«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ

Ұстаздардың бала тәрбиесіндегі рөлі өлшеусіз. Ұстаз білгенін шәкірттерінің бойына сіңіруге асығады. Заман та­лабына сай өз білімін жетілдіріп отыруды да мақсат тұтады. Ұс­таздар білім беру­мен ғана шектелмей, сонымен қа­тар шәкіртте­рінің дені сау, ақыл-ойы толысқан, ізгі ниетті, мәдениетті де әдепті, дүниетанымы жоғары тұл­ға ретінде қалыптасуы үшін ізденіс­пен еңбек етеді. Бүгінгі күннің тала­бына сай шәкірт тәрбиелеп, оларға өнеге …

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ Read More »

Бала психикасы өте нәзік

“МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?” (“Soltüstık Qazaqstan” gazetı, 18 aqpan 2023 jyl). Облыс орталығында орна­ласқан №4 мектептегі жаға ұста­тарлық жағдайдың Үкіметтің отыры­сында арнайы талқылануы, орын ал­ған оқиғаның өте қауіпті жайт ретінде ба­ғалануы, соған орай нақты тапсыр­малардың берілуі бәрімізге жауапкершілік жүктеп, сыннан дұрыс қорытынды шығару талабын қойып отыр. Құзырлы орындар тарапынан қауіпсіздікке байла­ныс­ты мәселелер ішінен кә­ме­летке …

Бала психикасы өте нәзік Read More »

АНА БОЛУ — ӘЙЕЛДІҢ ПАРЫЗЫ

Тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген сәбиін аман-есен қолына алу – ананың ғана емес, бүкіл әулеттің тілегі. Халқымыздың “Жүкті әйелдің бір аяғы жерде болса, бір аяғы көрде” дегенінен-ақ, ана болудың әйел өміріне қаншалықты қауіпті екендігін байқауға болады. Адамнан адамның жаралуы оңай емес. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан қиын сәтте әйелдің жанынан табылатын, өмірге дені …

АНА БОЛУ — ӘЙЕЛДІҢ ПАРЫЗЫ Read More »

Аманғалидің алтыны

Мысыр елінде грек-рим күресі­нен Ибраһим Мұстафа атын­дағы рейтингтік халықаралық турнир өтті. Жарыста солтүс­тікқазақстан­дық балуан Аманғали Бекболатов топ жарды. Боз кілемде ел намысын қорға­ған спортшылар екі алтын, екі күміс және үш қола медальға қол жеткізді. Жерлесіміз Аманғали Бекболатов 55 килограмм салмақта өнер көр­сетіп, алтыннан алқа тағынды. – Менің салмағымда Қазақ­станнан үш балуан болдық. Қарсы­ластарымның қатарында Үндістан, …

Аманғалидің алтыны Read More »

Тым еркінсітіп жібердік

Петропавл қаласындағы №4 мек­тепте орын алған қайғылы оқиға бәрімізді үлкен ойға қалдырды. Мұн­дай жағдай басқа білім ошақта­рында орын алмайды деп ешкім кепілдік бере алмасы анық. Мұның өзі мақалада жазылғандай, көп жыл бойы қордаланған проблемалар­дың түп-тамырын тереңдей зерде­леудің орнына бетін ғана қалқып кел­генімізді айғақтап берді. Енді әңгі­мені сан-саққа жүгіртіп, кінәліні ізде­генше, балалардың алаңсыз оқуын қалай қамтамасыз …

Тым еркінсітіп жібердік Read More »

Шәкірт жүрегіндегі ұстаз

Сүйікті ұстазыңды есіңе алып ойлағанда ет-жүрегің елжіреп, әлдеқайдан жаныңа бір жылы шуақ құйылып, көл-көсір мейірімге бөленетін кез болады. Сірә, бұл шәкірттің ұстазына деген құрметі, ризашылығы шығар. Шәкірт жүрегіне енген ұстаз – ең аяулы, ең қадірлі ұстаз. Өз басым өмірде ұстаздан жолы болған адаммын. Қолыма қалам ұстаған жылдары көпке танылып, қандай да бір жетістікке жетіп жатсам, …

Шәкірт жүрегіндегі ұстаз Read More »

