«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

“Сен де кеттің, мен де кеттім…”

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басқа­лы санамызда бұрыннан қалып­тас­қан көп қағида күшін жойды. Жаңа­шыл идеялар дәстүрлі ой-танымымызды өзгертіп, айналадағы әлемді басқаша тани бастадық. Өмірімізге дендеп енген ғаламтор болса, бізге бұрын түсімізге кірмеген мүмкіндік­тер сыйлады. Енді әр адам қай қиыр­да жүрсе де, көгілдір экранның күші­мен бар әлемді шарлай алады. Бұл өзгерістер аға буынға айтарлықтай әсер етпегенімен, жастардың …

“Сен де кеттің, мен де кеттім…” Read More »

Үлкен теннистегі жаңа есім

Әлемдегі танымал спорт түрлерінің бірі – үлкен теннис. Соңғы уақытта қазақстандық спортшылар да биік шыңдарды бағындыруда. Елена Рыбакина былтыр үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, айды аспаннан бірақ шығарған болатын. Ол биыл да сәтті өнер көрсетуде, Австралия ашық біріншілігінің финалына шықты. Алайда ерлер арасында жарқ етіп шыққан жарық жұлдыз жоқтың қасы, дегенмен соңғы уақытта Петропавлдың тумасы …

Үлкен теннистегі жаңа есім Read More »

Табан тірер тұрағымыз

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ауылды қазақсыз, қазақты ауылсыз елестету қиын. Қанша жерден кеуде керіп, қала тұрмысына дағдыландық дегенімізбен кіндігіміз туған жердің топырағына байлаулы тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Мен Мамлют ауданындағы Токаревка ауылында туып, сонда мектеп бітірдім, Омбының мал дәрігерлік институтын тамамдадым. Жеке шаруашылықпен айналысқаныма жиырма жылдан асты. Бүгінгі таңда “Хуландой” және “БОРЗ” жеке …

Табан тірер тұрағымыз Read More »

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Солтүстік Қазақстан облысында бес мыңға жуық беларус тұрады. Қызылжар өңірінде тұрып жатқан беларустардың ата-бабаларының көпшілігі Қазақстанға соғыстан кейінгі жылдары, тың жерлерді игеру кезінде келген. Тағдырдың жазуымен қазақ жерін мекен еткен оларды жергілікті жұртшылық жатсынған емес. Біз бірлігі жарасқан елде тірлік кешіп жатқанымызды мақтаныш етеміз. Беларус мәдениетін дамыту, та­рихын, ана тілін, әдет-ғұрпы мен дәс­түрін зерттеу мақсатында …

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН Read More »

Жырмен сусындаған жеткіншектер

Бүгінгі ұрпақтың ұлттық құндылықтарымыздан алыс­­тап, мәдениетіміз бен әдебиетімізден шет қалып жат­қаны жайлы жиі айтамыз. Бұл олқылық, ең алдымен, мек­­теп оқушыларының бойында байқалып жатады. Сон­дық­­тан да білім ордаларында балаларды өлең-сөзге бау­ли­тын үйірмелердің көп болғаны дұрыс. Оқушыларға арнал­ған осындай орталықтардың бірі Қызылжар ауданындағы «Парасат» мектеп-лицейінде жұмыс істеп тұр. Оқу жылының басында ашыл­­ған үйірмеде балғындар домбыра­ға, мә­нер­леп оқуға, …

Жырмен сусындаған жеткіншектер Read More »

КЕҢЕС КЕРЕК ПЕ, КЕҢСЕГЕ КЕЛ!

Облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде «Жастарға кеңес» кеңсесі ашылды. Кеңседе 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтар өзде­рін толғандырған сауалдарға жауап алу үшін кәсіби мамандар­дың көме­гіне жүгіне алады. Жыл басынан бері кеңсе мамандары­ның көмегін 50-ге жуық тұрғын алыпты. Олар баспана, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдар­ла­маларға қатысты сауалдар қойған. Кеңседе қабылдау өткізетін­дер­дің қатарында кәсіби заңгерлер мен мемлекеттік …

КЕҢЕС КЕРЕК ПЕ, КЕҢСЕГЕ КЕЛ! Read More »

Науқастарға – “Жедел жәрдем”

