Айтмағанбетов есімді зейнеткер хабарласып, ауылы аралас, қойы қоралас кей ауылдардың күрмеуі күрделі проблемаларын ортаға салды. Оның айтуынша, Қулыкөл және Қайрат ауылдық округтері тұрғындарының дені – өз ағайындарымыз, олар мал өсірумен айналысады. Облыс, аудан орталықтарынан шалғай тұратындықтан, кейбір әлеуметтік мәселелер шешуді қажет етеді. Мәселен, Қаратал, Береке ауылдарында ұялы байланыс нашар, интернеттің жылдамдығы төмен, …

Шалғайдағы ағайынның жанайқайы Read More »

Жеке үй салуға жер телімін беру тәртібі

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын­дау бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. “Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жө­ніндегі қағидаларды бекіту туралы” қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ау­дандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, …

Жеке үй салуға жер телімін беру тәртібі Read More »

ОРТАҚ ТАЛАП, ТЕҢ МҮМКІНДІК

“Мүгедектігі бар адамдардың құ­қықтары туралы” Конвенцияда ай­тылғандай, мүмкіндігі шектеулі жандарға еркін жүріп-тұрулары, қоғамдық өмірге жан-жақты қатысу мүмкін­дігіне ие болулары үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Олар кез келген ортада, қоғамдық көліктерде, әлеуметтік нысандарда болсын барлық мүмкіндіктерді он екі мүшесі сау адамдармен бірдей пайдалана алулары тиіс. Қалалық және ауылдық жерлерде нысандар мен қызметтерге қолжетімділік жа­уапты мекемелер …

ОРТАҚ ТАЛАП, ТЕҢ МҮМКІНДІК Read More »

Малы саудың — жаны сау

Соңғы жылдары облысымыздағы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты өсім көрсетіп, өнім көлемінің артып келе жатқаны байқалады. Теріскей төсіндегі мал басы көбейіп, дәнді-дақылдар алқаптары артуда. Мал шаруа­шылығын өрістету бойынша өңірдегі оң тәжірибелер өзге облыстарға үлгі болып отыр. Өткен жылы облыстың ауыл ша­руашылғы саласындағы өндірілген өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке көңіліміз өсіп, қуан­ғанымызбен, оған жету жолындағы …

Малы саудың — жаны сау Read More »

Сулышоқтағы Мәдениет үйі

Биыл Мағжан Жұмабаев Сулышоқ ауылында Ұлыстың ұлы күні өзгеше нақышта тойланды. Әсіресе, ауылдың ажарына сән қосқан жаңа Мәдениет үйінің пайдалануға берілуі мерекелік көңіл күйді одан сайын асқақтатты. Ауылдағы ағайынның қуанышына аудан әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов, “Агрокомплекс Сулышоқ” ЖШС-ның басшысы Қайрат Жәнібеков, көрші елді мекен тұрғындары ортақтасты. Орталық алаңға жиналған қауым бір-бірін ізгілікке толы әз-Наурыз мейрамымен …

Сулышоқтағы Мәдениет үйі Read More »

Мейірім – жүректен

Петропавлда іскер әйел­дер қауымдастығының ұйым­дастыруымен V рес­пуб­ликалық “Мейірімділік керуені” байқауының үздік­тері марапатталды. Қоғам­да игі ісімен көпке үлгі болып, айналасындағы жандарға аз­ды-көпті пайдасын тигізіп жүрген жандардың еңбегі 7 аталым бо­йын­ша бағаланды. – Қоғамдық және қайырымдылық шараларымен айналысатын әрі әлеу­меттік, экологиялық, ағартушы­лық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген адамдар мен еріктілердің ара­сынан “Асар”, …

Мейірім – жүректен Read More »

Заманауи орталық қажет

Елімізде үстел теннисін серік еткендер көп. Біздің өңірде де аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстар жиі өтеді. Бәсекелестік бар жерде сапаның артатындығы белгілі. Алайда аталған спорт түрінің кеңінен қанат жаюына облысымызда кедергі келтіретін түйткілдер де жоқ емес. Заманауи үстел теннисі орталығының болмауы – басты мәселе. Аталмыш спортты дамыту жайын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үстел теннисінен аға жаттықтырушы …

Заманауи орталық қажет Read More »

КӨНЕ АТАУЛАР ҰМЫТЫЛМАСЫН

Жуырда “Soltüstık Qazaqstan” газетінде шыққан “Ескі атаулар­дан қашан құтыламыз?” деген мақаланы оқып, осы мәселеге бай­ланысты мен де өз ой-пікірімді білдірмек болып қолыма қалам ал­дым. Құдайға шүкір, Тәуелсіздіктің арқасында бірқатар елді ме­кендердің тарихи атаулары қайтарылды. Алайда әлі де оно­мастикалық комиссия мүшелеріне, қоғам өкілдеріне, “Қазақ тілі” ұйымына атқарар жұмыс көп. Өкінішке қарай, ауылдардың ежелгі атауларын білетін көне …

КӨНЕ АТАУЛАР ҰМЫТЫЛМАСЫН Read More »

Тұлпар тұяғының дүбірі

Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-бай­тақ даламызда тұлпарлар тұя­ғы­ның дүбірі жиі естілген. Ұлан-асыр той болса, өр мінезді жігіт­тер сәй­гүліктерін сайлап, жанкүйерлер де­лебесін қоздырған ойын­дарға қа­тыс­қан. Байырғы заманнан келе жатқан дәстүрді сақта­ған азамат­тар бүгін де бар. Олардың бірі – “Zha Group” компа­ния­сының басшы­сы Жәнібек Есілбаев. Наурыз мейрамына орай ол Шал ақын ауданының Бірлік ауылын­да көкпардан жарыс ұйымдастырды. …

Тұлпар тұяғының дүбірі Read More »

Іскерлік оның серігі

Таңғы сағат сегізде жұмыста болу – Райхан Сағындықова үшін әбден қалыптасқан әдет. Қырық жыл бойы осы дағдысынан жаңылған емес. Оған тігін цехы ерекше ыстық. Семей жеңіл өнеркәсіп техникумын бітірген жас маман Петропавлдағы “Комсомолка” тігін фабрикасының есігін имене ашқан. Содан бергі өмірін осы салаға ғана арнап, балалар киімін тігумен айналысып келеді. Еңбек жолын қарапайым тігіншіліктен бастап, …

Іскерлік оның серігі Read More »

“АЯЛАНЫҢ” АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Петропавл қаласындағы “Аяла” қарттар үйінің ашылғанына екі жыл. Кәсіпкерлік 2021 жыл­дың қазан айында мақұлданып, мейірімге зәру қарттар бұл жерге келесі жылдың мамырында жи­налыпты. Қарттар үйінің шаңырағын көтерген петропавлдық кәсіпкер Гаухар Ахметжа­нова. Ол өзінің бизнес жобасын ұсынып, мемлекеттен алған қаржысына көкейінде жүрген ісін бастаған. Гаухар Серікқызы – ата мен ана­ның тәлімін көрген, бүгінде өзі де перзент …

“АЯЛАНЫҢ” АЯЛЫ АЛАҚАНЫ Read More »