ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ
Облыс орталығына жақын орналасқан Мамлют ауданында 11 ауылдық округ бар. Олардың құрамындағы 38 елді мекеннің 22-сі экономикалық жағынан әлеуетті саналса, 16-сы “болашағы бұлдыр” санатына енгізілген. Тұрғындардың саны 17 мыңға жуық. Ауданға ат басын тірегенімізде қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қыж-қыж қайнап жататын күнделікті тіршіліктің бағдаршам-штабы іспеттес әкімдікке соқтық. Аудан әкімі Владислав Лукиннің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, …