Өңіріміздің “Жедел жәрдем” қызметкерлері алғаш рет сүйек­іші­лік тамырлық қолжетімділік процедурасын қолданды. Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, атал­мыш әдісті облыс фельдшерлеріне Қазақстан-Канада жедел медицина­лық жәрдемінің халықаралық жат­тықтырушылары үйреткен. – Көбінде емдеудің түпкі нәти­жесі тамырлық қолжетімділіктің бо­луына байланысты болады. Науқас­тардың бір бөлігінде тамырлық қолжетімділікті қамтамасыз ету ана­томиялық ерекшеліктері, ауру неме­се жарақат сипатының салдарынан …

Науқастарға – “Жедел жәрдем” Read More »

Бір оқу – қос диплом

Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен танысу, онда оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат беру үшін облыс ор­талығындағы мектептердің оқушы­ларымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен шараға қатысқан шетелдік меймандар оқу үрдісі қалай жүргізілетінін айтты. Жиын барысында келешекте қос­дипломдық бағдарламаға педагоги­калық бағытты қосу туралы әңгіме қозғалды. Америкадағы Аризона универ­ситетінің білім беру колледжінің де­каны Роберт Берри қаладағы бірне­ше мектепті аралап …

Бір оқу – қос диплом Read More »

Жекпе-жек клубы

Ғабит Мүсірепов атын­да­ғы ауданның Тахтаброд ауы­лында аралас жекпе-жек түр­лерімен айналысуға арналған спорт клубы ашылды. “Тахтаброд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан­ның бір бөлігін қалпына келтіруге 17 млн. теңге бағыттап, қысқа мер­зімнің ішінде коммуналдық жүйе­лерін ретке келтірді. Жуынатын және жаттықтырушылар бөлме­ле­рін салып, балалар мен ата-аналарды үлкен қуанышқа бө­леді. Негізгі залда тренажерлар жұ­мыс …

Жекпе-жек клубы Read More »

Иіс тиген сәбилер

Облыс орталығында пешті дұ­рыс қолданбау салдарынан екі бала иіс тиіп уланып қалды. Об­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­таменті мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуын­ша, оқиға 23 қаңтар күні Петро­павлдағы Смирнов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 7 және 4 жастағы сә­билер бірден облыстық көпса­лалы балалар ауруханасына жет­кізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр. “Балалардың …

Иіс тиген сәбилер Read More »

Арақтан бас тартқан ауыл

Ғабит Мүсірепов атында­ғы ауданның Ковыльное елді мекені көпке үлгі. Мұн­дағы тұрғындар осыдан 10 жыл бұ­рын спирттік ішім­діктерден бас тартқан болатын. Облыстық полиция депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, 405 тұрғыны бар ауыл­да соңғы жылдары бір де бір қыл­мыс тіркелмепті. Полицияның есе­бін­де тұрғандар да жоқ. Бір­неше жыл бұрын елді мекендегі ақса­қал­дар жастарға ішімдік ішу­ден бас тартуды ұсынады. Ха­лық …

Арақтан бас тартқан ауыл Read More »

ҮЗДІКСІЗ ЖАТТЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Дәстүрлі сабақтарға қарағанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектептерде оқыту мен тәрбие үр­дісінің өзіндік ерекшеліктері мен ма­шықты үлгілері қалыптасқан. Әсі­ресе сөйлеу терапиясы, инновация сабақтарында, денсаулық сақтау технологияларын қолдануда лого­педтік тәжірибеге көбірек сүйенеміз. Бұл орайда, мүмкіндігі шектеулі бала ұғымына жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізудің, пайдаланудың маңызы айрықша. Ғасырлар бойы берік сынақтан өткен құндылықтар мен заманауи модельдік …

ҮЗДІКСІЗ ЖАТТЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ Read More »

Халықаралық байқаудың жүлдегері

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 “а” сынып оқушысы Айсана Құса­йынова “Горизонт – 2100” халықара­лық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-фантастикалық жұ­мыс­тар байқауының жүлдегері атан­ды. Ол өзінің ғылыми-фан­тастикалық шығармасын жарқын бола­шақ туралы эссе түрінде ұсынған. Осы тақырыптағы шығармаларды құмарта оқитын Айсана жастар арасында ұйымдастырылған кон­курсқа қатты қызыққан. Сондықтан бірден сайтта тіркеліп, қатысуға өтініш жолдаған. – Мен бұл байқауды әлеуметтік …

Халықаралық байқаудың жүлдегері Read More »

