«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Редакция таңдауы

БЮДЖЕТІН КӨБЕЙТПЕЙ, БҮЙІРІ ШЫҚПАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін халыққа арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтерген болатын. Бұл жүйе 2021 жылдан бастап енгізіліп, мемлекеттік басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы маңызды қадамның алғышарттары қаланды. Содан бері елімізде 2334 ауыл әкімі сайланыпты. Алғашқы тәжірибеден-ақ сай­лаудың ашықтығы қамтамасыз етіліп, ауылдың дамуына, әлеу­меттік мәселелердің шешілуіне оң әсер ете бастады. Әкімдер …

БЮДЖЕТІН КӨБЕЙТПЕЙ, БҮЙІРІ ШЫҚПАЙДЫ Read More »

ЖЕЛБІРЕСІН КӨК БАЙРАҚ

Жоғары нәтижелерімен жанкүйерлерін қуантып жүрген жерлесіміз Ербол Хамитов Италияда өтетін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұстап шығады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көк байрақты салтанатты түрде табыс етті. Бұл – спортшының халықаралық аренадағы жетістіктеріне берілген жоғары баға әрі үлкен сенімнің белгісі. Ербол Хамитов қазіргі таңда Польшадағы әлем кубогы ке­зеңінде де ел намысын абырой­мен …

ЖЕЛБІРЕСІН КӨК БАЙРАҚ Read More »

ЕЛДІКТІҢ ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІРЛІК ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

Сыр бойындағы сәу­летті шаһар, ұлт та­рихының қазыналы қаласы Қызылордада бесінші мәрте шақы­рылған Ұлттық құрыл­тай отырысы жоғары деңгейде өтіп, ел тағ­дырына қатысты мән-маңызы зор мәселелер мен міндеттер талқыға салынды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Құрылтай мүшелері алдында сөз сөйледі. Еңбекпен көркейген өңір Бұған дейін ұлт ұясы Ұлытауда, түбі бір түркі жұртының қара ша­ңырағы Түркістанда, айбарлы …

ЕЛДІКТІҢ ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІРЛІК ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ МАҢЫЗДЫ Read More »

ҮШ ЖҮЗДЕЙ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ

Өңірімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген, ауыстыруды қажет ететін 33 елді мекен, 300-ден астам көше мен 13 ауылдық округ атауы бар. Олардың қатарында Куйбышев, Киров, Ленин ауылдық округтері, Буденное, Чапаево, Красный Октябрь, Комсомолец сияқты елді мекендер, сондай-ақ Ленин, Комсомол, Карл Маркс, Совхозный, Советский, Октябрьская, Калинин, Пионерская, Коммунистическая, Комсомольская, Киров, Куйбышев секілді көше атаулары кездеседі, – деп хабарлады …

ҮШ ЖҮЗДЕЙ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ Read More »

ӘУЕЖАЙҒА ТЕМІР ЖОЛ ТАРТЫЛМАҚ

Петропавл әуежайын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізіп, көлік торабын әмбебап ету үшін ұзындығы 6 шақырымдық темір жол тармағын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Петропавл әуежайының директоры Абыл Кекілбаевтың айтуынша, бұл қадам арнайы салықтық режімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, логистикалық инфрақұ­рылымды дамыту үшін инвесторларды тар­туға жол ашады. – Темір жол тармағын салу – орта мерзімді жоспар. …

ӘУЕЖАЙҒА ТЕМІР ЖОЛ ТАРТЫЛМАҚ Read More »

ЕСКІ КӨЛІК – ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН

Қазақстанда ескі көлік өте көп. Ұлттық статистика бюросы көрсеткендей, елдегі барлық көліктің жартысына жуығының шыққанына 20 жылдан асқан. Ал он жылдан асқан көліктердің үлесі тіпті 68 пайызға жеткен. Осының салдарынан елдегі жеңіл автокөліктердің «орташа жасы» – 22 жыл. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш – 13,9 жыл, Еуроодақта – 11,8 жыл, АҚШ-та – 11,9 жыл, Германияда – …

ЕСКІ КӨЛІК – ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН Read More »

«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ

Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдығы мен 2026 жылға баспасөзге жазылу науқанына орай ұйымдастырыл­ған «Газетке жазылып, iPhone ұтып ал!» акциясы өз мәресіне жетті. Шартқа сай газетке жазыл­ған оқырман ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды. Су жаңа «iPhone» иегері 31 желтоқсан күні тікелей эфирде анықталды. Жазушы, журналист Жарасбай Сүлейме­нов жеңімпаздың есімін лототрон арқылы анықтады. Бәріміздің көкейімізде сый­лықты газеттің …

«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ Read More »

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕН ЖАСТАР КӨП

Бүгінде Қазақстан жастарының саны 5,8 миллион адамға жетті. Олар ел халқының үштен бір бөлігін құрайды. Бастамашыл, дарынды, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жастар – ел ертеңін қалыптастыратын негізгі буын. Жастарды қолдау мен оларды теріс әдеттерден қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында жастарды елдің стратегиялық ресурсы ретінде атап, «Адал азамат» тұжырымдамасы …

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕН ЖАСТАР КӨП Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына кең көлемді сұхбат берді. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашы­лығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жыл­дан бері тұрақты шығып келеді. …

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ Read More »

ТАЙЫНШАНЫҢ ТАБИҒИ МАЙЫ

Тайынша – өңірдегі алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Биыл өндіріс көлемі 42 млрд. теңгеден 75 миллиардқа жеткен. Аудан өндірісінің облыстағы үлесі – 10,5 пайыз. Мұндағы жаңа экономикалық аймақтың да игі әсері көп. Тайыншадағы кей серіктестіктердің тарихы әріден басталады. Мәселен, мұндағы Петровка ауылындағы өндіріс орны 1957 жылы құрылған. Тоқтап қалған зауыт жұмы­сы 1997 жылы қайта жанда­нып, «Петровское …

