«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Бата берер ақсақал іздеп жүрмін

Халқымызда “Батаменен ел көге­рер, жаңбырменен жер көгерер” деген тамаша сөз бар. Жасы үлкен, көпті көрген ақсақалдың ақ батасы жолы болмай жүрген талай жанның жолын ашып, бағын еселегенін та­рихтан жақсы білеміз. Бөкен биден бата алған Сырым Датұлы есейе ке­ле дүйім жұртты аузына қаратқан шешен әрі ақылман болмады ма? Қара қылды қақ жарған Төле биден бата алған …

Бата берер ақсақал іздеп жүрмін Read More »

Ат құлағында ойнаған

Атбегілік – ер-азаматтардың ғана ісі деп ойлайтындар қатты қателеседі. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ирина Коротаева 35 жылдан бері сәйгүлік баптап, балаларды аталмыш спорт түріне баулып жүр. Ол осы уақыт аралығында талай спорт шеберін тәрбиелеген. Қызылжар өңірі – жабайы жылқы алғаш қолға үйретілген жер сана­ла­ды. Әлем ғалымдары Солтүстік Қа­зақстан облысына қарасты Айыртау ауданындағы Ботай қазба орнында …

Ат құлағында ойнаған Read More »

АМАЛДАН БАСТАЛАР ӘЗ-НАУРЫЗ

Облыс орталығындағы “Alageum Electric” электротехника зауытында Амал мерекесі тойланды. Іс-шараға облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмірин қатысып, зауыт қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. – Біздің ата-бабаларымыз бұл мейрамды ықылым заманнан бері тойлап келеді. Наурыз амалдан, кө­рісуден басталады. Дәстүр бойын­ша бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көктемнің келуімен құттықтайды. …

АМАЛДАН БАСТАЛАР ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Білім және ғылым саласына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Қазақстан Республи­ка­сы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші-әдебиет сыншысы, филология ғы­лымдарының докторы, профессор Мырзатай Серғалиұлы Серғалиев 1938 жылдың 17 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь (қазіргі Шал ақын) ауданына қарас­ты Жаңажол ауылында дүниеге келген. Қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым, өнегесі мол білікті ұстазымыз ортамызда болса, үстіміздегі …

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ Read More »

Мәңгілік ұстазым

Мырзатай Серғалиұлы ғұмыры­ның жарты ғасырын білім мен ғы­лым­ға арнады. 600-ден астам ғылы­ми еңбегі, соның ішінде 10 моногра­фиясы, 6 оқулығы – тілтану мен әде­биеттануға қосыл­ған зор үлес. Ол ұлттық тіл, ұлттық салт-сана, ұлттық құндылық, ұлттық мәдениет, ұлттық руханият сияқты мәселелерге де қа­лам тербеді. Ши­рек ғасыр екі ұлттық универ­ситеттің – әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық университе­тінің қа­зақ филологиясы …

Мәңгілік ұстазым Read More »

АЛҚАМНЫҢ АЖАРЫ АЙШЫҚТЫ ЕДІ

Кітап, газет-журнал “кеміру” маған бала кезден жабысқан әдет. Зейнет демалысына шыққан соң құмарлығым тіпті үдей түскендей. Облысымыздағы жалғыз қазақ тілді басылым – “Soltüstık Qazaqstan” газетінің әр санын жібермей оқимын. Пошта қызметі баяу болған соң редакцияға өз аяғыммен барып алғанды жөн көремін. Бір жолы газеттің бес данасын бірақ алып қайттым. Әдетте үйге бара жатқан жолдағы – …

АЛҚАМНЫҢ АЖАРЫ АЙШЫҚТЫ ЕДІ Read More »

Тісті де тегін емдете аласыз

“Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры” облыстық филиалы Петропавл қаласының стоматоло­гиялық клиникаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Шарада тұр­ғындарға міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру аясында тегін стоматологиялық көмек алу жайы түсіндірілді. 2023 жылы 26 ұйым халыққа сто­матологиялық көмек көрсетеді. Олар­дың қатарында мынадай 18 мем­лекеттік және 8 жеке клиника бар: “Кенжетаев клиникасы”, “Юди-дент”, “МД-дент”, “Данара”, “Стома­то­логия”, “Рус-дент”, “Рус-дент плюс”, “Денсаулық” және …

Тісті де тегін емдете аласыз Read More »

Қызмет түрі сан алуан

Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазан­дағы №689 қаулысына сәйкес наурыздың екінші сенбісі жерге орна­ластыру, геодезия және картогра­фия күні ретінде бекітіліп, кәсіби мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Биыл бұл мейрам 11 наурызға тұс­па-тұс келіп отыр. Еліміздің экономикалық дамуы­ның барлық кезеңдерінде жерге орналастыру аса маңызды орын алады. 1969 жылы “Целингипрозем” мемлекеттік жобалау институтының Солтүстік Қазақстан филиалы құ­рылған болатын. Тәуелсіздігімізден кейін …

Қызмет түрі сан алуан Read More »

Браво, Варвара!

