«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Бір оқу – қос диплом

Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен танысу, онда оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат беру үшін облыс ор­талығындағы мектептердің оқушы­ларымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен шараға қатысқан шетелдік меймандар оқу үрдісі қалай жүргізілетінін айтты. Жиын барысында келешекте қос­дипломдық бағдарламаға педагоги­калық бағытты қосу туралы әңгіме қозғалды. Америкадағы Аризона универ­ситетінің білім беру колледжінің де­каны Роберт Берри қаладағы бірне­ше мектепті аралап …

Бір оқу – қос диплом Read More »

Жекпе-жек клубы

Ғабит Мүсірепов атын­да­ғы ауданның Тахтаброд ауы­лында аралас жекпе-жек түр­лерімен айналысуға арналған спорт клубы ашылды. “Тахтаброд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан­ның бір бөлігін қалпына келтіруге 17 млн. теңге бағыттап, қысқа мер­зімнің ішінде коммуналдық жүйе­лерін ретке келтірді. Жуынатын және жаттықтырушылар бөлме­ле­рін салып, балалар мен ата-аналарды үлкен қуанышқа бө­леді. Негізгі залда тренажерлар жұ­мыс …

Жекпе-жек клубы Read More »

Орман қорған болмады

Учаскелік инспекторлар Айыр­тау ауданында орын алған заңсыз аң ату фактісін анықтады. Жұмыс ба­бымен ауылдардың біріне бара жат­қан полицейлер орманнан шаңғы із­дерін байқаған. Жолдың бойын тек­серу кезінде екі сібір елігінің еті та­былды. Сол маңда жүрген екі адам полицейлерді көре сала орманға жасырынған. Алайда олардың бі­реуін учаскелік полиция инспекторы танып қалған. Келесі күні жедел-із­дестіру іс-шаралары барысында заңсыз …

Орман қорған болмады Read More »

“Қарақоғадағы» қарақшылар

Өткен жылы Петропавл стан­ция­сындағы желілік поли­ция бө­лі­мінің мамандары 43 құқық бұ­зушылықты тіркеді. Олардың 25-і – қылмыс сана­тына жатқызылды. Пойыздарда жиі орын алатын қылмыстардың кең тараған түрі – есірткі тасымалы. Былтыр ма­ман­дар мұндай 10 фактіні анық­тап, заңсыз айналымнан 71 грамм синтетикалық затты тәркі­леді. Сондай-ақ вокзал аумағын­да ұрлық фактілері де тыйылар емес. 2022 жылы осындай қыл­мысқа барған …

“Қарақоғадағы» қарақшылар Read More »

Төртаяқты көмекшілер

Кинологиялық қызмет орталығы­ның өткен жылғы жұмысы қорытын­дыланды. Иттер қылмыстарды ашу­ға, жарылғыш, есірткі заттарын із­деуге және тағы да басқа мақсат­тарға пайдаланылады. Өткен жылдың тамыз айында осындай қылмыстарға шығу кезінде Гретта лақап аты бар қызметтік ит жалпы салмағы 49 килограмнан асатын марихуананы тауып алды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кино­логиялық қызмет орталығының бас­тығы, полиция майоры Самат Төле­баевтың …

Төртаяқты көмекшілер Read More »

Иіс тиген сәбилер

Облыс орталығында пешті дұ­рыс қолданбау салдарынан екі бала иіс тиіп уланып қалды. Об­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­таменті мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуын­ша, оқиға 23 қаңтар күні Петро­павлдағы Смирнов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 7 және 4 жастағы сә­билер бірден облыстық көпса­лалы балалар ауруханасына жет­кізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр. “Балалардың …

Иіс тиген сәбилер Read More »

Диқанның қалауы – озық техника

2022 жылы елімізде ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің көлемі 9,1 па­йызға артып, 9,3 трлн. теңгені құ­ра­ды. Бұл өсім негізінен өсімдік ша­руашылығы өнімін өндіру көлемін 15 пайызға ұлғайту есебінен болып отыр. Ауа райының қолайсыздығы егін жинау науқанына кері әсерін тигізген жоқ, соның нәтижесінде өнім берекелі болды. Соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары түсім алынды, яғни дәнді дақылдың 22,8 …

Диқанның қалауы – озық техника Read More »

Жаңашылдың жолы ашық

Былтыр әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына төрт жүзге жуық нәзікжан жүгінген. Мұнда ісін жаңа бастаған шағын бизнес өкілдеріне жеті бағыт бойынша 760 тегін қызмет көрсетіліпті. Бұдан бөлек, бизнес стратегиясын әзірлеу, оқыту (тренингтер, шеберлік сыныптары), қаржыландыру (краудфандинг, инвестиция, грант, лизинг), халықаралық жобаларға қатысу, тағы басқа мәселелер бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Орталық тәлімгері Әсел Есжанова жыл бойы он қыз-келіншекті …

Жаңашылдың жолы ашық Read More »

Арақтан бас тартқан ауыл

Ғабит Мүсірепов атында­ғы ауданның Ковыльное елді мекені көпке үлгі. Мұн­дағы тұрғындар осыдан 10 жыл бұ­рын спирттік ішім­діктерден бас тартқан болатын. Облыстық полиция депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, 405 тұрғыны бар ауыл­да соңғы жылдары бір де бір қыл­мыс тіркелмепті. Полицияның есе­бін­де тұрғандар да жоқ. Бір­неше жыл бұрын елді мекендегі ақса­қал­дар жастарға ішімдік ішу­ден бас тартуды ұсынады. Ха­лық …

Арақтан бас тартқан ауыл Read More »

Тасқынның алдын алу – тұрақты бақылауда

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралып, облыс әкімі Айдарбек Сапаров апаттың алдын алу бағытында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар жайлы баяндады. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдай келе және ақ қар астында мұз қабатының болуын ескере отырып, …

Тасқынның алдын алу – тұрақты бақылауда Read More »

Ербол Хамитов – әлем чемпионы!