Үш оқушы грант иегері

Назарбаев зияткерлік мектебі­нің үш оқушысы – Олжас Құсайын, Нұрсат Керей және Айсана Басаға­ринова Азия құрлығының үздік жо­ғары оқу орындарының гранттарын иеленіп, City University of Hong Kong (CityU) университетін таңдады. Гон­конг қалалық университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтин­гінде (World QS Ranking) 54-ші, университеттердің Азиялық рейтин­гінде 23-ші орында. Ғылыми-зерт­теу үрдісі жағынан да әлемдік дең­гейде қарқынды дамып келеді. …

Үш оқушы грант иегері Read More »

АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ САПАСЫ АРТПАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ар­наған соңғы Жолдауында болашақ­қа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралай келе ден­саулық сақтау саласына да айрық­ша назар аудару қажеттігін баса айтты. “Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Меди­циналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, …

АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ САПАСЫ АРТПАҚ Read More »

Медициналық көмекке көңілі толмайтындар бар

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің қатысуымен өткен жиында денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар турлы айтылды. Сонымен қатар саладағы түйткілді мәселелер де талқыланды. Денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуда. Дәурен Жан­дарбектің айтуынша, соған қа­ра­мастан тұрғындардан келіп түсетін шағымдар азаяр емес. Мәселен, №3 қалалық емхана­дағы көрсетілетін медициналық көмектің сапасыздығына көңіл­дері толмайтындар бар. …

Медициналық көмекке көңілі толмайтындар бар Read More »

ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ХХІ ғасыр – ғылыми-техникалық прогрестің қарыштайтын дәуірі болмақ. Ақпараттық технологиялар адамға жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмір салтымызды өзгертуде. Зама­науи құрал-жабдықтар көптеген са­лада жаңа бетбұрыс жасады. Бұ­рын дәстүрлі жолмен табыс тауып кел­гендер енді өз жұмыстарын қайта қарай бастады. Осынау жаһандық үдерістен бизнес те шет қалған жоқ. Сондықтан да мен ойланбастан өз бизнесімді жаңа технологиялармен байланыстыруды жөн көрдім. …

ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ Read More »

“IPhone” алдым мінекей…

Нарық өз дегенін істетіп тұр. Қан­ша ақылды десек те, адам баласы қызылды-жасылды жарнама мен көздің жауын алатын тауарлардың алдында әлсіздік танытуда. Санаға әсер етіп, ақылға ерік бермейтін мар­кетингтің әсері мұншалық күшті бо­лар деп кім ойлаған? Шамадан тыс дүниені тұтынып, шашыла шы­ғын­дану – тек біздің ғана емес, барлық мемлекеттің басында бар жайт. Әсіресе өркениетті елдердің тұр­ғын­дары …

“IPhone” алдым мінекей… Read More »

Сергелдең

Маржан менің ауылдасым. Ба­ла­­лалық шағым нағашы жұртта өт­кен­діктен, оны сырттай жақсы та­ни­мын. Туыстығым жоқ. Менен төрт жас үл­кендігі бар. Бірге ойын қуған жоқ­пыз. Адаммен таңдап арала­сатын. Тұратын үйі төр көшеде. Отба­сы ауылдың үлгілі шаңырақтары­ның бі­рі саналды. Әкесі кеңшардың бас­шы­­лық қызметінде, бала тәр­бие­сі­мен үйде отырған анасы ауыл­дың қыз-келіншектері арасында аузы дуа­лы, сөзі уәлі жан болды. Бір …

Сергелдең Read More »

Шәкірттерін баласындай баулыған

“Ұл-қыздарымызды спортқа бе­руі­міз керек. Ол – ұрпақтың саулығы үшін керек. Спорт – елін, жерін сү­йетін нағыз азаматтарды тәрбиелеу­дің тиімді жолы”. Өңірімізге белгілі бапкер Қонысбек Түкенов екеуара сұх­батты адамның жігерін жанып, на­мысын қайрайтын осындай сөз­дер­мен бастады. Мақаламыздың кейіпкері Қонысбек Түкенов – грек-рим күресінен спорт шебері, жастар арасында Қа­зақстанның екі дүркін чемпионы, осы спорт түрі бойынша облыстың …

Шәкірттерін баласындай баулыған Read More »