Ресей Федерациясының Кемерово қаласында өткен қысқы спорт түрлерінен ІІ “Азия балалары” ойындары өз мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің намысын қорғаған петропавлдық конькиші Варвара Глухова алтыннан алқа тағынды. Варвара Глухова конькимен жүгі­ру спортымен 10 жылдан бері айна­лысып келеді. Бұған дейін де түрлі жа­рыстарда облыстың намысын қор­ғаған бойжеткен спорт шеберіне үміткерлердің қатарында. Кемеро­вода өткен Азия чемпионатына ол …

Браво, Варвара! Read More »

Тіршіліктің ажары

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні “Жастар” сарайының іші ерекше жайнап кетті. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров түрлі салада талмай қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасындағы бақыт пен берекенің бастауы, мейірімділік пен парасаттың мәйегі болып отырған әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, ана мен баланың денсаулығын жақсартуға айтарлықтай көңіл бөлінуде. – Сіздердің …

Тіршіліктің ажары Read More »

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының 101 жастағы тұрғыны Валентина Волкодавтың үйіне барып, еңбек ардагерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Өңірімізде көзі тірі санаулы ғана майдангер қалса, солардың бірі – 19 жасында соғысқа аттанған Валентина Волкодав. Ол замандастары қатарлы қолына қару алып, миллиондаған адамның арманына айналған Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Сұрапыл соғыстың ортасында …

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ Read More »

Жазасы қатайтылды

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі­нің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостан­дығынан айырылды. Облыстық соттың апелляциялық алқасы прокурордың апелляциялық өтініші бойынша К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М. деген азаматтан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Оған бюджет қаражатын мерзімінен бұрын аударуға …

Жазасы қатайтылды Read More »

“ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ”

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында өткен ғасырда ел басына түскен ауыртпалықтарды қазақтың қыз-келіншектері қалай еңсергені хақында ой толғамақ болып, қолыма қалам алған жайым бар. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – әйел. Нәзік жандар – тіршіліктің тамыры, шаңырақтың ұйытқысы. Сондықтан әйел затының қоғамдағы, адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше дер едім. Бір қолымен …

“ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ” Read More »

МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ

Бүгінде Петропавл қалалық полиция басқармасында қызмет ететіндердің әр бесіншісі – әйел. Иығына погон тағып, ерлермен иық тіресе қылмыспен күресіп жүрген қыз-келіншектер, тіпті ер адам үшін де психикалық тұрғыда ауыр соғатын, күш-жігер мен табандылықты қажет ететін тергеуші мамандығын меңгерген. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны Әлия Ешпенова. Бүгінде полиция подполковнигі шеніне дейін көтерілген білікті маманмен мереке …

МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ Read More »

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Ол ауылда өсті. Сонда назарына іліккен бір жай: басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі дәрігерлік пунктті бетке алушы еді. Және бір байқағаны ақ халатты жанның алдына қабағы түсіп, аһылап-үһілеп жететіндер сәлден соң сырқатынан құлан-таза айығып кеткендей жадырап шығатын. Нақ осы кезде оның жас жүрегі лүпілдеп, қатты қуанатын. Кейде, осындай көңіл күй кешкенде әлгі адамдардың ізімен дәрігердің …

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ Read More »

Қызыл судан қауіп көп

Облыста “Көктем – 2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Шара аясында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында су тасқыны кезеңінде тұрғындарды тө­тенше жағдайлар салдарынан қорғау жұмыстары пысықталды. Облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов мамандардың табиғаттың “тосын сыйына” дайындықтарын тексеріп, су басу қаупін азайтуға жұмылдырылатын техниканың жай-күйімен танысты. Оқу-жаттығу­лар барысында арықтар мен су өт­кіз­гіш құбырлар тазартылып, …

Қызыл судан қауіп көп Read More »

Шарапат шуағы

Петропавлдағы облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының төрт кабинеті оқуға қажетті жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Бұл мақсатқа “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры тарапынан 33 млн. теңге бөлінді. Мектеп-интернатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу “Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру” қайырымдылық бағдарламасы аясында мүмкін болды. Нәтижесінде есту кемістігі бар балалар оқитын білім ордасының бастауыш сыныптары, ағаш ұстасының …

Шарапат шуағы Read More »

Батыл оқушылар

Петропавлға Қорғаныс министрлігінен ақпараттық-насихат тобы келіп, “Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар” патриоттық акциясын өткізді. Бұл шара Қарулы Күштердің және әскери қызметтің беделін арттыруды, жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыруды, сондай-ақ, әскери-патриоттық тәрбие беруді көздейді. Іс-шара барысында Петропавл­да­ғы №4 мектепте бірнеше баланы жарақаттаған 9 сынып оқушысы­ның қолындағы балта-пышағын тар­тып алған екі жасөспірім Нұрислам Сандыбай мен …

Батыл оқушылар Read More »

Жол ақысының жартысын ғана төлейді

Петропавлда 1 наурыздан бастап 15 пен 18 жастағы жас­өспірімдер қалаішілік қоғамдық көліктерде 50 пайыздық жеңілдікпен жүретін болды. Ол үшін баланың қолында жа­сын растайтын құжаты болса жет­кілікті. Петропавл қалалық әкімдігі бас­пасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында мұндай жеңілдік бұрыннан бар, бірақ ол 7 мен 15 жастағы мектеп оқушылары үшін ғана қолданылып келген. Облыс орталы­ғында бұл жастағы балалардың …

Жол ақысының жартысын ғана төлейді Read More »

Қызыққа толы бір күн

8 наурыз – Халықаралық әйел­дер мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша департа­ментінің қызметкерлері Мағжан Жұ­мабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қол­дау орталығының тәрбиеленушіле­рімен бірге Петропавл қаласының көрікті орындарын аралады. Олар ең алдымен қаладағы сау­да орталықтарына барып, балалар­ға сәнді киім сатып әперді. Содан кейін қыздарға кәсіби шаш үлгісі жа­салды. Орталық тәрбиеленушілері …

Қызыққа толы бір күн Read More »