«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Өзге өңірлерге үлгі

Солтүстік Қазақстан облысы­ның агроөнеркәсіп кешеніндегі ин­вес­тициялық жобаларды қаржы­лан­дыру жөніндегі тәжірибесін әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорация­сы ар­қылы Қазақстанның өзге өңір­леріне тарату жоспарланып отыр. Бұл ту­ралы “Атамекен” Ұлт­тық кә­сіпкер­лер палатасы, Сауда министр­лігі, сон­дай-ақ Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нистрлігі басшылығы­ның қатысуы­мен өткен бизнес-қо­ғамдастық өкіл­дерімен кездесуде айтылды. Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Жеңіс Өсербайдың айтуын­ша, 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне ауыл шаруашы­лығы саласындағы инвестициялық жо­баларға …

Өзге өңірлерге үлгі Read More »

Жер пайдаланылмаса, салық еселенеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына орай өңірде жер заңнамасының нормаларын бұзу немесе сақтамау фактілерін анықтау бойынша нақты шаралар атқарылып жатыр. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, 368 тексеру жүргізді, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 544,1 мың гектарды құрады. 176,5 мың гектар егістік алқапқа, 366,9 мың гектар жайылымға …

Жер пайдаланылмаса, салық еселенеді Read More »

Біліктіліктерін арттыруда

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін республикалық оқу-әдістемелік жиындар басталды. Оған еліміздің барлық облыстарынан жүзден астам полиция қызметкері қатысуда. Оқыту барлық өңірлерден келген қызметкерлерді қамти отырып, екі кезең бойынша өтеді. Аталмыш курстарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев ашты. Ол жиындардың …

Біліктіліктерін арттыруда Read More »

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАЛДЫ

Былтыр 1 наурызда еліміздің бас партиясының атауы “Amanat” деп өзгертілді. Ребрендинг тек маң­дайшадағы жазуды ауыстыру ғана емес, сонымен қатар партия­ның жұмыс моделін, оның құрылы­мын түбегейлі қайта құру жолында­ғы маңызды қадам болып есепте­леді. Форумда сөйлеген сөзінде Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев партия­ның келешегі туралы айта келіп, Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі ауқымды міндеттерді ойдағыдай орындау үшін алдағы мақсат-міндет­терді айқындап …

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАЛДЫ Read More »

Дамуға дем берген бағдарлама

Биыл облыста “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 46 елді мекенде 50 жоба қолға алынады. Бұл мақсатқа 7,4 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр. “Ауыл – ел бесігі” республика­лық бағдарламасы облыста 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Оның аясында 2019-2021 жылдар аралығында 62 елді ме­кеннің әлеуметтік мәселелері ше­шімін тапты. Жалпы 119 жобаны жүзеге асыру мақсатында 17,2 …

Дамуға дем берген бағдарлама Read More »

“Тазыңды, жұртым, дұрыс бағалашы!”

Көшпенді қазақ жұрты итті жеті қазынаның біріне балап, мал-жанды қорғаушы әрі сенімді серігі ретінде бағалаған. Ал құмай тазыны иттің төресі санап, тек аңшылыққа, сал-серілікке пайдаланған. Тазы ит дегенде көз алдымызға қолында қыран бүркіті бар, желкесі тоқпақтай, сауырына қазан төңкергендей жарау атқа мініп, түлкі тымақ, қасқыр ішік киген қара мұртты, қапсағай денелі аңшы елестейтіні рас. Яғни …

“Тазыңды, жұртым, дұрыс бағалашы!” Read More »

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының қарауына облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін бекіту және облыстық сайлау комиссиясының құрамын толықтыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты мәслихат шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізу туралы мәселелер ұсынылды. Облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық …

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ Read More »

Денсаулық сақтау саласында түйткіл көп

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы 800-ге жуық адамға жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылып, ауруханаларға жатқызылған. Олардың 65 пайызы – балалар. Дәрігерлер бұл жағдайды коронавирустық пандемия кезеңінде бірқатар шектеулердің салдарынан кішкентай балалардың иммунитеті төмендеп кеткенімен байланыстырады. Жалпы облыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін …

Денсаулық сақтау саласында түйткіл көп Read More »

Тексеру комиссиясында – жаңа төраға

Облыстық тексеру комиссиясына жаңа төраға тағайындалды. Бұдан былай облыс бойынша тексеру комиссиясын Қайрат Сейітқожаев басқарады. Қайрат Күнтуғанұлы 1977 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперациясы институтын және Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тамамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы статистика комитетінің даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында экономикалық және статистикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері болып …

Тексеру комиссиясында – жаңа төраға Read More »

Туған жерін жырлаған

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Құнанбай Жахинның жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Өлең кешіне қолына қалам ұстаған жандар, ақынның жерлестері, туған-туыстары және жырсүйер қауым жиналды. Шара барысында кітап авторы­ның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, жастар өлеңдерін оқы­ды. Мезгілсіз дүниеден өткен Құ­нанбай Жахинды үзеңгілес достары ұмыт қалдырмай, 60 жылдық мерей­тойына орай шығармаларын жинақ­тап, “Өмірді өлеңмен өлшегем…” …

Туған жерін жырлаған Read More »

“Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?”

