ҮШ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ
Тайынша қаласында түнде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Сол күні жергілікті шаруашылықта жұмыс істейтін Айдын Ақанов үйдің шатырының лапылдап жанып жатқанын байқап қалады. Жедел қимылдап, көмекке ұмтылады. Аулаға кіргенде үйдің кіреберісі отқа оранып үлгерген екен. Ішінен балалардың жылаған дауысы естілген. Ол ойланбастан терезені сындырып, қою түтін басқан бөлмеден 2019, 2010 және 2009 жылы туған үш …