Әр оқушыға – сапалы білім

Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында орналасқан орта мектепке 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектепті жөнге келтіруге 300 млн. теңге жұмсалыпты. Бүгінгі таңда оқу ошағы жаңа, яғни “Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы тәжірибесі бойынша балаларға дәріс беруде. Заман талабына сай жабдық­талған Қызылжар Абай орта мектебі – өңіріміздегі сенімгерлік басқаруға берілген білім ордаларының алғаш­қысы. Оқу …

Әр оқушыға – сапалы білім Read More »

Бесаспап маман

Тимирязев ауданы бойынша электр желілерін тарату учаскесінің шебері Мәрлен Жолдыбаев – тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі жоғары мамандардың қатарында. Ол Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп келгеннен кейін электр тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтер болып жұмысқа орналасқан, содан бері уақытпен санаспастан еңбек етіп, өз мамандығының үздігі атанды. Бұл саладағы жалпы жұмыс өтілі – 13 жыл. Ол …

Бесаспап маман Read More »

“Бестемше” – ұлттық ойын

Қазақтың ұмытылып кеткен не­месе санадан енді өше бастаған ұлт­тық ойындары көп. Ғасырлар жыл­ғасында қалыптасқан әрбір ойын­ның мән-мағынасы терең екендігі сөзсіз. Оларды қайта жаңғыртып, қол­данысқа енгізу өте маңызды. Осындай игі бастаманы облыс орта­лығындағы “Айгөлек” балабақшасы қолға алды. “Бестемше” ойынын жаңғыртуды жөн көрген олардың алғашқы жетістігі көпшілікті қуантып отыр. “Бестемше” – қазақ халқының ба­йырғы заманнан келе жатқан …

“Бестемше” – ұлттық ойын Read More »

Жарыс жолында – полицейлер

Облыс құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері Бор­ки кентіндегі шаңғы жолында кездесті. Мұнда “Динамо” дене шы­нықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы бастал­ды. Жыл сайын өткізілетін спарта­киа­даның бірінші түрі – шаңғы жары­сында полицей әйелдер арасында Мамлют аудандық полиция бөлі­мінің қызметкері Юлия Волошина үшінші болып мәреге жетті, ал об­лыстық полиция департаменті аппа­ратының қызметкері Татьяна Долбы­шева жеңімпаз атанды. Татьяна – халықаралық жарыстардың …

Жарыс жолында – полицейлер Read More »

Анастасияда – үш алтын!

Павлодарда есту қабілеті на­шар жандар арасында шаңғы жа­рысынан ел біріншілігі өтті. Додаға қатысқан жерлесіміз Анастасия Со­ловьева үш бірдей алтын медальға қол жеткізді. “Үміт” клубының мүшесі Анаста­сия Соловьева шаңғы жарысын­дағы 5 шақырымдық сында қарсы­лас­та­рының алдын орап, мәре сы­зығын бі­рінші болып кесті. Екінші орын ақмо­лалық спортшы Елена Пу­тинцеваға, ал үшінші орын павло­дарлық Сәния Досымхановаға бұйырды. Кейін жерлесіміз …

Анастасияда – үш алтын! Read More »

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЛСЕ ИГІ

Мен жасым тоқсаннан асқан ар­дагермін. Жас кезімізде қызмет ат­қар­дық, елде орын алып жатқан саяси, мәдени, әлеуметтік оқиға­лар­ға бір кісідей өз үнімізді қостық деп ойлаймын. Денсаулық сыр бер­ген соң, соңғы жаңалықтармен те­ледидар арқылы, мерзімді баспасөз құралдары арқылы танысуға мәж­бүр­мін. Бала кезімнен сырласыма, мұңдасыма айналған сүйікті басы­лымым облыстық “Soltüstık Qazaq­stan” газетінің әр нөмірін асыға кү­темін. Ондағы жарияланған …

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЛСЕ ИГІ Read More »

Есімі ұмытылмаса екен

Мархаба Иманқұлованы мен бала күнімнен танимын. Концерттік бағдарламамен ауылымызға өнер көрсетуге келгентін. Сахна төріндегі еркін қимылы әлі күнге дейін есімде. Кейін жергілікті телеарнада режиссерлік қызмет атқарып жүрген кезде концерттерін экранға шығарғаным есімде. Ол – ерекше дарынымен республикамызға танылған өнерпаз. Осындай жанның есімі бүгінде ұмытыла бастаған сияқты. Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Мархаба Иманқұлова Петропавл қаласында дүниеге …

Есімі ұмытылмаса екен Read More »