Биыл қасиетті Қызылжар топырағында дүниеге келіп, ғұмы­рын алаш жұртының бақытына, Тәуелсіздігіне арнаған ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Өткен ғасырдың отызыншы жыл­да­ры “Мен қазақпын” деп тайсал­май, жүректі кернеген мақтанышпен айта алатын ұлттық элита түгелдей дерлік қуғындалып, мұның аяғы отыз жетінің ойранына ұласты емес пе! Жазықсыз жапа шеккендердің қатарында Мағжан ақын да болды. 1937 …

“Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?” Read More »

Пара алды деген күдікке ілікті

Петропавл қалалық Мәде­ниет үйінің директоры пара алды деген күдікке ілініп, тер­ге­­ліп жатыр. Облыс бойынша сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызметтің басшысы Сергей Перов бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі бойынша мәдениет саласының лауазымды тұл­ғасына қатысты сотқа дейінгі тер­геу жүргізілуде. “Лауазымды тұлға жалпы сома­сы 8 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орын­дал­ған …

Пара алды деген күдікке ілікті Read More »

Тонау төмендеді

Облыс аумағында былтыр тонау 20 пайызға төмендеді. Мұндай нә­тиже қылмыстардың осы түрінің ал­дын алудан және оларды ашу дең­гейінің артуынан мүмкін болған. Көп жағдайда тонауды бұрын істі болған адамдар жасап жатады. Мәселен, өт­кен жылдың мамыр айында С.Мұқа­нов көшесіндегі үйдің жанында Пет­ропавл тұрғынына бас бостандығы­нан айыру орындарынан екі ай бұ­рын ғана босап шыққан 40 жастағы азамат шабуыл …

Тонау төмендеді Read More »

Жас акробаттар жеңісі

Облыс орталығында жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатика және акробаттық жолақ пен батутта секіруден Қазақ КСР-дың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті. А.Ямпольский атындағы тур­нир 1970 жылдан бері дәстүрлі түр­де өткізіліп келеді. Аталмыш сайыс­қа ең үздік спортшылар жиналды. Өзге елдің акробатшылары да білік­тіліктерін арттыру мақсатында сын­ға түседі. – Биылғы сайысқа …

Жас акробаттар жеңісі Read More »

Жарыс жолында – шаңғышылар

Петропавлда шаңғымен сырға­наудан облыс чемпионаты өтіп жа­тыр. Оған өңірдің барлық ауданда­рынан спортшылар қатысуда. Үш күнге созылатын жарыста өңіріміздің 200-ге жуық спортшысы төрт жас санаты бойынша сайыс­пақ. Үздік атанғандар өңір намысын республикалық біріншілікте қорғай­тын болады. – Жарыстың алғашқы күні клас­сикалық спринт бойынша сайыс­тар өтеді. Қалған күндері шаңғышылар еркін және аралас эстафета бағдарламаларында өзара мық­тыны анықтайды. Ширек …

Жарыс жолында – шаңғышылар Read More »

Прокурорлық қадағалау бәсеңдемейді

Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтың төрағалығымен өткен алқа отырысында ведомоствоның 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды. Былтыр 132 тексеру жүргізіліп, 909 заң бұзушылық анықталды, оның 542-сі жойылды. 402 қадағалау актісі енгізіліп, 18599 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. 561 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актілері бойынша 621 млн. теңге өндіріліп алынды, мемлекеттік кіріске 387,5 млн.теңге …

Прокурорлық қадағалау бәсеңдемейді Read More »

Әжелер салған ән қандай!

Халқымыздың мерей тұтар, мақтаныш етер асыл мұрасы, за­­ма­на сүзгісінен өткен – халық әндері. Халық әндері салт-дәс­­түрге, әдет-ғұрып, көңіл күйге, белгілі бір тақырыпқа бай­ла­нысты шығып отырған. Шал ақын аудандық мәдениет үйінің, “Ата­мұра” қазақ ұлттық орталығының жанынан, осыдан 18 жыл бұрын “Балқадиша мұрасы” деп аталатын әжелер ансамблі құрылған бо­латын. Бірнеше облыстық байқаулардың жеңімпазы атанған ұжым алдағы уақытта …

Әжелер салған ән қандай! Read More »

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕР

Ұлы Отан соғысының ардагері Қабен Мырзағұлов 100 жасқа толды. Қарт майдангерді бір ғасырлық мерейтойымен Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қорғаныс істері жөніндегі басқармасының штаб бастығы құттықтады. Қабен Егімбайұлы 1923 жылы қаңтардың 14-і Шал ақын ауданын­дағы Ысқақ Ыбыраев ауылында дү­ниеге келді. Бақытты балалық шағы туған ауылында өтті, сонда алғаш мектеп табалдырығынан аттады. …

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕР Read More »

БЕС АУЫЛДЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ

Қызылжар өңірінде кейінгі жыл­дары жер дауы әлсін-әлсін туындап, оған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер май құйып жатады. Соған қарамастан, неше түрлі алаяқтардың алдауына түсіп, жер үлестерінен айырылып қалған ауылдар тұрғындарының әділдікке жеткендері жоқтың қасы. Әзірше тек Айыртау ауданындағы көршілес қон­ған бес ауылдың бас көтерер аза­маттары ғана білек біріктіре қимыл­дап, ұзаққа созылған жер дауын жеңіспен …

БЕС АУЫЛДЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ Read More »

Аялы алақан

“AMANAT” партиясының Ақжар аудандық филиалы бес жасар жетім бала Константин Ткаченкоға қамқор­лық көрсетті. “Денсаулық” бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудан­дық аурухананың бас дәрігері Шол­пан Сәбитованың бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер Нұрлығайын Байгереева мен Орынба­сар Ысқақова қатысты. Сырқат бала ауруханаға түскен кезде салмағы небәрі 5 килограмм ғана болыпты. Отыра да, жүре де, сөйлей де алмаған, …

Аялы алақан Read More »