«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Андреевка орта мектебінің оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Оқушының әлеуметтік жарнама байқауына жіберген «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты жұмысын қазылар ең креативті туындылардың бірі ретінде бағалаған. «Мен сыбайлас жемқорлықты құбыжық ретінде көрсеттім, ал оның астында адам тұр. Ол таңдау құқығына ие – …

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ Read More »

ЖАҚЫНЫҢНАН АРТЫҚ ЖАНАШЫР ЖОҚ

«Екі аяғың бір етікке тығылып» асыққанда Құдайдың жолы да жеткізбей діңкелететіні бар емес пе? Мұндайда қиыннан қиыстырып жол табатын, қаланың қалтарыс-бұлтарысын бес саусағындай білетін тәжірибелі таксист те кезікпейді ғой. Бұл кәсіпті енді ғана меңгеріп жүргені айналаға абдырай қараған көзі мен рөлді тас қылып ұстап алған қолынан білінетін жас жігіттің жүрісі мандыған жоқ. Қиылыстардағы бағдаршамдардың әрқайсысына …

ЖАҚЫНЫҢНАН АРТЫҚ ЖАНАШЫР ЖОҚ Read More »

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

Рамазан айында халықтың сұранысы күрт артатын өнімнің бірі – құрма. Қасиетті айда аталған жеміс түрін әр үйдің дастарқанынан кездестіруге болады. Құрманың ауыз бекіткен адамның ағзасына пайдасы әлдеқашан дәлелденген. Мамандар күніне 2 құрма жеген адам дәрумен жетіспеушілігінен зардап шекпейтінін айтады. Аталған өнім В1, В2, В4 және тағы да басқа дәрумендерге, калий, кальций, кремний, магний, темір, марганец …

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП Read More »

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚШАУЛАҒАННАН ОПА ТАППАЙМЫЗ

Елдің өркениеттілік деңгейі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, әсіресе балаларға деген көзқарасымен де өлшенеді. Олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау – тек ата-аналардың ғана емес, мемлекет пен бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Жуырда Астанадағы лифтіде орын алған қайғылы оқиға ерекше балалар мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Ақыл-есінде ауытқушылығы бар жасөспірімнің 5 жасар …

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚШАУЛАҒАННАН ОПА ТАППАЙМЫЗ Read More »

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

Туған жерің – алтын бесік атамекенің. Ол – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің құтты қонысы. Әр адамның «кіші Отанына» деген сүйіспеншілігі ерекше  болатынын жастайымнан бойыма сіңіріп өстім. Менің туып-өскен жерім – Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осында  өтті.  Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрсақ та, «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімеппін. Отбасымызбен …

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ Read More »

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ

Кеңес одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен аман қалған жоқ. Тіпті тұтас бір халық сенімсіз ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1 наурызда  еліміз бойынша  кеңінен атап өтілетін Алғыс айту күні жалпыхалықтық мереке  ретінде орнығып,  бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды. Менің ойымша, Алғыс айту күнінің басты мәні – …

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ Read More »

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ?

Әр әзілдің астарында ащы шындық жатыр. Біздің қоғамда мұғалімдерге қатысты түрлі әзіл айтылады. Ал тереңінен ойласақ, күлетін жайт емес екен. Қазақ үшін мұғалім кім еді? Көзі ашық, көкірегі ояу тұлға-тұғын. Мұғалімдерге құрмет көрсетер кезде  ойлылардың айтқан асыл сөздерін жиып-теріп, төрден орын береміз де, келесі күні жолын кесіп жүре беретін қоғамбыз. Іштей  қоғамның дамуында білім саласының, …

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ? Read More »

КІТАП ОҚЫҒАН МҰҒАЛІМНІҢ САБАҒЫ ДА МАЗМҰНДЫ

Мұғалімнің кәсіби дамуы үздіксіз білім алумен тікелей байланысты. Кітап оқу – ұстаздың ақыл-ойын қуаттандыратын, таным көкжиегін кеңейтетін, оқыту әдістемесін жетілдіруге көмектесетін маңызды құрал. Ұстаз қаншалықты көп оқыса, оның сабағы да, оқушылармен қарым-қатынасы да соғұрлым мазмұнды әрі әсерлі болмақ. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын бәсеңдетіп жіберді. Бұл, әсіресе, жас мамандар …

КІТАП ОҚЫҒАН МҰҒАЛІМНІҢ САБАҒЫ ДА МАЗМҰНДЫ Read More »

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ АПАРАР ЖОЛ

Тәpбиe мeн білім – егіз. Білім беру бaлабaқшa табалдырығынaн басталады десек, қателеспейміз. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Сoл сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру ке-рек» – деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, біз – тәрбиешілер, әp бaланың жүрегіне жол тaбуымыз қажет. Мектеп жacына дейінгі балаларды дамыту мәселесі – мемлекетіміздің саясатының ажырамас …

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ АПАРАР ЖОЛ Read More »

БІЛІМНІҢ КІЛТІН ҰСТАТҚАН

Тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздың еңбегі ерен. Бала тәрбиесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгіге ізетін аямайтын, ұрпағына ұлылық ұялата білген, өзінің саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған, ұлағатты, білімді, еңбекқор ұстаздың бірі – Күлсара Ықласқызы Хамзина. …

БІЛІМНІҢ КІЛТІН ҰСТАТҚАН Read More »