Жеңімпаздарға — жолдама

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің агротехнология факультеті ірі агро­компаниялармен серіктестік ор­натуды жалғастырып келеді. Жуырда аталмыш оқу орнында ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған препараттарды шығаратын “Август-Қазақстан” се­ріктестігінің мамандары болып, жо­ғары курс студенттеріне арнап дә­ріс оқып, зерттеу жұмыстары бай­қауын өткізді. Үш күнге созылған шара бары­сында компания мамандары білім алушыларға 10 сағат дәріс оқып, дәнді, майлы дақылдарды зиян­кес­терден …

Жеңімпаздарға — жолдама Read More »

Мамандығына адал

Ауылдағы ағайынның тұрғылықты жерінен жәрдем таппай, жағдайы нашарлағанда келетін жері – облыстық аурухана. Өңірдегі басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі осы жерден дертіне шипа табады. Облыстық ауруханадағы заманауи қондырғылардың арқасында бұрын ірі қалаларға сабылатын сырқаттар енді керекті ем-домды өзімізде де ала алады. Емдеу мекемесі жыл сайын жас мамандармен толығуда. Мұнда халық саулығы үшін 20-ға жуық бөлімше …

Мамандығына адал Read More »

Баяғының батырларындай

“Басқа спортты білмеймін, біздің қазақ төбелестен есесін жібермейді” дегенді жиі естиміз. Әзіл болғанымен, осы сөздің астарында шындық бар сияқты. Әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларда жұдырықтасудан жүлде алып жүргеніміз – сөзімізге дәлел. Ғасырдан-ғасырға тамыр жалғаған жауынгерлік өнеріміз бүгінгі жекпе-жек спортымен астарласып жатқаны жасырын емес. Білекті жігіттер облыс орталығындағы “Қызылжар” атауымен танымал спорт клубында жаттығып жүргенін айта кеткен …

Баяғының батырларындай Read More »

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА”

– Анашым, сіздің ақша туралы тү­сінігіңіз мүлдем қате. Мынау дөңге­ленген Жер шарында ақша бәрімізге де жетеді. Тек күн сайын 100 рет “мен баймын, менің ақшам көп, та­бысым молаюда” деген сөз тіркес­терін сеніммен айтып жүріңізші. Сол кезде сіздің миыңыз осы ақпаратты қабылдап, түпсанаңызға жеткізеді. Бұл – 100 пайыз дәлелденген дүние. Кеше мен қатысқан семинар-тре­нингте психолог осылай …

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА” Read More »

Айыппұл арқалағың келмесе…

Өзге өңірлерді қайдам, қызыл­жарлықтардың көбі жаңа жылда үйіне табиғи шырша орнатқанды жақ­сы көретінін аңғару қиын емес. Ме­реке қарсаңында кей дүкендердің алды қылқан жапырақты ағашқа лық толады. Сол шыршаларды сатып ал­ған тұрғындар бір-екі апта өткен соң оларды қайда жіберерлерін білмей дал болады. Өйткені қурай бастай­ды, яғни ағаштың қылқандары суды­рап жерге түседі. Бұған дейін қоқысқа тастап үйреніп …

Айыппұл арқалағың келмесе… Read More »

Сотталғандардың саны артқан

Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің саны былтыр 540 адамға өскен. Сондай-ақ сотталғандардың өздеріне дене жарақатын салу деректерінің саны да артқан. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі облыстық депар­таментінің мамандары өткізген алқа отырысында ай­тылды. Жиынға облыстық прокура­тураның өкілдері де қатысып, сот­талғандар құқығының қорғалуы қадағалаушы органның назарында екенін атап өтті. Түрмеге тоғытылғандар саны­ның өскеніне қарамастан, қылмыс­тық-атқару жүйесі органдары тұрақты, …

Сотталғандардың саны артқан Read More »

Жұмысқа жұмылдыруда

Жұмыссыздар санын азайту мақ­сатында елімізде бірнеше бағ­дарлама іске қосылып, мыңдаған жас пен зейнет жасына таяған жан­дар екі қолға бір күрек тапты. Әсі­ресе жұмыспен қамту орталықта­рына “Жастар тәжірибесі” бағдар­ламасы бойынша еңбек етуге өтініш білдіретіндердің қатары көп. Атал­ған бағдарлама аясында жас ма­ман­­ның жалақысын мемлекет тө­лейді. “Жастар тәжірибесіне” оқу ор­нын аяқтағаннен кейін 3 жыл ішінде жүгі­нуге болады. Бұдан …

Жұмысқа жұмылдыруда Read More »