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Спринтті 2:44:23 уақытта бағындырған ол жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Спортшы бірнеше күн бұрын Швецияда өтіп жатқан жаһандық додада парабиатлоннан қола жүлде жеңіп алған болатын. Жерлесімізді айтулы жетістігімен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. – Ербол Хамитов шаңғымен сырғанаудан спринтте әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ол әлем біріншілігінің …

Ербол Хамитов – әлем чемпионы! Read More »

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ КЕЛІСІМ

Елордадағы “Астана” халықаралық қаржы орталығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха республикасының басшысы Айсен Николаев кездесу өткізді. Екіжақты кездесу барысында екі өңір арасындағы ұзақмерзімді өзара тиімді байланысты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Айдарбек Сейпілұлы ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, Саха республикасының инвесторларын өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Астықты өлкенің экономикалық әлеуетін …

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ КЕЛІСІМ Read More »

Даланың дана перзенті

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына арналған “Даланың данасы” атты тарихи-әдеби кеш өтті. Шараға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары, мұғалімдер, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты. Алғашқы болып сөз сөйлеген еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Тілек …

Даланың дана перзенті Read More »

Жеңімпаздарға — жолдама

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің агротехнология факультеті ірі агро­компаниялармен серіктестік ор­натуды жалғастырып келеді. Жуырда аталмыш оқу орнында ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған препараттарды шығаратын “Август-Қазақстан” се­ріктестігінің мамандары болып, жо­ғары курс студенттеріне арнап дә­ріс оқып, зерттеу жұмыстары бай­қауын өткізді. Үш күнге созылған шара бары­сында компания мамандары білім алушыларға 10 сағат дәріс оқып, дәнді, майлы дақылдарды зиян­кес­терден …

Жеңімпаздарға — жолдама Read More »

Ербол ерледі

Жерлесіміз Ербол Хамитов ел тарихында парабиатлоннан әлем чемпионатында медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстан­дық атанды. Пара спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. Оған дүниежүзінің 18 елінен 102 спортшы қатысуда. Байрақты бәсе­кенің алғашқы күнінде Ербол Ха­митов парабиатлоннан 7,5 км қа­шықтықта сынға түсіп, қола жүл­деге ие болды. Ол екі ату кезеңінде бір рет қана мүлт …

Ербол ерледі Read More »

Жылды жеңіспен бастады

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Па­риж Олимпиадасының жеңімпазы атанған атақты балуан Анри Дег­ланды еске түсіруге арналған Гран-при турнирі аяқталды. Аталған жа­рыста солтүстікқазақстандық Эль­мира Сыздықова табысты өнер көр­сетті. Ұзақ үзілістен соң, боз кі­лемге қайта оралған Эльмира өзі­нің алғашқы додасында ел қоржы­нына алтын жүлде салды. Алғашқы белдесуінде неміс қызы Лаура Се­линнен басым түскен жерлесіміз одан …

Жылды жеңіспен бастады Read More »

Тәркіленген түйіншектер

Облыс полицейлері “Өрмек” же­дел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның аясында Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, “тұз” деген атпен белгілі “α-PvP” син­тетикалық есірткісінің ірі көлемі тәр­кіленді. Мұны растау және нақты сал­мақты анықтау үшін сараптама жүргі­зіледі. Сондай-ақ полицейлер есірткі жеткізуші курьерді ұстағанын хабарлады. Одан синтетикалық есірткінің 50 түйіншегі тәркіленге­нінін айта кеткен жөн. – Бұдан …

Тәркіленген түйіншектер Read More »

Заңдастырылған көліктер

Петропавлдағы маман­дандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталығында бір күннің ішінде шетелдік көліктерді заңдастыру үшін 58 адам жүгінді. Қазіргі күні олардың 10-ы рұқсат алып, “темір тұлпарларды” тіркеу мүмкіндігіне ие болды. Мамандардың айтуынша, ше­телдік көліктеруді тіркеу туралы өтініштерді облыс тұрғындары кез келген халыққа қызмет көр­сету орталығында немесе “e-gov” порталы арқылы жібере алады. Бұдан бөлек, “электрондық үкі­мет­тің” сайтында жабық …

Заңдастырылған көліктер Read More »

Суға сегіз жүз мың теңге қарыз

Петропавлдық отбасы­ның пай­да­лан­ған су үшін қа­рызы 800 мың тең­ге­ге жет­кен. Олар шамамен 20 жыл­дай пайдаланған су үшін ком­мунал­дық ақы төлемеген. Сумен қам­титын ком­пания соттың шешімімен борыш­кер­лерге қатаң шара қолда­на баста­ды. “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, Петропавл тұр­ғындары сумен қамтушы ком­па­нияға 30 млн. теңгеге жуық қа­рыз. Егер тұ­тынушы екі айдан ар­тық коммунал­дық ақыны …

Суға сегіз жүз мың теңге қарыз Read More »

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиында 2022 жылғы қылмыстың жай-күйі, полицияның сервистік моделін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. Облыс әкімі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын тоқсан …

Ведомствоаралық комиссияның отырысы Read More »