ТАЙЫНШАНЫҢ ТАБИҒИ МАЙЫ Read More »

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ НЫҒАЯДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Бекежан Жә­кеевпен кездесті. Кездесу бары­сында Петропавл қаласының әуе­жайын өңірлік мультимодальды логистикалық хабқа айналдыру жо­басын іске асыру мәселесі қарастырылды. «Өңіріміздің Ресей Федерация­сымен шекаралас болуы, негізгі көлік-логистикалық бағыттардың тоғысында орналасуы жобаны іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Петропавл әуежайының қолданыс­тағы инфрақұрылымы жүк, әуе рейстерін қабылдауға, жүктерді қайта тиеуге және терминалдық …

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ НЫҒАЯДЫ Read More »

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТЫҢ ЖОБА

Тайынша ауданында Қазақстанда бұрын-соңды қолға алынбаған жоба, яғни сабан қалдықтарынан құрылыс панельдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Бастама Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды. Айтулы іс-шарада аудандық әкімдік пен білім ордасы ара­сында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құ­жат экологиялық әрі берік құрылыс материалдарын әзірлеуге негіз болмақ. Кездесуге қатысқан қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев …

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТЫҢ ЖОБА Read More »

ҚҰРСАҚ АНА БОЛУДЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде әрбір жетінші отбасы бір сәбиге зар болып отыр. Он бес мыңға жуық ерлі-зайыптының табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ. Бір перзенттің күлкісін естуге зәру жандардың дені амалы жоқтықтан экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) көмегіне жүгінетіні жалған емес. Өкініштісі сол, кейде бұл амалдан да қайран болмай жатады. Сондай сәтте ерлі-зайыптылар сәбилі болудың соңғы жолы …

ҚҰРСАҚ АНА БОЛУДЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША? Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрда балаларға арналған дәстүрлі Президенттік шыр­ша өтті. Оған өңірдің ең ақылды, белсенді әрі дарынды 200 оқушысы шақырту алды. Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысының атынан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, оқуда та­быс, жаңа жетістіктер мен асқақ армандарының орындалуын тіледі. Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік …

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ Read More »

АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ

Есіл ауданының Спасовка ауылында жаңа медициналық бекет ашылды. Ны­санның тұсауын аудан әкімі Мереке Мұ­хамедияров кесті. Ғимараттың құрылы­сына «Явленское МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсеткен. Жобаның жалпы құны 80 миллион теңгені құрайды. Бекетке жапсарлар медицина қызмет­керіне арналған жайлы қызметтік баспана мен учаскелік полиция инспекторына арналған ка­бинет те бой көтерді. «Жаңа медициналық бекет алғашқы дәрігерлік көмектің қол­жетімділігін …

АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ Read More »

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КӘСІПОРЫНДАР

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін жандандыру тапсырмасына сәйкес өңірде бірқатар жаңа кәсіпорынның таспасы қиылды. Кәсіпорындардың ашылуына өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Инвестициялық жобалар өңірдің агро-өнеркәсіптік кешенін да­мытуға серпін бермек. Қызылжардағы қатты ірімшік шығаратын жалғыз кәсіпорын – «Eurasian Milk» серіктестігі биылдан бастап қоюлан­дырылған сүт өндірісін қолға алмақ. Жобаға 5,2 …

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КӘСІПОРЫНДАР Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ МЕКЕНІ

Жыл өткен сайын құрылысы қарқын алып келе жатқан «Жас өркен» шағынауданында биыл бірқатар нысан пайдалануға берілді. Оның бірі — за­манауи үлгіде салынған балабақша. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарын сәбилер үйінің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін арнады. «Түрлі себептермен 2017-2023 жылдар аралы­ғында бюджет қаржысына облыс орталығында бірде-бір балабақша салынған жоқ. Соңғы екі жылда бұл іс қайта …

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ МЕКЕНІ Read More »

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

Елімізде не қымбаттамай жатыр?! Халыққа қажеттінің барлығының құны құбылып тұр. Алайда кейбір қызмет түрлерінің бағасы көтерілсе, қоғамда наразылық ушығады, ал енді біреулері елеусіз қымбаттай береді. Мәселен, қоғамдық көліктегі жолақы өссе, бұл міндетті түрде қызу талқыланады. Ал такси қызметінің құны артса, ол көп жағдайда ескерусіз қалады. Шындығына келсек, ТМД елдерінің ішінде такси қызметінің ең жоғары тарифі …

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА? Read More »

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ

Облысқа жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл жалынмен күрес үстінде ерлікпен қаза тапқан Алтынбек Әбдірахмановтың есімі берілген мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысты. Қала аумағында мұндай соңғы депо 1975 жылы пайдалануға берілген. Ал заманауи ғимарат­тың құны 2 млрд. теңгеге жуық. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы өз сөзінде …

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ Read More »

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ?

Соңғы кездері өңірімізде құстардың жаппай қырылуы тұрғындар арасында үрей туғызуда. Салдарынан дерт ошағы табылған бірқатар аудандардағы елді мекендер карантинге жабылып, ауру ошағы жойылған. Алайда мамандар құстардың құс тұмауынан емес, пастерел­лезден қырылғанын айтуда. Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін сала мамандарына жүгіндік. Биыл күзде алдымен Қызылжар ауданындағы Бугровое елді мекенінде, кейін Шаховское ауылында үй құстарының жаппай қырылып жатқандығы …

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ? Read More »