«ӨРМЕКШІ АДАМ» ТӨРГЕ ОЗҒАН ЗАМАН

Ата-аналардың, ұстаздар қауымының көбі сәбилерінің туған күндері, бастауыш сыныпты бітіру кештері, өзге де мерекелік шараларға ертегі кейіпкерлерін айнытпай сомдап беретін аниматорлар іздеп сандалатыны белгілі. Өңірімізде клиенттің ойын ә дегеннен түсініп, айтқан кейіпкерінің кескін-келбетін, айтар сөзін сол қалпында салып беретін аниматорлар аз емес. Алайда олардың барлығы бірдей қазақша сөйлей алмайды. Халқымыздың «Мақта қыз бен мысығын», «Қарлығашын», …

«ӨРМЕКШІ АДАМ» ТӨРГЕ ОЗҒАН ЗАМАН Read More »

ТУБЕРКУЛЕЗ – ҚАУІПТІ ДЕРТ

Елімізде туберкулез ауруын жұқтырғандар азаяр емес. Дегенмен дерттен сақтануға болады. Оның өзге көптеген жұқпалы аурулардан айырмашылығы – белгілері бірден пайда болмайды, көп жағдайда жасырын түрде дамиды. Бұл науқас адамның туберкулезді басқаларға жұқтыру мүмкіндігін арттырады. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас жұқпа көзі болып табылады. Олар жыл бойы орта есеппен 10-15 адамға ауру жұқтырады. Вирус жұқтырып алған …

ТУБЕРКУЛЕЗ – ҚАУІПТІ ДЕРТ Read More »

ЕЛДІГІМІЗДІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры және мемлекетіміздің басты құндылығы. Қазақстан халқы Ассамблеясы міне, осы идеологияны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та былтыр аталған ұйымның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл …

ЕЛДІГІМІЗДІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ Read More »

Жерлесіміздің жарқын жеңісі

Солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетов қазақ күресінен Үндістанда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Делидегі жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта белдескен Мейіржан Берекетов қарсыластарын қоғадай жапырып, финалда грузин балуанын жеңді. Осылайша жерлесіміз Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені салды. Жеңімпазды …

Жерлесіміздің жарқын жеңісі Read More »

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Әкем – Қақаш Әуелбекұлы 1922 жылы Әкет ауылында дүниеге келген. Бір рулы ел мекендеген бұл ауыл ертеректе бұрынғы Көкшетау облысының Казанка (қазіргі Айыртау) ауданына қарайтын. Орманның ортасында орналасқан екен. Тарихымызда ұлы жұт аталып кеткен 1932 жылы орын алған  ашаршылық жылдарында әкем небәрі 10 жаста болған. Ауыл тұрғындары бір түнде Сухарабовка, Булаев елді мекендеріне жылжиды. 1936 …

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР Read More »

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ: Қызылжарда қандай жобалар жүзеге асырылуда?

2022 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай «Қазақстан халқына» қоры құрылып, аз уақыттың ішінде ірі компаниялар, монополистер мен кәсіпкерлер және жекелеген азаматтардан әжептәуір қаржы жиналды. Көп өтпей қордың құрылтайшылары бекітіліп, жоспары жасалып, әр сала бойынша жобалар жүзеге асырыла бастады. «Бұл қор қоғамды ұйыстырудың тағы бір құралы болатынына, азаматтардың бойындағы әлеуметтік әділдік сезімін нығайтатынына …

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ: Қызылжарда қандай жобалар жүзеге асырылуда? Read More »

ҚОРЖЫНДА – КҮМІС МЕДАЛЬ

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кубогы үшін волейболдан республикалық турнир өтті. Бұл маңызды шара Отан қорғаушылардың ерлігін дәріптеп, олардың шымырлығын арттырып, командалық рухты күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге ҰҚК-нің орталық аппараты, ведомстволық жоғары оқу орындары мен өңірлік департаменттерден 24 команда қатысты. Жарыс барысында әр команда үздік атану үшін барын …

ҚОРЖЫНДА – КҮМІС МЕДАЛЬ Read More »

АУЫЗСУ ТАПШЫ АУЫЛДАР БАР

Облыста 7,4 мың тұрғыны бар 88 ауылдық елді мекен таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Бұл жайында облыстық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Жол картасы бойынша биыл бұл мәселе толық шешілуі тиіс. Мәселен, сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңғыртуға шамамен 11,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл ақшаға 37 ауылға су тартылады. Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитетінің …

АУЫЗСУ ТАПШЫ АУЫЛДАР БАР Read More »

ТАСҚЫН ҚАУПІ: аудандардың дайындығы қалай?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға іссапары кезінде көктемгі су тасқынына дайындық бойынша кеңес өткізді.  Өңір басшысы алдымен мамандандырылған техниканың табиғаттың айтып келмес апатына қарсы әзірлігімен танысты. Аудан әкімі Руслан Аңбаев су басуға бейім учаскелер және ықтимал апаттың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы баяндады. Ауданда барлығы 60 елді мекен бар …

ТАСҚЫН ҚАУПІ: аудандардың дайындығы қалай? Read More »

КІТАПТАН ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ ЖОҚ

Ғаламтор жылдамдығы артып, технологиялар өмірімізге дендеп енді дегенімізбен, электронды контенттің қарапайым кітаптың орнын баса алмасы мәлім болып отыр. Мыңдаған жылдар бойы адамзатқа ұстаз болып, бізді осы күнге жеткізген кітаптың оқырманға берері әлі де мол. Түптеп келгенде, осы күнгі жеткен жетістіктері үшін адам баласы, ең алдымен, кітапқа қарыздар. «Адамзат оқуды тоқтатқан күні, ойлауын тоқтатады», –дейді Дени …

КІТАПТАН ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ ЖОҚ Read More »